4. Ақпараттық рәсімдер мемлекеттік құпияларды, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге тиіс және барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларына байланысты ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді қамтамасыз етуге тиіс.
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпарат өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін ғана беріледі. Бұл ақпарат қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланылмайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерді қоспағанда, ақпараттық жүйелерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде интеграциялауды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттандыру объектілеріндегі деректерге қол жеткізуге мемлекеттік органдардың келісімі талап етілмейді.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-1-бөлікпен толықтырылды
5-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде ақпарат болған жағдайда, оны жеке және заңды тұлғалардан жинауға және талап етуге тыйым салынады.
6. Мемлекеттік органдар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттарды пайдалануды және оларды ұсыну бойынша талаптарды қысқарту (болғызбау) жөніндегі шараларды қабылдайды.
Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін орындау процесінде қағаз жеткізгіштегі құжаттар пайдаланылған жағдайда, қағаз жеткізгіштегі құжаттарды электрондық құжаттар нысанына аудару жөніндегі шаралар қабылданады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалады, куәландырылады және сақталады.
Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық нысандағы құжат (электрондық құжат) қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең және өзге де тәсілдермен куәландыруды талап етпейді.
46-бап. Қызметтік құжаттардың орындалуын ішкі бақылау
1. Мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның аталған лауазымды адамдар шығарған актілерге байланысты емес тапсырмаларының орындалуын ішкі бақылау осы мемлекеттік органның тиісті бөлімшелеріне жүктеледі.
2. Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалардың орындалу мерзімдерін ішкі бақылауды мемлекеттік органның іс қағаздарын жүргізу қызметі жүзеге асырады.
3. Бірнеше орындаушыға берілген тапсырмалардың орындалуын тапсырмада бірінші болып көрсетілген лауазымды адам үйлестіреді.
4. Іс қағаздарын жүргізу қызметі бақылаудағы тапсырманың орындалу мерзімі аяқталғанға дейін тиісті бөлімшеге бұл туралы алдын ала еске салу жібереді.
5. Тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда орындаушы тапсырманы берген лауазымды адамға тапсырманы орындау мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш береді. Тапсырманы орындаудың қосымша мерзімін тапсырманы берген басшы белгілейді.
6. Тапсырманы берген лауазымды адам не өзге уәкілетті лауазымды адам орындалған құжаттарды бақылаудан алады.
8-тарау. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН БӘСЕКЕЛЕС ОРТАҒА БЕРУ
47-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің жалпы ережелері
1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) бәсекелес ортаны дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру;
3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
4) оңтайландыру.
2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтау;
2) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізділігі мен тиімділігі;
4) бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша процестердің үздіксіздігі және тұтастығы, сондай-ақ оған байланысты оңтайландыру.
3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімдері негізінде жыл сайынғы негізде осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру:
1) аутсорсинг;
2) мемлекеттік тапсырма;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) заңды тұлғаларға трансферттер беру;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;
4) пайдаланушылар есебінен беру;
5) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма, заңды тұлғаларға трансферттер беру жəне мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс арқылы берілетін функциялары ішінара беруге жатады. Бұл ретте функция орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алып тасталмайды.
6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын іріктеу орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, орталық және (немесе) жергілікті органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігі;
2) нарықтың дайындығы немесе бәсекелес ортаның болуы;
3) нарықты дамытудың әлеуетті мүмкіндігі.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және оларды беру мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларды бәсекелес ортаға беруге тыйым салынады.
9. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары іріктелгеннен кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының құнын айқындау әдістемесіне сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының құнын есептеу жүзеге асырылады.
10. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру нысанасына есептеу жүргізіледі. Бұл ретте орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын қайта бөлуге оларға қосымша функциялар жүктелген жағдайларда ғана жол беріледі.
11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын жүзеге асыру үшін нарықтың дайындығын талдау орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
12. Мониторинг осы Кодекстің 53-бабына сәйкес жүргізіледі.
13. Пайдаланушылар мен бәсекелес ортаны ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурстарында мынадай мәліметтер орналастырылады және кейіннен жаңартылады:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесі;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген, қандай нормативтік құқықтық актімен бəсекелес ортаға берілгені көрсетілген функциялары;
3) Комиссияның шешімі, мониторинг нәтижелері және мониторинг қорытындылары бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қайтарылған орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының қандай нормативтік құқықтық актімен қайтарылғаны көрсетілген тізбесі.
