6. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
3) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығын қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;
5) жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендердің жерлеріне және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;
6) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығын қоспағанда, көлік құралы салығы;
7) мыналарға салынатын акциздер:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы жасалған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішке, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға;
8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
9) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
10) жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
11) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
12) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
13) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
14) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
15) республикалық бюджетке есепке жатқызылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.
Бірыңғай жер салығы облыстық маңызы бар қаланың бюджетіне түсетін салықтық түсім болып табылады.
Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары;
6) шетелдіктер үшін туристік жарналар;
7) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
Облыстық бюджеттен және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен берілетін трансферттер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің есебіне жатқызылады.
7. Мыналар аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;
2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;
4) бірыңғай жер салығы;
5) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығы;
6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде;
елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы.
Мыналар аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;
4) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
Мыналар аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін трансферттер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
8. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітілетін бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер немесе кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері нысаналы трансферттерді немесе кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді (қайта бекітеді).
Республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын бекітілген (қайта бекітілген) күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының назарына жеткізеді.
Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын бекітілген (қайта бекітілген) күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының назарына жеткізеді.
Бюджеттік бағдарламалар бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемі мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі.
Бюджеттік бағдарламаларға осы Кодексте айқындалған жағдайларда және тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
9. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығын білдіреді.
Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестицияларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, трансферттерді төлеуге және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жалпыұлттық басымдықтардың жаңа бағыттарын іске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және бұрыннан бар бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімге есеп-қисаптар мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады.
2025 қаржы жылына арналған бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын қараңыз
10. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттен төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.
Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.
Дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары және қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым нысаналы салымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын нысаналы салымның пайдаланылуы туралы есептілікті тоқсан сайын қалыптастырады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұсынады.
Нысаналы салымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы салымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - орталық салалық мемлекеттік органдар айқындайды.
Нысаналы салымды пайдалану туралы ақпарат жариялануға жатады.
11. Халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға республикалық бюджеттен төленетін, тек қана ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға, органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге және қаржыландыруға арналған өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.
Халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым тек қана ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті тоқсан сайын қалыптастырады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады.
Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - орталық салалық мемлекеттік органдар айқындайды.
Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы ақпарат республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі және жариялануға жатады.
Халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымның басшысы тек қана органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін, дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының басшылары және қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларында, іс-шаралар жоспарларында, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларында және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу;
бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың негізділігі мен анық болуы, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) ұсынудың толық әрі уақтылы болуы;
бюджет қаражаттарының пайдаланылуы туралы есептердің негізділігі мен анық болуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
12. Республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің көрсетілгеніне ақы төлеу үшін;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы жарна болып табылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның даму жоспарында айқындалған нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен нысаналы жарнаның пайдаланылуы туралы есептерді қалыптастырады.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган нысаналы жарнаның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Нысаналы жарнаны пайдалану туралы ақпарат жариялануға жатады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы, тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларында, іс-шаралар жоспарларында және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу;
бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың негізділігі мен анық болуы, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) ұсынудың толық әрі уақтылы болуы;
бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептердің негізділігі мен анық болуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары осы Кодексте белгіленген тәртіппен әзірленеді, бекітіледі және өзгертілуге жатады.
14. Түсімдер бойынша бюджеттерді атқару, міндеттемелерді қабылдау, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, бюджет қаражатының 2025 жылғы 1 қаңтардағы қалдығын пайдалану, 2025 жылы бюджеттерді нақтылау, секвестрлеу және түзету, мониторингтеу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
15. 2025 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау, түзету және атқару кезінде:
1) осы Кодекстің 15-бабы мынадай редакцияда қолданылады:
«Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың шығыстары мынадай бюджеттік бағдарламалар:
мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, бір функционалдық топ бойынша сыныпталады.
Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, күрделі шығыстар мен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған шығыстарды қоспағанда, бір функционалдық топ бойынша, мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша сыныпталады.»;
2) республикалық бюджеттің шығыстары бойынша осы Кодекстің 30-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
«қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;»;
3) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары бойынша осы Кодекстің 31-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
«3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:»;