28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бонитирлеу (бағалау) жүргізу болып табылады.
2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру болып табылады.
3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.
28-1-бап. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-2-бап жаңа редакцияда
28-2-бап. Республикалық палата
1. Республикалық палата асыл тұқымды малдарды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi.
3. Республикалық палата облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
4. Республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және палатаның алқалы органы қабылдаған жарғымен реттеледi.
5. Қазақстан Республикасының аумағында ірi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара малдың тиісті тұқымы жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының аумағында қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және құс шаруашылығы республикалық палаталары қойлардың, жылқылардың және құстардың әр өнімділік бағыты бойынша біреуден құрылады.
Қазақстан Республикасының аумағында түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы), қоян шаруашылығы, аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы республикалық палаталары ауыл шаруашылығы малының әр түрі бойынша біреуден құрылады.
6. Асыл тұқымды малдардың бір тұқымын немесе қойлардың, жылқылардың және құстардың өнімділік бағыттары бойынша өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жеке республикалық палатаны құру жұмыс істеп тұрған республикалық палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату шартымен жүзеге асырылады.
7. Республикалық палатаның кірісін (мүлкін) қалыптастыру көздері:
1) республикалық палата мүшелерінен жарналардың түсуі;
2) асыл тұқымдық куәліктерді беру бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістер (бланкінің құны);
3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-3-баппен толықтырылды; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-3-бап жаңа редакцияда
28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері
1. Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу мен үйлестіруге бірлесіп жауап беретін алқалы органнан, республикалық палата кеңесінен және атқарушы органнан тұрады.
2. Алқалы орган - республикалық палата мүшелерінің жиналысы, ол жоғары басқару органы болып табылады.
Алқалы орган республикалық палатаны дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша шешімдерді айқындайды және қабылдайды.
3. Республикалық палатаның жарғысына сәйкес республикалық палата кеңесін бір жыл мерзімге алқалы орган сайлайды және ол республикалық палата мүшелерінің мүдделерін білдіреді.
4. Республикалық палата кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және республикалық палатаның жарғысында белгіленген құзыретке сәйкес республикалық палата қызметіне жалпы басшылықты және оны басқаруды жүзеге асырады.
5. Республикалық палата кеңесіне ғылыми-бейінді ұйымдардың өкілдері мен республикалық палатаның мүшелері кіреді.
6. Республикалық палата кеңесінің төрағасы республикалық палата кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады және оны алқалы орган бекітеді.
7. Республикалық палата кеңесінің отырысы республикалық палата жарғысына сәйкес белгіленеді.
8. Республикалық палата кеңесі:
1) жұмыс регламентін айқындайды және атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2) республикалық палатаның бюджетін бекітеді;
3) алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;
4) алқалы органға атқарушы директор кандидатурасын бекітуге ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9. Атқарушы орган:
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығының таңдалған бағытына қарай асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;
2) уәкілетті орган бекіткен, малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және олардың өсімін молайту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес асыл тұқымды малдардың, оның ішінде асыл тұқымды тұқымдық малдардың асыл тұқымдық құндылығын айқындайды;
3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктер беруді (жоюды) жүзеге асырады;
4) импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тануды жүзеге асырады;
5) бюджет қаражаттары шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) субсидиялар бөлу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныс енгізеді;
6) таза асыл тұқымды малдар бойынша асыл тұқымдық кітаптарды бөлек жүргізеді және басып шығарады;
7) бонитирлеу (бағалау) туралы деректерге мониторингті жүзеге асырады және мүдделі тұлғаларға оның нәтижелері туралы хабарлайды;
8) алқалы органмен келісу бойынша тұқым стандартын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе мен асыл тұқымдық куәлік беруді - республикалық палатаға мүшелігіне қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші негізінде республикалық палата жүзеге асырады.
Асыл тұқымдық өнімге (материалға) асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар берген асыл тұқымдық куәліктер республикалық палата осындай асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе бергенге дейін өз күшін сақтайды.
6-тарау. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен алып тасталды
7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
дауларды шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жауаптылық
30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды
мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы
Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдіктермен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.
Қазақстан Республикасының
Президентi