1. Төтенше және өкілетті елшінің, І және ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкілдің дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Жоғарыда санамаланған дипломаттық дәрежелерді беруге ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыруға қатысуының тиімділігін және Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси бастамаларын іске асыруға қатысуының тиімділігін ескере отырып енгізеді.
Төтенше және өкілетті елші дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымында кемінде екі жыл дипломатиялық қызмет өтілі бар дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқаратын дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломаттық дәрежесі Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасынан, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшіден, департамент директорынан, Қазақстан Республикасының сенімді өкілінен, Қазақстан Республикасының бас консулынан төмен емес лауазымды атқаратын дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
Басқа дипломаттық дәрежелерді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі береді.
Дипломаттық дәрежелерді беру тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.
2. Қызметкердiң дипломаттық дәрежесi, әдетте, дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес болуға немесе бір саты жоғары не төмен болуға тиiс.
3. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктер тапсырумен және қызмет тiзiміндегі (еңбек кiтапшасындағы) жазбалармен расталады. Осы Заңның 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дипломаттық дәрежелер өмiр бойына берiледi және сақталады.
12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi
1. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл;
2) ІІ және I сыныпты бірiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл.
І сыныпты кеңесшiден бастап және одан жоғары дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi белгiленбейдi.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерiне:
1) Сыртқы iстер министрлігіндегi және оған бағынысты ұйымдардағы жұмыс;
2) шет елдердегi мекемелердегi жұмыс;
3) Сыртқы iстер министрлігінiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктеріндегі жұмыс;
4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер министрлiктеріндегі жұмыс;
5) халықаралық ұйымдардағы жұмыс;
6) Сыртқы iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми мекемелеріндегі ғылыми немесе оқытушылық жұмыс;
7) Сыртқы iстер министрлігінiң саласы бойынша оқу орындары мен ғылыми мекемелерде біліктiлiктi арттыру;
8) Сыртқы iстер министрлігі жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантураға және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген адамдардың оқу мерзiмi есептеледi.
13-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру
1. Жекелеген жағдайларда, жұмыста елеулi табыстарға қол жеткiзсе немесе айрықша еңбек сiңiрсе, белгiленген мерзiм өткенге дейiн (мерзiмiнен бұрын дәреже беру) немесе дәреже берудiң кезегi сақталмастан (кезектен тыс дәреже беру) дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дәрежесi өсiрiлуі мүмкiн.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлігінен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының және өздерi болатын елдердiң заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын iс-әрекеттер жасаған жағдайда олардың дипломаттық дәрежесі төмендетiлуi немесе олар дипломаттық дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.
Мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшiн дипломатиялық қызмет органдары жүйесiнен босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкерi сонымен бір мезгiлде дипломаттық дәрежесiнен де айырылады.
Дипломатиялық қызмет қызметкерін дипломатиялық дәрежесінен айыру немесе төмендету, сондай-ақ оның дәрежесін қалпына келтіру дәреже берілгендегідей тәртіппен жүргізіледі.
4-тарау. Дипломатиялық қызметтен өту
14-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру, қызмет атқару
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дипломатиялық қызмет персоналының лауазым ауыстыруы кадрлардың біліктiлiгi, кәсiби даярлығы, олардың ротациясы мен мамандану принциптерi ескерiле отырып, қызмет бабындағы қажеттiлiкке сәйкес жүзеге асырылады.
Дипломатиялық қызмет органдарында бос лауазымдарға орналасу осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң лауазымы шет елдердегi мекемелердегi жұмысы кезеңiнде, оның шет елде болу мерзiмi қызмет бабындағы қажеттiлiкке байланысты ұзартылған жағдайларды қоспағанда, бір реттен артық өсiрiлмейдi.
15-бап. Ротация
1. Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық қызмет персоналының ротациясы жүзеге асырылады.
Ротация шеңберiнде дипломатиялық қызмет персоналы, оның кәсiби даярлығы мен мамандануы ескерiле отырып, шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберiледi немесе өздерiнiң қызметiн Сыртқы iстер министрлігінiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жүзеге асырады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау мынадай түрлерге бөлінеді:
2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сыртқы - конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінен шет елдердегі мекемелерге және шет елдердегі мекемелерден Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер арасында орын ауыстырулар.
