екінші бөліктегі «екінші» деген сөз «бірінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 9-бапта:
4) тармақшадағы «Республикасының аумағындағы» деген сөздер «Республикасының аумағына келетін және оның аумағындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
11) тармақша алып тасталсын;
6) 10-баптың 5) тармақшасындағы «этникалық қазақтарға» деген сөздер «, этностық қазақтарға, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азамат тығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
8) 15-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-10) және 6-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-10) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені туралы шешім қабылдайды;
6-11) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азамат тығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссия құрады;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады;»;
9) 21-1-бапта:
тақырыптағы «Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін» деген сөздер «Этностық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ «отбасы мүшелері» деген сөздерден кейін «, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандастар, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары өздерінің отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады және олардың осы Заңның 19-1-бабында айқындалған тәртіппен оған енгізілуге құқығы бар.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі «Егер қандастар» деген сөздерден кейін «, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 23-бапта:
тақырыптағы «этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне» деген сөздер «этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері» деген сөздер «Этностық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі екінші абзацының ережесі ғылыми дәрежесі бар қандастарға қолданылмайды.»;
11) 27-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «үш жыл» деген сөздер «бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «екі жыл» деген сөздер «бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «шақырушы» деген сөзден кейін «немесе шақырылушы» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шақырушы адамның отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар.»;
14) 32-баптың тақырыбындағы «келуге виза берудің» деген сөздер «келуге арналған визаны, уақытша тұруға арналған рұқсатты беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 36-баптың тақырыбындағы «қызметкерлерге келуге виза» деген сөздер «жұмыскерлерге келуге арналған визаларды, уақытша тұруға арналған рұқсаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 39-бапта:
тақырып және 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары
1. Келуге арналған визаны немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты алу үшін бизнес-көшіп келушілер:»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсаттарды ішкі істер органдары жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға береді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Этностық қазақтар қатарындағы бизнес-көшіп келушілерге келуге арналған визалар мен уақытша тұруға арналған рұқсаттар үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.»;
17) 40-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бар көшіп келушілерді қоспағанда, бизнес-көшіп келушілер ретінде келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлғаларға қатысушылардың құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады.»;
18) 43-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «аяқталғаннан кейін», «рұқсат алу» деген сөздер тиісінше «аяқталғанға дейін», «рұқсатты ұзарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 43-2-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «бір, екі немесе үш айды» деген сөздер «бір айдан он екі айға дейінгі мерзімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «аяқталғаннан кейін кемінде күнтізбелік отыз күн өткен соң» деген сөздер «аяқталғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 48-бапта:
бірінші бөлікте:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;»;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;
7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;
7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;»;
12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) егер ол «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан болса;
13) егер ол «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған болса;»;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған көшіп келушілердің шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.»;
21) 49-бапта:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған;»;
9-1) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;»;
«13) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алған және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз уақыт тұрып жатқан;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) тұрақты тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің негізінде алған және тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн ішінде көрсетілген тізбеде көзделген кәсіп бойынша жұмыс істемеген;»;
14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық және еңбек заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған;»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты осы баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасының ережесі қолданылмайды.»;
22) 55-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «он күн мерзімде» деген сөздер «күнтізбелік он күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 58-баптың 2-тармағындағы «көші-қон бақылауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдардың есебін жүргізуді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 24) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
24) мынадай мазмұндағы 11-1-тараумен толықтырылсын:
«11-1-тарау. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау
58-1-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау) аумақтық ішкі істер органдары бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырады.
2. Осы Заңда көзделген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын және (немесе) шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі - бақылау субъектілері) болып табылады.
58-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізіледі.
2. Аумақтық ішкі істер органының басшысы тағайындайтын жоспардан тыс тексеруге (бұдан әрі - тексеру) мыналар негіз болып табылады:
1) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз болуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзатын Қазақстан Республикасының азаматтары туралы куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
2) прокурордың талаптары;
3) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз болуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзатын Қазақстан Республикасының азаматтары туралы куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары.
3. Аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 7-тармағында аталған құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес және мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
4. Аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
3) тексерілетін субъектінің не оның уәкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
4) тексерілетін субъектіге не оның уәкілетті өкіліне тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге міндетті.
5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) тексеру жүргізу үшін келген аумақтық полиция органдарының лауазымды адамын (лауазымды адамдарын) мынадай:
осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 7-тармағында көзделген құжаттар болмаған;
тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше бақылау субъектісі көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша бұрын тексеру жүргізілген бақылау субъектісіне тексеру тағайындалған;
өтініште (хабарламада) көрсетілген уақыт кезеңінен асатын кезеңге тексеру тағайындалған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға;
4) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Бақылау субъектілерінің өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) аумақтық полиция органдары лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып және тексеру нысанасына сәйкес аумақтық полиция органдарының лауазымды адамына (лауазымды адамдарына) тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің тексерілетін құжаттарына (мәліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне жол бермеуге;
5) зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт екі данада жасалады.
Тексеруді тағайындау туралы актінің бір данасы - тексерілетін субъектіге, екіншісі тексеру басталғаннан кейін құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеу күні мен нөмірі;
2) аумақтық ішкі істер органының атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі.
Заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі тексерілген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі.
6) тексеру нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексерілетін кезең;
9) тексеру жүргізудің негіздемесі;
10) бақылау субъектісінің осы баптың 4-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және аумақтық ішкі істер органының мөрі.
Тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеруді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады, бұл ретте бақылау субъектісін тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету талап етілмейді.
8. Тексеру кезінде аумақтық ішкі істер органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) бақылау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақпарат алу;
2) өзіне қатысты тексеру жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау қажет болған жағдайларда ғана он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.
Тексеру мерзімін ұзарту аумақтық полиция органы басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісі хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталардан бір жұмыс күні бұрын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсыныла отырып, тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны аумақтық полиция органы табыс ету туралы хабарламамен бірге, ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді.
Тексеруді тоқтата тұруға жол берілмейді.
10. Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық полиция органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) аумақтық полиция органының атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылған мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;
7) тексеру жүргізілген мерзім;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар мен олардың сипаты туралы мәліметтер;
9) бақылау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;
10) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар болған кезде сол құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
11. Тексеру нәтижелері туралы акт үш данада жасалады.
Аумақтық полиция органы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшіншісі аумақтық полиция органында қалады.
Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға) оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
Аумақтық полиция органы бақылау субъектісінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның) тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және қабылданған шаралар туралы уәжді жауапты он жұмыс күні ішінде беруге тиіс.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімін бұзу бақылау субъектісінің пайдасына шешіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам (лауазымды адамдар) және бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға) қол қояды.
Бақылау субъектісі бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
12. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар тексеру жүргізу кезінде болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
13. Тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бақылау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
14. Тексеру қорытындылары бойынша әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында не Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шаралар қолданылады.».