1. Кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидаларында айқындалады.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Заңды күшіне енген, оның ішінде татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу тәртібімен аяқталған әкімшілік істер бойынша сот актілеріне әкімшілік процеске қатысушылар апелляциялық сатыдағы сот актісі түпкілікті нысанда табыс етілген күннен бастап алты ай ішінде кассациялық шағым беру арқылы кассациялық тәртіппен шағым жасай алады, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының өз бастамасымен келтірілген наразылықтары бойынша да, адамдардың осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша берілген өтінішхаттары бойынша да қайта қаралуы мүмкін.
Прокурордың наразылығы осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап алты ай ішінде келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры әкімшілік істі қарауға қатысқанына не қатыспағанына қарамастан, шешімге өз құзыреті шегінде наразылық келтіруге құқылы.
3. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.20.03. № 20-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сот актілеріне кассациялық шағымдар мен наразылықтарды кассациялық сот қарайды.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Кассациялық сатыдағы сотта әкімшілік іс ақылға қонымды, бірақ ол сотқа келіп түскен күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.
Кассациялық сатыдағы сотта алдын ала тыңдау осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
6. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 169-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
169-1-бап. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған сот актілері адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса;
2) қабылданған сот актілері тұлғалардың айқындалмаған тобының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, осы Кодекстің 105-бабының тәртібімен қаралған істерді қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін әкімшілік істі талап етіп алдыра отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы әкімшілік процеске қатысушылардың заңды күшіне енген сот актілерін істі зерделеу нәтижелері бойынша қайта қарау қажеттілігі туралы өтінішхаты бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде уәждері мен дәлелдерді көрсете отырып, ұсыну енгізеді.
Әкімшілік процеске қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасы бойынша да, әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы тараптар хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
6. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын немесе бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгертеді;
3) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулының және бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жояды.
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулыда баяндалған процестік әрекеттерді жасау қажеттілігі туралы нұсқаулары іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот үшін міндетті болып табылады.
170-бап. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу
Жаңадан ашылған және жаңа мән-жайлар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
28-тарау. СОТ БАҚЫЛАУЫ
171-бап. Соттың шешімін орындауға жіберу
1. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде сот орындау үшін жауапкерге жібереді.
2. Жауапкер әкімшілік іс бойынша соттың шешімін заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті, ол туралы сотқа хабарлауға тиіс.
3. Егер соттың шешімінде белгіленген мерзімде ол ерікті түрде орындалмаған жағдайда, бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 127-бабында белгіленген мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолданады.
4. Соттың шешімін, ақшалай өндіріп алу туралы соттың ұйғарымын орындамау даусыз тәртіппен осы Кодекстің 127-бабының тоғызыншы бөлігінде белгіленген мөлшерде қайталап ақшалай өндіріп алуға алып келеді.
«2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 124-бабы екінші бөлігінің, 127-бабы тоғызыншы бөлігінің және 171-бабы төртінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 40-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
172-бап. Соттың ақша сомасын өндіріп алу туралы шешімін мәжбүрлеп орындату
1. Жауапкерді ақша сомасын төлеуге міндеттейтін, ерікті түрде орындалмаған соттың шешімі атқару парағының негізінде мәжбүрлі түрде орындалады, ол талап қоюшының арызы бойынша жазып беріледі.
2. Атқару парағының мазмұны, оны жазып беру мен беру, сот орындаушысының қаулыларын санкциялау тәртібі осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің қағидаларында айқындалады.
173-бап. Сот актісін дереу орындау
1. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың негізді өтінішхаты бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша, егер анағұрлым кеш орындау әкімшілік процеске қатысушының құқықтарына елеулі зиян келтіретін болса не қиындататын болса немесе мүмкін болмаса, соттың шешімін дереу орындауға жіберуге құқылы.
Сот актісі дереу орындауға жіберілген кезде сот әкімшілік процеске басқа қатысушылардың да құқықтары мен жария мүдделерін де ескереді.
2. Сот кез келген уақытта әкімшілік процеске қатысушының өтінішхаты негізінде дереу орындауға жіберілген сот актісінің орындалуын тоқтата тұруы мүмкін.
3. Дереу орындауға жіберілген сот актілері, егер жоғары тұрған сатының заңды күшіне енбеген сот актісімен күші жойылса немесе өзгертілсе, орындауға жатпайды.
29-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
174-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
175-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мемлекеттік органдар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік рәсімдерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді осы Кодекске сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жүргізуі қажет.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:
1) осы Кодекстің 4-бабы бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөліктің 16) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«16) жолданым - әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс нысанында жіберілген өтініш немесе шағым;»;
2) осы Кодекстің 64-бабының бесінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
3. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 8, 46-құжат; № 21-22, 90-құжат);
2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 22, 82-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Соттарда жатқан, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін іс жүргізуге қабылданған істерді қарау осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының процестік заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
5. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қозғалған, бірақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін аяқталмаған әкімшілік рәсім Қазақстан Республикасының осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болатын заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қозғалған, бірақ осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін аяқталмаған әкімшілік рәсім, егер арыз иесі бұл туралы тиісті әкімшілік орган, лауазымды адам алдында жазбаша нысанда өтінішхат берсе, аяқталмаған бөлігінде осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 29 маусым
№ 350-VІ