3. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк емес болып табылады.
4. Меншiк иесi немесе иеленушісі қол жеткізу немесе пайдалану шарттарын көрсетпей беретiн немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ еркін қол жеткiзуге болатын және берілу нысаны мен таратылу тәсiлiне байланысты болмайтын мәлiметтер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында қолжетімділігі шектелген не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда олардың меншiк иесi немесе иеленушісі қолжетімділігін шектеген мәлiметтердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.
Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын және құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлiнедi.
6. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік құпияларды құрамайтын мәліметтерді қамтитын, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында қолжетімділігі шектелген не олардың меншік иесі немесе иеленушісі қол жетімділігін шектеген электрондық ақпараттық ресурстар құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.
33-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі
1. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығының және өзге де мүліктік құқықтардың туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негiздерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленедi.
2. Заңды тұлғаның меншiгi болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оның мүлкiнiң құрамына кіреді.
3. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі мемлекет болып табылады.
Мемлекеттiк органдардың қарауындағы мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар олардың құзыретiне сәйкес мемлекеттiк мүлiк құрамында есепке алынуға және қорғалуға жатады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бағдарламалық қамтылымға, ақпараттық жүйелерге және интернет-ресурстарға меншiк құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа меншiк иелері немесе иеленушілері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, олардың көмегімен құрылатын және (немесе) оларда орналастырылған, басқа меншiк иелеріне немесе иеленушілеріне тиесiлi электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығын туғызбайды.
Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, басқа тұлғаға тиесілі ақпараттандыру объектілерінде құрылымдалған, машина оқи алатын форматта жасалатын және (немесе) орналастырылған өзіне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарды, егер бұл техникалық тұрғыда жүзеге асырылатындай болса, оларды өзге тұлғаға беру мақсатында алып қоюға құқығы бар.
5. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртiбiмен немесе ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстарды бiрлесiп пайдалану кезiнде өңделетiн электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесiне немесе иеленушісіне тиесiлi болады. Бұл жағдайда жасалатын туынды өнiмнiң тиесiлiгi және пайдаланылуы келісіммен реттеледi.
6. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен билiк етуге құқылы.
7. Жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға жатқызылған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен иеліктен шығарылуға жатады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Цифрлық активтер айналымының құқықтық режимі
1. Цифрлық актив төлем құралы болып табылмайды.
2. Цифрлық активтер қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып табылады.
Қамтамасыз етілген цифрлық активтерге цифрлық токен және қамтамасыз етілген цифрлық актив шығарған тұлға шығаратын (беретін) тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге мүліктік құқықтарды куәландыратын цифрлық құрал болып табылатын өзге де цифрлық активтер жатады. Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің түрлерін, сондай-ақ цифрлық токенмен куәландырылатын құқықтар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен цифрлық токенді шығаратын тұлға белгілейді.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен блокчейндегі консенсусты қолдауға қатысқаны үшін сыйақы ретінде алынған цифрлық токендер жатады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына тыйым салынады.
4. Цифрлық актив қаржылық құралдарға құқықты қамтамасыз етпейді және оның меншік иесіне немесе иеленушісіне заңды тұлғаға қатысты тиісті құқықтарды бермейді.
5. Цифрлық активке құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, деректердің таратылған платформасында цифрлық актив шығаратын тұлға блокчейндегі жазба арқылы куәландырады.
6. Ақпараттық жүйеге цифрлық активті немесе оған құқықтарды беру туралы мәліметтерді енгізуге мынадай шарттар орындалған кезде:
1) мәліметтерді енгізуді жүзеге асырған тұлғаның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, деректердің таратылған платформасында цифрлық актив шығаратын тұлғаның ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі болса;
2) деректердің таратылған платформасында цифрлық актив шығаратын тұлғаның ақпараттық жүйесі осы Заңда белгіленген талаптарға сай келсе, жол беріледі.
7. Цифрлық актив шығаратын тұлғаның ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар меншік иесі, иеленуші және пайдаланушы валидацияның берілген алгоритміне сәйкес өзгерістер енгізуге тең құқықтарға ие болады. Бұл ретте өзгерістер ақпараттық жүйенің барлық пайдаланушысында үндестіріледі.
8. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға цифрлық майнинг нәтижесінде пайда болған цифрлық активтердің меншік иесі болады.
9. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы хабарлайды.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
1. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтерді көрсету мақсатында қалыптастырылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру шеңберінде электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған деректерді басқару және оларды іске асырудан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөнiндегi қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi немесе иеленушісі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтай отырып, еркiн пайдалануға және таратуға құқылы.
4. Пайдаланушының электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалануы мен таратуы электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисінде мемлекеттік органдар жүйелерінің не өзге де ақпараттық жүйелердің мәліметтері негізінде қалыптастырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжаттарды көрсетуге сұрау салу және сұрау салуды өңдеу нәтижелерін алу ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжаттарға үшінші тұлғалардың қол жеткізуі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланушының келісуімен жүзеге асырылады.
35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік
1. Қолжетiмдiлiгi шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.
Мемлекеттік органдар жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың қазақ және орыс тілдерінде құрылуын қамтамасыз етеді.
2. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы ресурстардың меншік иесі айқындайды, оның ішінде олар электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері арасында келісімдер жасасу арқылы айқындайды.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Деректерге талдауды жүзеге асыру үшін құпия болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу электрондық ақпараттық ресурстарды иесіздендіруді қамтамасыз ету ескере отырып жүзеге асырылады. Деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректер операторға беріледі.
3. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі болып табылмайтын осы жүйенің иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі мен басқа да мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері арасында жасалатын келісім негізінде осы ресурстарға қолжетімділікті ұсынады.
4. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік мынадай тәсілдердің бірімен:
1) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу жөніндегі сұрау салуды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне электрондық поштаны пайдалана отырып және сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген өзге де тәсілдермен беру арқылы;
2) пайдаланушының жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге тікелей өтініш жасауы арқылы жүзеге асырылады.
5. Мыналарды:
1) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитындарын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлерді;
2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендiк апаттар, ауа райы, санитариялық-эпидемиологиялық және азаматтардың, елдi мекендер мен өндiрiстiк объектiлердiң тыныс-тіршілігі мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де жағдайлар туралы мәлiметтердi;
3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ресми мәлiметтердi;
4) мемлекеттiк органдардың, кiтапханалардың, архивтер мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерiнде жинақталатын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділіктi шектеуге болмайды.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар ашық деректерді жеке және заңды тұлғаларға ашық деректердің интернет-порталы арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға міндетті.
Ашық деректер, ашық бюджеттер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталдарының қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуді оператор жүзеге асырады.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға заңның бұзушылықтарын жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желілері арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.
36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға бөлінеді.
Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға дербес деректер субъектісінің келісуі бойынша өздеріне қол жеткізу еркін болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жатады.
Қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға өздеріне қол жеткізуді дербес деректердің субъектісі немесе Қазақстан Республикасының заңдары шектеген электрондық ақпараттық ресурстар жатады.
Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кезінде көпфакторлы аутентификациялау қолданылады.
2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне беру кезінде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауға және өңдеуге келісімін алуға міндетті.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсеткен кезде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелер арқылы жинауға және өңдеуге келісімі дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы беріледі.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектілерін немесе олардың заңды өкілдерін дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы автоматты режимде дербес деректер субъектілері немесе олардың заңды өкілдері «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген жағдайда, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және соттардың қызметін жүзеге асыруды, атқарушылық іс жүргізуді қоспағанда, ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде дербес деректерді пайдаланудың, өзгертудің және толықтырудың барлық жағдайлары туралы хабардар етуге міндетті.
5. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерден басқа, мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың нақты қателері және дәлсіздіктері анықталған жағдайларда, оларды жою мақсатында дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің сұрау салуын алғаннан кейін оларды өзгертуді және толықтыруды жүзеге асыруы мүмкін.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ жаңа редакцияда
5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсетуі «электрондық үкімет» порталында сәйкестендіріліп жазбаша түрде (оның ішінде, электрондық нысанда) жасалатын келісім негізінде, келісім жасасу үшін бір реттік парольді қамтитын қысқаша мәтіндік хабарлама жөнелте отырып немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан интернет сервистерін пайдалана отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өз атымен немесе бүркеншік атпен (ойдан шығарылған атпен) жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалған негізде және тәртіппен жүзеге асырылады. Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасасу кезінде пайдаланылатын ақпаратты бүкіл қолдану кезеңінде, сондай-ақ келісім бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға міндетті.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана автоматтандырылған өңдеу негізінде, оның ішінде дербес деректер субъектілерінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын интеллектуалдық робот арқылы шешімдер қабылдауына тыйым салынады, бұған көрсетілген шешім дербес деректер субъектісінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қабылданатын жағдайлар кірмейді.
Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектісінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын автоматтандырылған өңдеу пайдаланылатыны туралы дербес деректер субъектісіне хабар беруге міндетті.
Дербес деректер субъектісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Электрондық ақпараттық ресурстар деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес оларды иесіздендіру шартымен функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында серверлік үй-жайда орналасқан электрондық базада жүзеге асырады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ» АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ
37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi
1. Ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дәрежесі бойынша - жалпыға бірдей қолжетiмдi және қолжетiмдiлiгi шектелген болып табылады.
2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ мемлекеттiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк емес болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау бөлігінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне теңестіріледі.
4. Жалпыға бірдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.
5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.
6. Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер:
1) құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік шифрлау құралдарын және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өзге де қорғау құралдарын қолдана отырып қорғалуы жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер;
2) құпия ақпараттық жүйелер болып бөлінеді.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелерді құру, өнеркәсіптік пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату және қорғау, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер аудиті жүргізілмейді.
38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және: