ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 3-бапта:
1-тармағының 1) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақтағы «ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «пара мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақта:
«253-бапта - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «253-бапта - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын заңсыз сыйақы мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«366 және 367-баптарда - он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «366 және 367-баптарда - он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын пара мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 1) тармақшасының алтыншы - он бесінші абзацтары 2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
28) тармақта:
«сайланған адам» деген сөздерден кейін «(мәслихат депутатын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты» деген сөздер «және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге немесе қаржыландыруға немесе іске асыруға немесе мониторингтеуге қатысатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әрекет ететін» деген сөздерден кейін «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның және» деген сөздермен толықтырылсын;
«; мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелері» деген сөздермен толықтырылсын;
37-1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37-1) халықаралық ұйымның лауазымды адамы - халықаралық шарт негізінде мемлекеттер құрған халықаралық ұйымда басшы лауазымды атқаратын және (немесе) халықаралық қызметші болып саналатын адам, сондай-ақ осындай халықаралық ұйым өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам;»;
мынадай мазмұндағы 37-2) және 37-3) тармақтармен толықтырылсын:
«37-2) шетелдік көздерден алынған қаражат - шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар берген ақша және (немесе) өзге де мүлік;
37-3) шет мемлекеттің лауазымды адамы - шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам, сондай-ақ шет мемлекет өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам;»;
1-тармағының 1) тармақшасының он алтыншы - он тоғызыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
38) тармақта:
«247-бапта - үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын, адам алған сома немесе оған көрсетілген қызметтер құны;» деген сөздер «247 және 247-1-баптарда - үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын заңсыз сыйақы мөлшері;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«253-бапта - бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «253-бапта - бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын заңсыз сыйақы мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«366 және 367-баптарда - үш мыңнан асатын және он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «366 және 367-баптарда - үш мыңнан асатын және он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі пара мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 41-баптың бірінші бөлігіндегі «пара сомасына немесе құнына, берілген ақша сомасына немесе берілген мүлік құнына» деген сөздер «пара, берілген заңсыз сыйақы сомасына немесе құнына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 50-баптың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және: мемлекеттік қызметте лауазымдарды;
судья лауазымдарын;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымдарын;
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымдарын;
мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын орындауға байланысты, сондай-ақ көрсетілген ұйымдарда сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруға не мемлекеттік бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге немесе қаржыландыруға немесе іске асыруға немесе мониторингтеуге байланысты дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымдарды;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тікелей мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізуді көздейтін лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.»;
1-тармағының 4) - 9) тармақшалары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 247-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органның не мемлекеттік ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам болып саналмайтын жұмыскерінің, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерінің заңсыз сыйақы берген адамның немесе оның өкілі болған адамдардың пайдасына өз міндеттерінің аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін өзіне немесе басқа адамдарға мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы алуы -»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) ірі мөлшерде;
2) қорқытып алу жолымен жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы бес айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның өз міндеттері аясына кіретін жұмысты бұрын орындағаны немесе қызметті бұрын көрсеткені үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды және ол тәртіптік ретпен қудаланады.»;
5) мынадай мазмұндағы 247-1-баппен толықтырылсын:
«247-1-бап. Заңсыз сыйақы беру
1. Мемлекеттік органның не мемлекеттік ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам болып саналмайтын жұмыскеріне, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскеріне заңсыз сыйақы берген адамның не оның өкілі болған адамдардың пайдасына өз міндеттерінің аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы беру -
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпелер.
1. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы бес айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамға оның міндеттері аясына кіретін жұмысты бұрын орындағаны немесе қызметті бұрын көрсеткені үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде беру маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды.