Сыртқы ротациялауға орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындау да жатады;
2) ішкі - осы Заңда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында орын ауыстырулар.
2006 ж. 22 мамырдағы № 143-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Дипломатиялық қызметке алғаш тұрған - адамдар сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істегеніне бір жыл өткеннен кейін ғана, олардың кәсіби,білімі мен тіл білуі ескеріле отырып, шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберілуі мүмкін.
Шет елдердегі мекемелердегі жұмыс арасындағы кезеңде дипломатиялық қызмет персоналының Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеу мерзімі кемінде екі жылды құрауға тиіс.
Осы тармақтың талаптары осы Заңның 15-2-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
2006 ж. 22 мамырдағы № 143-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Дипломатиялық қызмет персоналы үшін шет елдердегі мекемелерде үздіксіз жұмыстың мынадай:
1) Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдері үшін - бес жылдан ұзақ емес;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, шет елдердегі мекемелердің басшылары ретінде жұмысқа жіберілетін адамдар үшін - төрт жылдан ұзақ емес;
3) кеңесші-уәкілдер, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің орынбасарлары, сондай-ақ сирек кездесетін шет тілдерін меңгерген дипломатиялық қызмет персоналы үшін - төрт жылдан ұзақ емес;
4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, дипломатиялық қызмет персоналы үшін - үш жылдан ұзақ емес мерзімдері белгіленеді.
Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің үздіксіз жұмыс мерзімдерін қызметтік қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті ұзартуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың үздіксіз жұмыс мерзімдерін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс.
5. Дәлелсiз себептермен шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту тәртiптiк тұрғыдан терiс қылық болып табылады және тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiз бола алады.
Шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту үшiн дәлелдi деп танылатын себептердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi белгiлейдi.
6. Шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберу кезiнде дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленедi.
2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 3-тармағының күші сирек кездесетiн шет тiлдерiн меңгерген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды. Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі белгілейді.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы
1. Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызмет органдарының міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы мүмкін.
Іссапарға барған адамның дипломатиялық қызмет персоналы мәртебесі, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік қорғалуы сақталады.
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға бару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды
15-2-бап. Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан шет елдердегі мекемелерге іссапарға баруының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртібімен дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына орналасуға жол беріледі.
2. Шет елдердегі мекемелерге өзге мемлекеттік органдардан іссапарға бару тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге дипломатиялық қызмет персоналының шет елдердегі мекемелердегі үздіксіз жұмысының осы Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдері қолданылады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Аттестаттау
Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналы шет елдердегі мекемелерден оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен аттестатталады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өз келісімімен кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелеріне уақытша жіберілуі мүмкін.
2. Кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу аяқталғаннан кейін дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады.
18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату
1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн:
1) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң өз еркiмен жұмыстан босату туралы өтiнiш беруi;
2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу;
3) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;
6) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де себептер негiз болып табылады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Дипломатиялық қызметтiң персоналын жұмыстан дипломатиялық лауазымға тағайындау құқығы берiлген тиiстi лауазымды адам босатады.
Дипломатиялық қызметтiң персоналы дипломатиялық қызмет органдарынан өз еркiмен кеткен кезде Сыртқы iстер министрлігінiң резервiне алынады.
5-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi
1. Өзiнiң кәсiби функцияларын жүзеге асырған кезде дипломатиялық қызмет персоналының:
1) дипломатиялық қызмет органдарының қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
2) шет елде болу кезеңiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепiлдiк берiлген өзге де құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқығы бар.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге де құқылы.
2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Төтенше және өкілетті елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің және олардың жұбайларының Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын өмір бойы пайдалануға құқығы бар.
2. Дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломатиялық қызмет атқаруға байланысты мiндеттердi адал орындауға;
2) болатын мемлекетiнiң заңдарын, дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын құрметтеуге;
3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, дипломатиялық қызмет аяқталғаннан кейiн де, жарияламауға;
4) өзiнiң кәсiби деңгейiн, біліктiлiгiн, жалпы саяси даярлығын арттыруға, мемлекеттік және шет тiлдердi бiлуiн жетiлдiруге;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер
Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулер белгіленеді.
21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын көтермелеу
1. Қызмет бабындағы мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломаттық дәрежесiн мерзiмiнен бұрын өсiрумен;
2) біржолғы ақшалай сыйақымен;
3) Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ведомстволық наградалармен;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеу шараларының өзге де нысандарымен көтермеленуi мүмкiн.
2. Ерекше еңбек сiңiргенi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.
22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) дипломаттық дәреженi берудi бір жылға дейiн кiдiрте тұру;
5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету;
6) дипломаттық дәрежесiнен айыру;
7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
8) жұмыстан босату.
3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу
1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналы қызметтiк мiндеттерiн өрескел бұзған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе болатын елiнiң заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда оған тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға қоса, ол Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын керi шақырып алынады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналын мерзiмiнен бұрын керi шақырып алуға отбасы мүшелерiнiң дәл сондай әрекеттер жасауы да негiз болып табылады.
6-тарау. Дипломатиялық қызметті қамтамасыз ету,
дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемдер, оларды материалдық
және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету
24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету
1. Дипломатиялық қызметтi және оның органдарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Құрметті консул аппаратының қызметін және соған байланысты iс-шараларды қаржыландыру құрметтi консул бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
4. Дипломатиялық қызмет органдары көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
5. Дипломатиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдегi жылжымайтын және өзге мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгiленедi.
2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне тиісті функциялар жүктелген заңды тұлға жүзеге асырады.
25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемдер
1. Дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамтамасыз ету атқаратын қызметiнiң қиындығы, оған байланысты қауiп-қатер, сондай-ақ шет мемлекеттің өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналына және отбасы мүшелерiне қандай да болсын зиян келтiрмеуге тиiс.
Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерiне көмек көрсету мен қорғауға байланысты мiндеттердi шет елдегi мекеменiң жетекшiсi орындайды.
Шет елдегi қызметi кезiнде дипломатиялық қызметтiң қызметкерi немесе жұмыскерi не оның отбасы мүшелерi ауырған, қайтыс болған, отбасында бала туылған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының жұбайына (зайыбына) аталған тағайындау туралы шешім қабылданған кезде ол мемлекеттік қызметте мемлекеттік лауазымды атқарған жағдайда отбасының бірге жүретін мүшесі ретінде жұбайының (зайыбының) шет елге шығу кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дипломатиялық қызмет персоналына және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен медициналық қамсыздандыру ұсынылады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Шет елдердегі мекемелерде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берілуіне не «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын отбасының бір мүшесінің қайтыс болуына байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлеміне құқығы бар.
4. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiмен бірге тұратын отбасы мүшелерiнiң саны, лауазымдық жағдайы, жергiлiктi мән-жай және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн нормативтер ескерiле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
Тұрғын үйдi ұстауға төлейтiн нақты шығыс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалардан асып кеткен жағдайда ол бюджет қаражаты есебiнен өтелуге тиiс.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Шет елдегi жұмыс кезеңiнде дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бюджет қаражаты есебiнен төленуге тиiс.
6. Шет елдегi мекемеде әкiмшiлiк-техникалық бос қызмет орындары болған жағдайда, шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналы отбасыларының мүшелерiне уақытша жұмысқа тұру құқығы берiлуi мүмкiн.
7. Қарулы немесе азаматтық жанжалдар жағдайында не шет елдердегi мекемелер мен олардың персоналының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда, сондай-ақ шет елдердегi мекемелер орналасқан жерлердегi төтенше жағдайлар кезiнде Сыртқы iстер министрлігі дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қорғау үшiн қажеттi шаралар қолданады.
Дипломатиялық қызметтiң қызметкерiне немесе жұмыскерiне не оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн не солармен байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен өтеледi.
8. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерi немесе жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде не шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде алған жарақаттың салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан жағдайда, дипломатиялық қызметтiң қайтыс болған қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң отбасы мүшелерiне оның Сыртқы iстер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы бойынша есептелетiн алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде біржолғы өтем төленедi.
9. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерi немесе жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар.