17. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
59-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.
18. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасындағы «осы Заңда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 4-тармағындағы «Жеке және» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы заңнамасында айқындалған жағдайлардан басқа, жеке және» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 18-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «жүріп-тұру үшін;» деген сөздер «жүріп-тұру үшін беріледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
5) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды жеделдетілген тәртіппен бергені үшін ішкі істер органдары монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітетін бағалар прейскурантына сәйкес ақы алынады.»;
6) 22-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «Жеке» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 26-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацы «тәртібін» деген сөзден кейін «және оларды қорғауға қойылатын талаптарды» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүгінген кезде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асырады;»;
18-тармақтың 9) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополия
Осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 12) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, көші-қон процестерін есепке алу жұмысын автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.».
19. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-5) тармақшамен толықтырылсын:
«8-5) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
2) 6-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге арналған визаларды, Қазақстан Республикасында уақытша болуға және тұрақты тұруға арналған рұқсаттарды беруге;».
20. «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацы «азаматтарына -» деген сөзден кейін «егер осы Кодекстің 43-1-бабының 1-2-тармағында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын.
21. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-бапта:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) тиісті нормалары қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілген, салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болған кезде клиентке жаңа банктік шот ашу бөлігінде 1-баптың 21-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «әлеуметтік төлемдерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы «әлеуметтік төлемдерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың екінші бөлігі «әлеуметтік төлемдерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 42-баптың 6-1-тармағының екінші бөлігі «әлеуметтік төлемдерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы «әлеуметтік төлемдерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын, 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 9-тармағы 3) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын, 13-тармағының 3) тармақшасын, 16-тармағы 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 24) тармақшасын, 18-тармағының 9) тармақшасын, 19-тармағының 1) тармақшасын;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) тиісті нормалары қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін, салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болған кезде клиентке жаңа банктік шот ашу бөлігінде 1-баптың 21-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 16 мамыр
№ 82-VIII ҚРЗ