103) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
104) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
105) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
106) ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
107) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
108) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
109) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринар дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
110) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлейді және бекітеді;
111) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлейді және бекітеді;
112) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
113) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
115) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
116) жануарларды карантинге қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
117) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
118) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
119) ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
120) жануарларға қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121) шектеу іс-шаралары мен карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
122) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
123) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;
124) ветеринария саласындағы нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
125) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
126) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
127) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi әзірлейді және бекітеді;
128) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
129) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
130) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
131) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
132) ветеринариялық іс-шаралар жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
133) селекция, сорт сынау және тұқым шаруашылығы бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлейді;
134) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
135) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға арналған субсидиялардың нормативтерін айқындайды;
136) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
137) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
138) мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алаңының бiр гектарына арналған шығындар нормативтерiн әзірлейді және бекітеді;
139) республикадағы және шет елдердегі өсімдік шаруашылығы саласының жай-күйі ахуалын зерделейді;
140) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестер құрады;
141) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптасыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
142) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөнінде кеңестер құрады;
143) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша ақпарат береді;
144) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
145) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзірлейді;
146) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдайды, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асырады;
147) агроөнеркәсiптiк кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
148) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы нормативтік құқықтық базаны, бағалық, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру, сондай-ақ техникалық реттеу мен мемлекет саясат саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
149) агроөнеркәсiптiк кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
150) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту бойынша іс-шаралар әзірлейді;
151) азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізеді;
152) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
153) агроөнеркәсiптiк кешеннің дамуына мониторинг жүргізеді;
154) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға қатысатын ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
155) ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемаларын әзiрлейдi және бекітеді;
156) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының запастарын есепке алу нысандары мен есептілік ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
157) өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
158) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін әзірлейді;
159) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру мен оларды сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
160) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
161) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзiрлейдi және бекітеді;
162) ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзiрлейдi және бекітеді;
163) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
164) салалық көтермелеу жүйесін бекітеді;
165) «Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсібі бойынша үздік» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлейді;
166) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастырады;
167) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын әзiрлейдi және бекітеді;
168) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
169) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандырушы қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
170) мыналарды:
тұқым шаруашылығын дамытуды;
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
кредиттер мен технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
171) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» салаларындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындайды;
172) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
173) «электрондық үкімет» қалыптастыруды, мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары мен мемлекеттік ақпарат жүйелерін, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытуды, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
174) мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары мен мемлекеттік ақпарат жүйелерін есепке алуды және тіркеуді, сондай-ақ депозитке салуды қамтамасыз етеді;
175) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма жұмысы бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке және сараптамалық ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын әзiрлейдi және бекітеді;
176) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
177) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
178) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
179) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеуі қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
180) мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
181) мақта өңдеу ұйымдарына қабылдап алу кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
182) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
183) мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, оларды жою және өтеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
184) кепіл туралы мәліметтер бар қойма куәлігін ұстаушының талап етуі бойынша мақта босату тәртібін айқындайды;
185) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
186) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
187) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
188) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге қатысады;
189) тиісті салада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
190) тиісті салада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
191) ғылым саласындағы уәкілетті органға «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізеді;
192) ғылым саласындағы уәкілетті органға «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
193) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітеді;
194) Министрлік реттейтін салада акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
195) стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;
196) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
197) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және оның нәтижелерін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
198) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихаттау және насихаттауға қарсы қызметті жүргізеді;
199) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
200) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
201) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
202) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
203) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бағалау жүргізу үшін агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және оны бақылау бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
204) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерді қолжетімді етеді;
205) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
206) көрсетілетін қызметті берушілердің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
207) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептілік, тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді;
208) стандарттар, нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелер және ұсынымдар әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
209) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп, кәсіптік стандарттар әзірлейді;
210) реттелетін салада кадрларға қажеттілікті айқындайды;
211) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау және оны беру тәртібін бекітеді;
212) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және салалық жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
213) ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
214) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді;
215) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және олармен күресу тәртібін әзірлейді;
216) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады;
217) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындайды;
218) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;
219) аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
220) конкурстық негізде су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін айқындайды;
221) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды;
222) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
223) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
224) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
225) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
226) Қазақстан Республикасының Үкіметіне биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді;
227) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
228) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алу көлемі бойынша ұсыныстар енгізеді;
229) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
230) орман шаруашылығы саласындағы көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
231) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
232) Қазақстан Республикасы Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алу туралы ұсыныс енгізеді;
233) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
234) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құрметті атақтарды, төсбелгілерді және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
235) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
236) су айдындарын балықтандыру, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
237) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
238) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
239) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
240) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдануы, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдануы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
241) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
242) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
243) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төлемақының мөлшерін бекітеді;
244) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
245) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
246) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекітеді;
247) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;
248) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын әзірлейді және бекітеді;
249) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді, тапсырыстарды жүзеге асырады;
250) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы қолда бар ұлттық стандарттарды және стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
251) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;