292) 729-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусы осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке төленеді.»;
293) 734-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт аумағында (учаскесінде) өндіруді бастаған кезден және мына күндердің неғұрлым ертерегі басталғаннан бастап төлейді:
коммерциялық табуды жариялау;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өндіру кезеңіне (сатысына) ауысу;
пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру;
пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты жасасу.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеу жер қойнауын пайдаланушының тұрған жері бойынша бюджетке мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан аз соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылынан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей төленеді;
2) егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға барабар сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға барабар сомада, ұзақтығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінен артық емес, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлестермен төлейді.»;
294) 741-баптың 2-тармағындағы «3-тармағында» деген сөздер «3 және 4-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 295) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
295) 744-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бекіткен кен орнын әзірлеудің техникалық жобасында белгіленген нормаланатын ысыраптар шегінде салықтық кезеңдегі нақты ысыраптар көлемі шегеріле отырып, минералды шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі осы бөлімнің мақсаттары үшін айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
1-тармақтың 296) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
296) 745-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Егер пайдалы қазбаны өткізу бағасы шетел валютасында белгіленсе, онда 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған өткізу жөніндегі операциялар бойынша мұндай баға осы баптың 7-тармағының мақсатында өткізілетін, оның ішінде шартқа (келісімшартқа) сәйкес тек бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатқа меншік құқығы ауысқан күнге айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.»;
297) 746-бапта:
бірінші бөлік кестесінің 9 және 13-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
9. | Жанатын, химиялық және агрономиялық минералдық шикізат | Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар | 2,7% |
Фосфориттер | 4,0% |
Бораттар, оның ішінде бор ангидриті | 3,5% |
Калий және калий-магний тұздары | 6,0% |
Барит | 4,5% |
Тальк | 2,0% |
Гипс | 5,6% |
Күкірт | 6,0% |
Флюориттер | 3,0% |
Воластанит | 3,5% |
Шунгит | 2,0% |
Графит және басқалар | 3,5% |
»;
«
13. | Өзгелері | Кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын өзге де кендік емес минералды шикізат | 4,7%, бірақ көлем бірлігіне 0,02 АЕК-тен кем емес |
»;
мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте өндірілген тас көмірге, қоңыр көмірге, жанғыш тақтатастарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы бапта белгіленген мөлшерлемесіне мынадай жағдайларда:
1) табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы осындай өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі қызметтерді ұсыну үшін пайдаланған;
2) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды осы баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектісіне өткізген;
3) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына өткізген;
4) өндірілген тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар осы Кодекстің 239-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде пайдаланылған;
5) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға өткізген;
6) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды қайта өңдеген және (немесе) оларды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған;
7) энергия өндіруші ұйым болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждары және (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланған;
8) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждары және (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін энергия өндіруші ұйымға өткізген;
9) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды тауарларды өндіру кезінде оларды қайта өңдеуді және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарға өткізген жағдайларда 0, 01 коэффициенті қолданылады.»;
«Егер осы баптың бірінші бөлігі кестесінің 13-жолында көрсетілген кендік емес минералды шикізат бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы Кодекстің 744 және 745-баптарына сәйкес есептелген сомасы салықтық кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген осындай кендік емес минералды шикізаттың физикалық көлемі мен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 0,02 айлық есептік көрсеткішті көбейту сомасынан аз болса, осындай кендік емес минералды шикізат бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы осындай өндірілген кендік емес минералды шикізат көлемінің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,02 мөлшеріндегі мөлшерлеме бойынша айқындалады.»;
298) 747-баптың төртінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қабатының қысымын ұстап тұру үшін жерасты суларын, оның ішінде олардан өндірілген бу түрінде жер қойнауына кері айдау (техногендік суды сорып алу) кезінде;»;
1-тармақтың 298) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес көмірсутектермен ілеспе өндірілген және халық денсаулығы мен қоршаған ортаға қатер төндіретін жерасты суларын кәдеге жарату кезінде;»;
1-тармақтың 299) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
299) 748-баптың 2-тармағының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с № | Пайдалы қазбалардың атауы | Мөлшерлемелер, АЕК-пен |
1 | 2 | 3 |
1. | Осы кестенің 2 - 5-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы | 0,003 |
2. | Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру және (немесе) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру үшін табиғи монополия субъектісіне кейіннен өткізу үшін жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы | 0,001 |
3. | Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол алкоголь өнімін, алкогольсіз сусындарды және (немесе) тамақ өнімін (ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және (немесе) оны қайта өңдеуді қоспағанда) өндіру үшін пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты суы | 0,250 |
4. | Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру және (немесе) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру үшін табиғи монополия субъектісіне кейіннен өткізу кезінде шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты суының нақты ысыраптары | 0,005 |
5. | Осы кестенің 4-жолында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды жерасты суының, шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты судың нақты ысыраптары | 1,000 |
»;
300) 753-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа топтарын өндіруді көздемеген жағдайда, пайдалы қатты қазбаларды, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;»;
301) 766-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«766-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:
1) Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан кен орнында (кен орындарында) көмірсутектерді өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт;
2) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлауға және өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлауға және өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындары бойынша көмірсутектерді өндіруге және (немесе) барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының және үстеме пайда салығының орнына қолдануға құқылы.
