60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы қағидаларын;
61) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын;
62) банктердің металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;
63) барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
64) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
65) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекітеді, оларда нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;
66) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептiлiктiң тiзбесiн және жариялау мерзімдерін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі айқындалады;
67) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару бойынша операцияларды есепке алу жөніндегі есепке алу саясатын;
68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
69) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;
70) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері туралы есепті;
71) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау немесе қайта айырбастау қағидаларын;
72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;
73) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;
74) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;
75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;
76) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;
77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;
78) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды;
79) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
80) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
81) қаржы ұйымдарының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісімі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін);
82) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;
83) қаржы ұйымдарының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өз тұтынушыларына микрокредиттер ұсынуы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісім беру қағидаларын;
10-тармақтың 5) тармақшасының сексен жетінші абзацы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылады
84) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін;
85) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;
10-тармақтың 5) тармақшасының сексен тоғызыншы абзацы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылады
86) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды;
87) Қазақстан Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының қызметін қаржыландыру шарттары мен тәртібін;
88) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік-құқықтық актілерін бекітеді.»;
үшінші бөлікте 4) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде, оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртiбiн белгiлейді;»;
«16) Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның ведомстволары мен ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын және Қазақстан Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметкерлерiн әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;»;
10-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 10 қыркүйекте қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 15-бапта:
екінші бөліктің 1), 10), 11), 12), 26), 27), 44), 49), 50), 54), 62), 63), 65), 66), 68), 69), 77) және 85) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;»;
«10) банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын;
11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;
12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізуге Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына және банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды;»;
«26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын;
27) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;»;
«44) Қазақстан Республикасының банктерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;»;
«49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;
50) банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;»;
«54) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты;»;
«62) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;
63) барлық қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк-құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;»;
«65) нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және оны ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын, қаржылық есептiлiктi қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының оны ұсынуы қағидаларын;
66) жариялануға жататын қаржылық есептiлiктiң тiзбесiн және оны жариялау мерзімдерін қоса алғанда, жариялау тәртібі айқындалатын, қаржылық есептiлiктi акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының оны жариялауы қағидаларын;»;
«68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
69) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздерінің мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;»;
«77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;»;
«85) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;»;
үшінші бөліктің 18) тармақшасы «өзге де ұйымдар» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 19-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды.»;
8) 20-2-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
9) 20-4-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, микроқаржы ұйымдарының, төлем жүйелеріне қатысушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:
1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
3) тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.»;
10-тармақтың 10) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 20-4-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына баруға;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде аталған тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, микроқаржы ұйымдарының, төлем жүйелеріне қатысушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:»;
11) 20-5-баптың 6-тармағындағы «Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда» деген сөздер «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 30-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
13) 31-бап алып тасталсын;
14) 32-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтiк талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтiк талаптарды есептеу, ең төмен резервтiк талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтiк талаптар нормативтерін резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.»;
15) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері
Қазақстан Ұлттық Банкi ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне әсер ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының шеңберінде белгілейді.»;
16) 36-3-бап алып тасталсын;
17) 42-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі және сипаты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
18) 43-баптың бірінші бөлігіндегі «олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады» деген сөздер «оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 19) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
19) 43-баптың бірінші бөлігіндегі «оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды» деген сөздер «оларды Қазақстан Республикасының барлық банктерi, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
20) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алып қою
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару туралы шешімді, оларды ауыстыру және айналыстан алып қою тәртібін Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
21) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар
Тозған, Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінің кемінде жетпіс пайызы сақталған банкноттарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусіз айырбастайды.
Елу пайызынан астамы сақталған күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісінде көзделген тәртіппен айырбастайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.»;
10-тармақтың 22) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
22) 46-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Тозған, Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінің кемінде жетпіс пайызы сақталған банкноттарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы шектеусіз айырбастайды.
Елу пайызынан астамы сақталған күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес қабылдайды.»;
23) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
47-бап. Жалған банкноттар мен монеталарды жасағаны, сақтағаны және өткізгені үшiн жауаптылық
Жалған банкноттар мен монеталарды өткізу мақсатында жасауға, сақтауға, жалған банкноттар мен монеталарды өткізуге, сондай-ақ қолма-қол ақшаның санкциясыз эмиссиясын жүзеге асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;