2. Егер заңсыз сыйақы берген адамға қатысты осы баптың бірінші бөлігінде аталған адам тарапынан заңсыз сыйақыны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам заңсыз сыйақыны бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
6) 253-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алатын адамның немесе оның өкілі болған адамдардың мүдделерінде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшін мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы беру -»;
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «іс-әрекеттер» деген сөз «іс-әрекет» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алатын адамның немесе оның өкілі болған адамдардың мүдделерінде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшін өзіне немесе басқа адамдарға мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы алуы -»;
екінші абзацтағы «берілген ақшаның немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылып, «сомасы» деген сөз алып тасталсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«іс-әрекеттер, егер оларды» деген сөздер «іс-әрекет, егер оны» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші абзацтағы «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертулердің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде беруі немесе алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды.»;
7) 366-бапта:
тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«366-бап. Параны талап ету немесе алу
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның не шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушінің немесе оның өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін өзіне немесе басқа адамдарға мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде жеке өзі немесе делдал арқылы параны талап етуі немесе алуы -»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін пара алу» деген сөздер «заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік)» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпелер.
1. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алғаш рет алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды және әкімшілік тәртіппен қудаланады.
2. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алғаш рет талап етуі маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды және тәртіптік ретпен қудаланады.
3. Егер параны талап еткен адам параны талап еткені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
8) 367-бапта:
тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«367-бап. Параны ұсыну, уәде ету немесе беру
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға не шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына пара берушінің не оның өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін жеке өзіне немесе делдал арқылы параны ұсыну, уәде ету немесе беру -»;
ескертулер мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпелер.
1. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде аталған адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алғаш рет беру маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды және әкімшілік тәртіппен қудаланады.
2. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде аталған адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде ұсыну немесе уәде ету маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды.
3. Егер параны ұсынған, уәде еткен немесе берген адамға қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде аталған адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам параны ұсынғаны, уәде еткені немесе бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
9) 417-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату
1. Заңсыз сыйақы алуға арандату, яғни мемлекеттік органның не мемлекеттік ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам болып саналмайтын жұмыскеріне, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскеріне қылмыстық құқық бұзушылық жасау дәлелдемелерін қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келісімінсіз мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы беруге әрекет ету -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамға қатысты жасалған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекет -
алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Пара алуға арандату, яғни осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына қатысты жасалған іс-әрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 60-баптың бірінші бөлігіндегі «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі» деген сөздер алып тасталсын;
2) 61-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы алып тасталсын;
3) 187-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемде:
«186 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 216 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 218-1 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын;
«360, 375,» деген цифрлар «307 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 360, 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 375,» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші сөйлем алып тасталсын;
үшінші, төртінші, 4-2 және 4-3-бөліктер алып тасталсын;
2-тармағының 3) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың 3-тармақшасы тоғызыншы абзацының қолданысы 2026 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрады, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабы 3-тармағының редакциясында қолданылады
«5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149 (екінші және үшінші бөліктерінде), 174, 182, 247 (үшінші бөлігінде), 247-1 (үшінші бөлігінде), 255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 297-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 362 (бірінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 370-1, 370-2 (екінші және үшінші бөліктерінде), 371, 388-1, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 413, 414 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 415, 416 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 437 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртінші бөлігінде), 442 (төртінші бөлігінде), 444, 450, 451, 452, 452-1, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 412, 412-1 және 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша осы органның қызметкері болып саналмайтын адамға қатысты алдын ала тергеп-тексеруді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.»;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
жетінші бөліктегі «258-бабында» деген сөздер «218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 218-1 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде, төртінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 258, 262, 263, 264, 265, 266, 416 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 417, 419 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),420, 421,422, 423,424,425, 432,434, 435-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 191-бапта:
2-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
екінші бөліктегі «247 (үшінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
он бірінші бөліктегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармағының 4) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
он алтыншы бөлік «247 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «247-1 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
19-1 және 19-2-бөліктердегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» деген сөздер «ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма төртінші бөліктегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет,» деген сөздер алып тасталсын.
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
1) 32-баптың бірінші бөлігі «қорғау органдарының қызметкерлері» деген сөздерден кейін «, осы Кодекстің 676, 677, 680 және 681-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 44-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «мөлшерде» деген сөзден кейін «не берілген заңсыз материалдық сыйақы сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген, сондай-ақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін айыппұл осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.»;
3-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 62-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ол жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;