12) 90-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығы туындаған жағдайда, қауіпсіздігі аралас мекеменің әкімшілігі осы Кодекстің 162-бабының бірінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-шараларды орындауға міндетті.»;
13) 91-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталғандардың орнын ауыстырған кезде олар бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларына сәйкес маусым бойынша киіммен, аяқкиіммен, сондай-ақ сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.»;
14) 92-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуі тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар қауіпсіздігі аралас мекемелерде немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім олардың келісімімен, мекеме комиссиясы материалдарының негізінде қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды толық қауіпсіз мекемеге жіберу оның бастығымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру не толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
алтыншы бөліктегі «үшінші, төртінші және бесінші» деген сөздер «үшінші және төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға;»;
15) 93-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Әрбір сотталған адамға жеке іс арналады.
Бұл ретте жеке істерді есепке алу жазбалары жариялануға жатпайды және кәсіптік міндеттері осындай есепке алу деректеріне қолжетімділіктің болуын талап ететін адамдарға ғана беріледі.»;
16) 94-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы бөліктің күші қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге қолданылмайды.»;
17) 95-бапта:
үшінші бөліктегі «сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болуы;» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кемінде бір көтермелеуі, бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі екінші оң мінез-құлық;
3) кемінде бір көтермелеуі, екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір және одан көп жыл бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;»;
18) 96-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сотталғандар сот үкімі, қаулысы бойынша тағайындалған мерзiмнiң кемiнде жартысын толық қауіпсіз мекемеде өтегеннен кейін - толық қауіпсіз мекемеден төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары немесе орташа қауіпсіз мекемеге;»;
үшінші бөліктің 2) тармақшасындағы «мекемеге;» деген сөз «мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Дәрежесі үшінші теріс мінез-құлыққа ие және осы Кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты сотқа орташа, барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемеден - олар толық қауіпсіз мекемеге қайдан жiберiлсе, сол қауіпсіздік түрiндегi мекемеде жазаның қалған мерзiмiн өтей отырып, үш жылдан аспайтын мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.
Бұл ретте сотқа ұсыну сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы қаскөйлікпен бұзушылығы үшін өзіне жеке адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасы қолданылғаннан кейін жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылықты жасаған жағдайда енгізіледі.
Сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедек болып табылатын сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.
3-2. Мекеме әкімшілігі осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінде көзделген мекеменің түрін өзгерту туралы ұсынумен сотқа жүгінген жағдайда, мұндай ұсыну мен материалдардың көшірмелері келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
«8. Егер сотталған адамды мекемеден осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінің тәртібімен ауыстыруға негіз болған тәртіптік жазаның күшін прокурор немесе сот жойса, мекеме әкімшілігі мекеменің түрін сотталған адам ауыстырылған қауіпсіздік түріндегі мекемеге өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхатпен жүгінуге міндетті, ал сотталушы құқылы.»;
19) 102-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, прокурорды қауіпсіздік шараларының қолданылуы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.»;
20) 104-бапта:
бірінші бөлік 5) тармақшасындағы «иелік етуге құқығы бар.» деген сөздер «иелік етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне қатысты есепке алу жазбаларына қол жеткізуге, сондай-ақ мұндай есепке алу жазбаларының ресми көшірмелерін алуға құқығы бар.»;
үшінші бөліктің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жұбайын (зайыбын) және жақын туыстарын, сондай-ақ сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге;»;
21) 105-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе банктік төлем карточкаларындағы қаражат есебінен шектеусіз қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға құқылы.»;
22) 108-бапта:
бірінші бөліктегі «мен жеделхаттар» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік «орташа қауіпсіз» деген сөздерден кейін «және қауіпсіздігі аралас» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толтырылсын:
«7. Сотталған адам мекемеден кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, оның жазасын өтеу орны бойынша жөнелтіледі.»;
23) 119-бап мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«10. Еңбек объектілерінде ұжымдық еңбек даулары, төтенше жағдайлар және оқиғалар туындаған жағдайда мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды және прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.
Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және прокурор мұндай хабарламаны алған соң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.»;
24) 127-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, емдеу-профилактикалық мекемелерінде, тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында жатқан, сондай-ақ мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға өз бетінше бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу үшін жағдайлар жасалады.
5. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм алуға ұмтылыс көтермеленеді және сотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау және мінездемелерін жасау кезiнде ескерiледi.»;
25) 131-бапта:
бірінші бөлікте:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «алты» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Сотталған адамға қатысты жазалау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
26) 132-бапта:
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Тәртіптік изоляторда және жалғыз адамдық камерада ұстау мерзімі көрсетілген үй-жайларға нақты жабылған күннен бастап есептеледі.»;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
жетінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы бұзушылығы үшін тәртіптік изоляторға жабу түріндегі жазасы бар сотталған адамға қатысты ғана жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасын қолдануға жол беріледі.»;
27) 141-бапта:
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалары болмаған кезде кемінде он жылдан кейін жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына ауыстыру жүргiзiледi.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді кездесу алуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Жеңiлдетiлген жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты жеті айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
3) бір жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Қатаң жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
3) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi кездесу алуға құқылы.»;
28) 143-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сотталғандардың:
1) мобильді байланыс құралдарын;
2) компьютерлік жабдықты, аудио-, фото- және бейнежазу функциялары бар құралдарды;
3) атыс қаруын және суық қаруды;
4) жарылу қаупі бар және жарылғыш заттарды;
5) есірткі немесе психотроптық заттарды;
6) әскери үлгідегі киімді;
7) алкогольдік ішімдіктердің барлық түрін;
8) дәрігердің рұқсатынсыз құрамында есірткі бар медициналық препараттарды қоспағанда, нәрселер мен заттарды мекеменің аумағына әкелуіне, пайдалануына және сақтауына рұқсат етіледі.»;
бесінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңда өз отбасымен тұруға рұқсат беру не одан бас тарту, сондай-ақ осы құқықты ұзарту не оның күшін жою мекеме бастығының не мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес оны алмастыратын адамның қаулысымен ресімделеді. Қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
29) 147-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сотталғандарды ұстауға арналған камералар санитариялық талаптарға сәйкес жабдықталады.»;
30) 150-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Шешімнің көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
31) 154-бапта:
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Сотталған адамға қатысты жазалау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Сотталғандар уақытша оқшаулау үй-жайынан емдеу-профилактикалық мекемелерге, сондай-ақ медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстырылған жағдайда, олардың көрсетілген емдеу мекемелерінде болу мерзімі жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.»;
32) 170-баптың екінші бөлігіндегі «оған» деген сөз «оған және прокурорға» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 423-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«423-бап. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау»;
2) 54-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге басқа қатысушылардың өтінішхаты бойынша осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-құлқына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:»;
3) 64-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы Кодекстің 73, 73-1 немесе 73-2-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушілермен, арыз иелерімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянын жуып-шайса, сот оларды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.»;
4) 73-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 73-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер -
ескерту жасауға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 73-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер -
ескерту жасауға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 423-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«423-бап. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау
Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау -
лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды насихаттау деп айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, есiрткi, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуды немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауды түсiнген жөн.
2. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуына және өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы ақпаратты кез келген жерде, кез келген нысанда, кез келген тәсілмен таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.»;
8) 517-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
1) үш тәулік ішінде -
ескерту жасауға алып келеді;
2) үш тәуліктен астам бес тәулік өткенге дейін -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді;
3) бес тәуліктен астам он тәулік өткенге дейін -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.»;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші және үшінші бөліктерінде» деген сөздер «үшінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 518-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу не олардың» деген сөздер «шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайға нақты тұратын жерінің сәйкес келмеуі» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
10) 608-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-бөліктермен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
11) 612-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы «бес» деген сөздің алдынан «ескерту жасауға не» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «он бес» деген сөздер «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-бөліктің екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «не он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 613-бапта:
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»;
алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;
тоғызыншы бөліктегі «жиырма» деген сөз «жиырма бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «жетінші, сегізінші,» деген сөздер алып тасталсын;
13) 669-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«669-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау
1. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау -
жеке тұлғаларға - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не жеті тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
14) 684-баптың бірінші бөлігінде: