37) 152-1-бап алып тасталсын;
3-тармағының 38) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
38) 153-бапта:
тақырыптағы «тексеру жүргiзу» деген сөздер «бақылауды жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
«тексеру жүргiзу нәтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң» деген сөздер «бақылауды және қадағалауды жүргізу нәтижесінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2-тармағына» деген сөздерден кейін «және 143-бабының 3-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «Тексерiлетiн субъектiге» деген сөздер «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 39) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
39) 154, 155, 156 және 157-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«154-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау жүргізу кезінде:
1) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау мен қадағалау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін алуға, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруға;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;
5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қоюына және өтінумен жүгінуіне тыйым салынады.
3. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты бақылау мен қадағалау субъектісіне беруге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне - бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайда - бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні не «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етуге;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
155-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау мен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу жиілігі сақталмаған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол бір мәселе бойынша өзіне бұрын бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындаған;
егер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылауда өрескел бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексерулер тағайындалған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы бір актіде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілетін бірнеше бақылау мен қадағалау субъектісі көрсетілген;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін осы Кодексте белгіленген мерзімнен асыра ұзартқан;
осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актіге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңда негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;
6) өзінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге қатысу үшін тартуға құқылы.
2. Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізген кезде, бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:
1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру аяқталған күні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің белгіленген мерзімдерінде бақылау және қадағалау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.
156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығы
1. Егер бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын, осы Кодексте белгіленген талаптарды өрескел бұза отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру актісі және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бұзуының дәлелдемесі бола алмайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік, оның ішінде алқалы органның, органның немесе соттың бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы осы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру актісінің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау мен қадағалау субъектісінің өтінішін қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы бақылау мен қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.
2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзуға:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімдерін сақтамау;
4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің кезеңділігін бұзу;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;
7) бақылау және қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындауы;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру туралы актіні құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу;
9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдерін бұзу;
10) осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай алдын ала профилактикалық бақылау жүргізусіз бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жатады.
157-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
1. Бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодекстің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының қылмыстық істі тергеп-тексеруге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»;
40) 309-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға осы Кодекстің 82-бабының 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары бойынша қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың күшін жою немесе оларды қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізеді;».
4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін не шетелдік жұмыскер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы немесе еңбекші көшіп келушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілген рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;»;
2) 30-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың, еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.».
5. 2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
5-тармағының 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) бүкіл мәтін бойынша «профилактикалық бақылау мен қадағалау», «профилактикалық бақылау мен қадағалаудың», «профилактикалық бақылау мен қадағалауды», «профилактикалық бақылау және қадағалау» деген сөздер тиісінше «профилактикалық бақылау», «профилактикалық бақылаудың», «профилактикалық бақылауды», «профилактикалық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 2) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) 3-баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, мұндай сатып алуды арнаулы мемлекеттік органдардың медициналық бөлімшелері жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда;
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, мұндай сатып алуды арнаулы мемлекеттік органдардың медициналық бөлімшелері жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда;
3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберiнде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;»;
5-тармағының 3) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 6-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды;
4) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды;»;
5-тармағының 4) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 7-бапта:
49) тармақша «көлемі» деген сөзден кейін «, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4), 59-5) және 59-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«59-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59-2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін айқындайды;