48-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға беру
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аутсорсинг арқылы жүзеге асыру үшін олар бәсекелес ортаға беріледі.
49-бап. Орталық атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беру
1. Орталық атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібіне сәйкес мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беріледі.
2. Мемлекеттік тапсырманы орындау онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасасу арқылы бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
49-1-бап. Орталық атқарушы органдардың функцияларын заңды тұлғаларға трансферттер беру арқылы бəсекелес ортаға беру
1. Орталық атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес заңды тұлғаларға трансферттер беру арқылы бəсекелес ортаға беріледі.
2. Заңды тұлғалардың трансферттерді пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
51-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға пайдаланушылар есебінен беру
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау арқылы бәсекелес ортаға беріледі және пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады.
52-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын міндетті мүшелікке (қаты суға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы бәсекелес ортаға беру
1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген, кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру өзін-өзі реттейтін ұйымдардың дайындығы расталғаннан кейін қамтамасыз етіледі.
2. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға дайындығы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар, орындаушылар және мемлекет үшін пайда мен шығынды айқындау мақсатында реттеушілік әсерге талдау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
53-бап. Мониторинг
1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын байқау мониторингтің мақсаты болып табылады.
2. Мониторингтің нәтижелері орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының бәсекелес ортада жүзеге асырылуының басты көрсеткіштерін салыстыру және тиісті шешімдер мен шаралар қабылдау үшін пайдаланылады.
3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуына мониторингті қоспағанда, мониторинг:
1) жеке және заңды тұлғалардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі жолданымдарын талдауға;
2) бәсекелес ортадан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынатын, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі ақпаратты талдауға;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі деректерді жинау және талдау жүйесіне;
4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүргізетін нарықтың дайындығын талдауға негізделеді.
4. Мониторингті квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, осы Кодекске сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүргізеді.
5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына тәуелсіз бағалауды алу үшін Комиссияның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылады.
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мониторингі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
7. Аутсорсингті, мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру, пайдаланушылар есебінен беру мониторингі орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес нәтижелілік пен процесс өлшемшарттары негізінде жүргізіледі.
Нәтижелілік өлшемшарты орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуының орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар белгілеген басты көрсеткіштеріне қол жеткізуін айқындайды.
Процесс өлшемшарты орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын бағалауды жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, бәсекелес ортадан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі ақпаратты талдаудың негізінде айқындайды.
8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мониторинг жүргізу кезінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардан, мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында олардың функцияларының жүзеге асырылуы саласына жататын ақпарат болмаған жағдайда, қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Орталық жəне (немесе) жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уəкілетті органға жыл қорытындысы бойынша мониторинг нəтижелерін ұсынады.
Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уəкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтер негізінде, мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі шеңберінде орталық жəне (немесе) жергілікті атқарушы органдардың парафискалдық төлемдерге алып келетін функцияларын бөліп көрсете отырып, бəсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін жүргізеді.
54-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару
1. Егер мониторинг нәтижелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциясының сапасыз жүзеге асырылуын анықтаған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бес жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын хабардар етеді.
2. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциясының сапасыз жүзеге асырылуы туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.
3. Комиссия орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде, мынадай:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың ішінара беруі шеңберінде - мұндай функцияларды қайтару орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен жасалған шартты бұзу арқылы қамтамасыз етіледі;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың толық беруі шеңберінде - мұндай функцияларды қайтару үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу жөнінде шаралар қабылданады.
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару үшін Комиссияның ұсынымдарынан кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне функцияларды орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға қайтаруды қамтамасыз ету үшін қажетті нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныс енгізеді.
4. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жойылуға тиіс.
55-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
56-бап. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкіметін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы хабардар етеді;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
6) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
8) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі әдістемелік көмекті және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
10) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген нарықтың дайындығын талдауға олардың сараптамалық қорытындыларын дайындайды және береді;
11) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бәсекелес ортаға беру үшін ұсынатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іріктеу нәтижелеріне өз құзыреті шегінде сараптама жүргізеді;
12) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген оңтайландыру нысанасына ұсынылған есеп-қисап бойынша қорытынды дайындайды және береді;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
57-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Орталық атқарушы органдар:
1) жыл сайынғы негізде мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізеді;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
5) пайдаланушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыларды мониторинг нәтижелерімен таныстыруға міндетті;
7) орталық атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру нысанасына есеп-қисап жүргізеді және оны мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;