ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 95-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 116-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «электрондық сауда алаңдарынан» деген сөздер «тауар биржаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 124-1-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «электрондық сауда алаңдарынан» деген сөздер «тауар биржаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 14-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-тарау мынадай мазмұндағы 32-2-баппен толықтырылсын:
«32-2-бап. Көтерме-тарату орталықтары
Кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен көтерме-тарату орталығы деп танылады.
Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтер түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:
1) сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
2) бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
3) сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады.».
3. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-1) және 2) тармақшалардағы «заңды тұлға» деген сөздер «кәсіпкерлік субъектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) биржалық қамтамасыз ету – биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасына немесе тауар биржасының клирингтік орталығына жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылым;
3) биржалық сауда – тауар биржасында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес электрондық нысанда биржалық сауда-саттық өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5), 6), 7), 10) және 11-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) биржалық сауда-саттық – тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
6) биржалық саудаға қатысушылар – тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
7) биржалық тауар – осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген стандартталған немесе стандартталмаған тауар;»;
«10) клиент – осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;»;
«11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – биржалық мәмілелер сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде анонимді түрде жасалатын, ал стандартталған тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;»;
мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:
«11-3) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;»;
14-1) тармақшадағы «брокерлердің» деген сөз «тауар биржаларының, брокерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) сауда лоты – биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны;»;
16-1) және 16-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) стандартталған тауар – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген біртекті тауар және (немесе) бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келетін, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын, түрлі өндірушілерден шыққан партиялар бірін-бірі толық алмастыратын қасиетке ие тауар, оның ішінде көміртегі бірліктері;
16-2) стандартталмаған тауар – стандартталған тауарларды, көміртегі бірлігін, жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, айналымнан алынбаған немесе айналымы шектелмеген тауар;»;
мынадай мазмұндағы 16-3) тармақшамен толықтырылсын:
«16-3) стандартты аукцион режимі – биржалық мәмілелер төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында сатып алушы (сатушы) – аукционның бастамашысы үшін ең үздік баға бойынша жасалатын сауда режимі;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) тауар биржасының мүшелері – осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;»;
18) тармақша алып тасталсын;
19) тармақшадағы «тауар биржасына» деген сөздер «тауар биржасында биржалық саудаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-бапта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржалық сауда қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
6-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-3), 10-4) және 10-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-3) ауыл шаруашылығы өнімдерін қоспағанда, биржалық сауда қағидаларында көзделген жағдайларда бір сауда сессиясында сауда лотының ең жоғары мөлшерін белгілейді;
10-4) биржалық тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін және стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
10-5) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
3) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Тауар биржасы және оның міндеттері»;
4) 6-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «биржасының» деген сөзден кейін «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тауар биржасының жарғылық капиталы мыналарды құрайды:
биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде алты жүз мың еселенген мөлшері;
стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін – Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш жүз мың еселенген мөлшері.
Тауар биржалары жарғылық капиталды жүз пайыз ақшалай баламада қалыптастырады.
Ақшалай баламада қалыптастырылған жарғылық капитал тауар биржасының арнайы банктік шотындағы төмендемейтін ақшалай қалдықты білдіреді.»;
5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері
Мыналар тауар биржасының негізгі міндеттері болып табылады:
1) белгіленген қағидалар бойынша биржалық мәмілелер жасаудың барынша ашық жүйесі бар сауда тетігін құру;
2) тауарлардың ұйымдасқан нарығын дамыту;
3) тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуда жәрдемдесу;
4) биржалық тауарларға баға белгілеудің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етуде жәрдемдесу.»;
6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Биржалық сауда қағидалары
1. Биржалық сауда қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржалық саудаға қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Биржалық сауда қағидалары мыналарды қамтиды:
1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;
2) индустриялық сертификаты бар дилерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;
3) маркет-мейкерлер қызметінің шарттары;
4) биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану шарттары мен тәртібі;
5) клиенттерді биржалық сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі;
6) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген сауда режимдерінде биржалық сауда-саттық өткізу тәртібі;
7) биржалық сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі;
8) биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген жекелеген тауар түрлерімен биржалық сауда-саттық өткізуге (биржалық мәмілелер жасауға) қойылатын ерекше шарттар (сауда режимі, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін биржалық тауардың ай сайынғы (тоқсан сайынғы) көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);
9) стандартталмаған тауарлармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың ел ішіндегі құндылығын арттыруды көздейтін, тауарлармен жасалатын биржалық сауда тәртібі;
10) биржалық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау тәртібі;
11) биржалық сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;
12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі;
13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі;
14) тауар биржасындағы биржалық сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі;
15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері;
16) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі;
17) тауар биржасында биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді есепке алу және тіркеу, сондай-ақ стандартталған тауарлармен биржадан тыс мәмілелерді тіркеу тәртібі;
18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі;
19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі;
20) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды өткізу тәртібі;
21) өткізілетін биржалық сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі;
22) биржалық саудаға қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары;
23) тауарлар мен сауда-саттықты тауар биржасында секциялар бойынша бөлу және әрбір секцияға жекелеген талаптар қою тәртібі.
Мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен биржалық сауда-саттықты жүзеге асыратын секцияларға жекелеген талаптар мыналарды қамтиды:
тиісті стандартталған тауарды өткізуге жол берілетін тауар биржаларына қойылатын талаптар және тауар биржаларының осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібі;
тиісті стандартталған тауармен биржалық саудаға қатысушыларға қойылатын талаптар;
тиісті стандартталған тауармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар.
3. Тауар биржасы биржалық сауда қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы.»;
7) 11-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8) 13-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-5) тармақшамен толықтырылсын:
«2-5) клиенттерді биржалық сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеуді;»;
5) тармақша алып тасталсын;
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) биржалық саудаға қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;
11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалануды;»;
3-тармақ «дилерлік» деген сөзден кейін «, маркет-мейкерлік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тауар биржалары және биржалық саудаға қатысушылар қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шегіне сәйкес келуге міндетті.»;
9) 13-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік сатып алу тауар биржасында биржалық сауда қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
10) 13-2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) биржалық сауда қағидаларын сақтауға;»;
3-тармақтың 11) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) мынадай мазмұндағы 13-3-баппен толықтырылсын:
«13-3-бап. Көміртегі бірліктерімен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы
Көміртегі бірліктерімен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы мамандандырылған тауар биржаларына жатады.»;
12) 14-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тауар биржасының мүшелері жасаған мәмілелердің көлеміне қарай сараланған биржалық алым белгілеуге құқығы бар.
Индустриялық сертификаты бар және тауар биржасында өздері өндіретін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дилерлер үшін сараланған алым жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың ел ішіндегі құндылығының артуын ескере отырып және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып белгіленеді;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Биржалық саудаға қатысушылардан алынатын төлемдердің мөлшері тауар биржасының ішкі құжаттарында айқындалады және биржалық саудаға қатысушыларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.»;
13) 15-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен» деген сөздер «биржада Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттықтың биржалық саудаға қатысушыларымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды бұза отырып, тауар биржаларынан тыс жерде жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Биржалық сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ұлттық валютада жүзеге асырылады.»;
14) 15-1-бапта:
3-тармақтың 5) тармақшасындағы «аукционға» деген сөз «биржалық саудаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «сауданың үлгілік» деген сөздер «сауда» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Тауар биржалары биржалық сауда-саттықты қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізген кезде биржалық мәмілелерді сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.»;
15) 17-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша сауда-саттық өткізу кезінде клирингтік ұйымға сатып алу сомасының кемінде бір пайызы мөлшерінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету енгізіледі.»;
16) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Брокерлердің, дилерлердің және маркет-мейкерлердің қызметі. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия»;
17) 19-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өздері өндіретін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өзге қосымша талаптарсыз индустриялық сертификатты көрсете отырып тауар биржасында дилерлер ретінде аккредиттеледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тауар биржасы мынадай жағдайларда:
1) брокерлік және дилерлік қызмет тауар биржасында аккредиттелген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмағанда;
2) тауар биржасында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданғанда;
3) осы Заңның 21-бабының 3-тармағында көзделген әрекеттердің біреуі қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі реттен артық жасалғанда тауар биржасында брокерлік және дилерлік аккредиттеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы ең төменгі қатысу үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленетін, сондай-ақ өзінде бар азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жеке-дара басқаруды жүзеге асыратын жеке тұлға екі және одан да көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алмайды.»;
18) 19-1-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауар биржалары, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Тауар биржалары, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін бір ұйымның ғана мүшелері (қатысушылары) бола алады.»;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) брокердің, дилердің және маркет-мейкердің, тауар биржасының өтініші бойынша;»;
19) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы
1. Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржалық сауданы бұзушыларға шаралар қолданады.
2. Тауар биржасы брокерлер мен дилерлер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі үлгі стандарттар әзірлейді және бекітеді.
Брокерлер мен дилерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды бекітеді және тиісті шаралар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Клиенттермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) клиенттермен үлестес үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде брокерге:
1) биржалық мәміле жасау кезінде клиенттердің нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей немесе жанама қысым көрсетуге;
2) биржалық сауда-саттықта баға өтінімдерін әдейі жоғарылату (кеміту) мақсатында орындалуы көзделмейтін шарттар жасасуға (өтінімдерді беруге, кері қайтарып алуға);
3) өткізілетін биржалық тауарларға баға белгілеуге әсер ететін бағаларды белгілеу не ұстап тұру мәселелері бойынша екі және одан да көп клиент арасында келісімдер жасасуға (келіссөздер жүргізуге);
4) қандай да бір таңдалған клиенттің басқа клиентке мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын артықшылығын беруге;
5) биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін басқа брокерлермен және (немесе) дилерлермен биржалық сауда-саттықтың бәсекелестігін азайтуға бағытталған үлестес болуды пайдалануға тыйым салынады.»;
20) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Маркет-мейкерлердің қызметі
1. Тауар биржасы мен маркет-мейкердің өзара іс-қимылы келісім, сондай-ақ тауар биржасының ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
2. Маркет-мейкер биржалық сауда-саттыққа қатысады және бағаны, сұранысты, ұсынысты немесе биржалық сауда-саттық көлемін қолдауды жүзеге асырады.
3. Маркет-мейкердің биржалық сауда-саттыққа дилер ретінде кемінде үш жыл үздіксіз қатысу тәжірибесі болуға тиіс.
4. Маркет-мейкердің қызметі базалық активі стандартталған тауарлар болып табылатын биржалық сауда-саттықта ғана мерзімді келісімшарттармен жүзеге асырылады.
5. Маркет-мейкерлер қызметінің шарттары мен шектеулері биржалық сауда қағидаларында белгіленеді.»;
21) 23-баптың 2-тармағындағы «Брокерлер» деген сөз «Маркет-мейкерлер, брокерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе «мазутты» деген сөзден кейін «, жол битумын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша «, жол битумы» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін өзгерту мақсатында мұнай өнімдері базаларының резервуарында және (немесе) автожанармай құю станцияларының ыдыстарында жүзеге асырылатын компаундирлеу мұнай өнімдерін өндіруге жатпайды;»;
17) тармақша алып тасталсын;
3) 7-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
8), 21) және 21-4) тармақшалар алып тасталсын;
4) 8-баптың 10-2) тармақшасы алып тасталсын;
5) 12-бапта:
1-тармақтың 4), 5) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтағы «4), 5),» және «9),» деген цифрлар алып тасталсын;
3-тармақта:
6) тармақшадағы «мұнай өнімдері өндірісін» деген сөздер «жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдері өндірісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «мұнай өнімдерінің» деген сөздер «жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-бап алып тасталсын;
7) 19-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жол битумын өткізуге қолданылмайды.»;
3-тармақта:
4-тармақтың 7) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін осындай ыдыстардан мұнай өнімдерін ағызбай (тиеп-жөнелтпей) өткізуге жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жол битумын өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.
Мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізу мұнай өнімдерін сақтауға арналған тиісті резервуарлардан мұнай өнімдерін ағызбай (тиеп-жөнелтпей) жүзеге асырылуы мүмкін.»;
4-тармақтың 7) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты және импорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
Мұнай өнімдерін автожанармай құю станциясынан бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.
Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін сатып алу жағдайын қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттары жоқ мұнай өнімдерін сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.»;
4-тармақтың 8) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды