32. «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3-тармағында:
1) тармақшадағы «пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өздеріне қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамды босатуға дайындау.»;
2) 3-бапта:
5) тармақшадағы «пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «өздеріне пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар, олардың құқықтары мен міндеттері»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «Өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «Өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) пробациялық бақылаудың тәртібі мен шарттарын орындауға және сақтауға;»;
2) тармақша алып тасталсын;
4) 5-баптың 3-тармағындағы «әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
5) 6-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
6) 9-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынудың көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «көмек алуды ұсыну және одан бас тарту» деген сөздер «көмек алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-баптың 1) тармақшасындағы «күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі» деген сөздер «сотқа дейінгі баяндаманы дайындау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пробация қызметі осы Заңның 9-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен алынған мәліметтер негізінде сот талқылауы басталғанға дейін сотқа дейінгі пробация қолданылатын адамға ұсынылатын сотқа дейінгі баяндаманы жасайды.»;
5-тармақтағы «Бұл ретте адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес жалғасады.» деген сөздер алып тасталсын;
9) 14-бапта:
1-тармақтағы «, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың үшінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы «және оның көмегін алуы» деген сөздер алып тасталсын;
10) 15-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
11) 16-бапта:
3 және 4-тармақтардағы «пробация қызметі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп» деген сөздер «қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Пенитенциарлық пробация қолданылатын сотталғандардың өтініші бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі босатылғаннан кейін өздері таңдаған тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, олардың:»;
7-тармақтың бірінші абзацындағы «Пробация қызметі» деген сөздер «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 17-бапта:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ пробация қызметінің әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша жәрдемдесуі» деген сөздер «оның тұрғылықты жері бойынша полиция жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүгіну арқылы олардың бастамасы бойынша оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
13) 18-баптың 4) тармақшасындағы «кәмелетке толмаған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
14) 19-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «және оған қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көлемін айқындау» деген сөздер алып тасталсын.
33. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 1-тармағындағы «даму жоспарлары» деген сөздер «даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын, 5), 6), 7), 8), 10), 11), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларын, 3-тармағының 20) тармақшасын, 21) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7, 11, 15 және 32-тармақтарын;
2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 2-тармағы 4) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 5-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 10), 17), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшаларын, 8, 9 және 20-тармақтарын;
3) мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2), 3), 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларын;
4) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3-тармағының 4), 11) және 12) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 14) тармақшасының үшінші абзацын, 15) тармақшасын, 18) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 21) тармақшасының төртінші - жетпіс жетінші абзацтарын, 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38) және 39) тармақшаларын, 5-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларын, 22-тармағын, 24-тармағының 4) тармақшасын, 26-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 10) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының екінші - алтыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 17) тармақшасының төртінші абзацын, 18) тармақшасын және 30-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 15-тармағы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 30 желтоқсан
№ 95-VII