24) 48-бапта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдердi жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.»;
екінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің және ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайды.»;
«Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
1) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;
2) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексеруге;
3) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
4) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.»;
25) 51-1-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
10-тармақтың 25) тармақшасының екінші абзацы 2016 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
«4) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты ұлттық валютада (теңге) қабылданған жеке тұлғалардың депозиттері (салымдары) бойынша біржолғы өтемақы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік порфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым арқылы төлеуді жүзеге асырады;
10-тармақтың 25) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтары 2014 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде жұмыс істемейтін қарыздар үлесін азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттерді орналастырады;
6) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттерді орналастырады;
7) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді.»;
26) 51-2-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;»;
10-тармақтың 27) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
27) 52-бап «банктер» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
28) 52-1-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
10-тармақтың 28) тармақшасының үшінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
7) тармақша «қаржы ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 29) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
29) 56-баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «банктер» деген сөз «банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктері
1. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
2. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауын қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс қозғамай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.
3. Қазақстан Ұлттық Банкі бақылау мен қадағалауды осы Заңға сәйкес тексеру жүргізу нысандарында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратпен алмасуға құқылы.
Осы тармақта өзге де ұйымдар деп банк секторының, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.»;
31) 62-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«62-2-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі»;
10-тармақтың 32) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
32) 62-5-бапта:
2) тармақша «қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «қаржы ұйымдарына» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «ұйымымен» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «ұйымдарының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша «қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша «(қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 33) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
33) 70-бапта:
бірінші бөлік «заңды тұлғалардан,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «сондай-ақ жеке тұлғалар» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 34) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
34) 70-1-баптың үшінші бөлігі «және заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 4-баптағы «(тіркеуші органдар), заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «(тіркеуші орган)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «Ұлттық Банктің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «тіркеуші органдарға» деген сөздер «тіркеуші органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде жүзеге асырылуға тиіс.».
4) 17-баптағы «тiркеуші органдар» деген сөздер «тіркеуші орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бапта:
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) банк конгломераты - банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты түрде қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) банктің субординарлық борышы - осы Заңның 16-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін, банктің шығарылған облигациялар немесе алынған қарыз бойынша қамтамасыз етілмеген міндеттемесі;
3-2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) - банктік және өзге де қызметтер көрсетілетін, аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;»;
2) 5-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымды осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тиесілі уәкілетті орган құрады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;
2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;
3) күмәнді және үмітсіз активтердің, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының және оларды иелену туралы шешім қабылдау мақсатында оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін және өзге де талап ету құқықтарын иеленуге, сондай-ақ оларды өткізуге;
5) күмәнді және үмітсіз активтері иеленген банктер және (немесе) өзге де заңды тұлғалар шығарған және орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының және оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден талап ету құқықтарын иеленген заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленуге және оларды өткізуге;
7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын иеленген банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуге, оларды сенімгерлік басқаруға беруге және (немесе) оларды өткізуге;
8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден заңды тұлғаларға иеленген талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануға;
9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген талап ету құқықтарын және басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізуге;
10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);
11) бұрын күмәнді және үмітсіз активтер болып табылған активтерді иеленген, бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан және стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйымдардан, екінші деңгейдегі банктерден осы активтерді иеленуге және оларды өткізуге;
12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;
13) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерді, екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін ұйымдарды, талап ету құқықтарын банктерден екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;
15) екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге, сондай-ақ осы активтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен басқаруға байланысты өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.»;
3) 8-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылған (иеленген), күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарын;»;
9-тармақ 12) тармақшасындағы «жасасумен айналысуға құқылы.» деген сөздер «жасасумен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) мүліктік жалдау (жалға беру) шартына сәйкес еншілес ұйымдарға өз мүлкін жалға берумен айналысуға құқылы.»;
4) 11-1-бапта:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) және құрылтай шарты немесе оны құру туралы шешім - оны құрған жағдайда, еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) - оны иеленген жағдайда;»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап:
1) көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне;
2) осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптармен құрылған (иеленген) еншілес ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне иелік ету (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды жүзеге асырған жағдайда банктерге;
3) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулер сақталған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банк кепіл ретінде қабылдаған, заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері өздерінің меншігіне өткен жағдайда банктерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Егер банк холдингі еншілес қаржы ұйымын құрған немесе иеленген не капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсатты қаржы ұйымының акцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беретін тиісті құжатты бір мезгілде бере отырып, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай уәкілетті орган береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін тұлғаларға қолданылады.»;
5) 11-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-2-бап. Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн иеленетін банктердiң еншiлес ұйымдары және қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәндi және үмiтсiз активтерді иеленетін ұйым»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Банк екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым құруға (иеленуге) құқылы.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымды құру немесе иелену нәтижесінде банкте осы ұйымның капиталына қомақты қатысу туындаған жағдайда, осы қатысуға уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.