Аталған құқық жер қойнауын пайдалануға арналған осы келісімшарттар жасалған күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттың қолданылуы аяқталған күнге дейінгі кезеңде қолданылады және өзгертілуге жатпайды.
Салық төлеуші осы құқықты қолдану туралы хабарламаны жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұрған жеріндегі салық органына жібереді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдер мен салықтар жөніндегі салықтық міндеттемесін орындаудың баламалы тәртібін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қалған барлық қолданылу кезеңіне жүргізіледі және өзгертуге жатпайды, бұл туралы салық төлеуші тұрған жеріндегі салық органына 2018 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей хабарлама жібереді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген хабарламалар белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және үстеме пайда салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау осы Кодекстің 84, 85 және 86-тарауларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
302) 774-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.»;
303) 775-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі «төлем» деген сөзден кейін «төлеушінің тұрғылықты жері бойынша,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 304) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
304) мынадай мазмұндағы 25-бөліммен толықтырылсын:
«25-бөлім. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компанияларға салық салу ерекшеліктері
90-тарау. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компанияға салық салу ерекшеліктері
777-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) интернет-алаң - тауарлардың электрондық саудасын ұйымдастыру үшін Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе;
2) тауарлармен электрондық сауда - тауарларды жеке тұлғаларға өткізу бойынша интернет-алаң арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет;
3) шетелдік компания - бейрезидент-заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметтің шетелдік ұйымының өзге нысаны;
4) электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтер - жеке тұлғаларға телекоммуникациялар желісі және Интернет арқылы көрсетілетін қызметтер.
778-бап. Шетелдік компанияны шартты тіркеу
1. Салық төлеуші ретінде шартты тіркеу үшін шетелдік компания мыналарды:
1) шетелдік компанияның толық атауын;
2) инкорпорация елінде немесе бейрезиденттің резиденттік елінде салықтық тіркеу нөмірі болған кезде осындай нөмірді (немесе оның аналогын);
3) бейрезиденттің инкорпорация еліндегі немесе бейрезиденттің резиденттік еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын);
4) жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын төлеу жүргізілетін банктік деректемелерді;
5) пошталық деректемелерді (ресми электрондық мекенжайды, инкорпорация елінде немесе бейрезиденттің резиденттік елінде орналасқан мекенжайын) көрсете отырып, растау хатты пошта арқылы қағаз жеткізгіште салық органына жібереді.
Осы бөлімнің мақсатында шетелдік компанияға осы Кодекстің 9-тарауының ережесі қолданылмайды.
779-бап. Жалпы ережелер
1. Мыналар:
тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын интернет-алаң арқылы;
электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компания қосылған құн салығын төлеуші деп танылады.
Осы тармақтың мақсатында осы Кодекстің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлға шетелдік компанияға жатпайды.
2. Қосылған құн салығын төлеуші жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын, егер мынадай шарттардың бірі орындалса:
сатып алушы-жеке тұлғаның тұрғылықты жері Қазақстан Республикасы болып табылса;
Қазақстан Республикасының аумағы сатып алушы-жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланатын банктік шот ашылған банктің немесе ол арқылы сатып алушы-жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша операторының тұрған жері болып табылса;
көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушы-жеке тұлғаның желілік мекенжайы Қазақстан Республикасында тіркелсе;
көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе оларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын телефон нөмірі (оның ішінде мобильді телефон нөмірі) елінің халықаралық кодын Қазақстан Республикасы берсе, осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді.
3. Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеушінің шот-фактураларды жазып беруі талап етілмейді.
4. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы, егер:
1) мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің кедендік құнына енгізілсе;
2) мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 50-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, осы Кодекстің 444-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, есептелуге және төленуге жатпайды.
780-бап. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы есептеледі.
Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің шетел валютасындағы құны тауар, көрсетілетін қызмет үшін төлем түскен күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
Шетелдік компания жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде есептелген қосылған құн салығын бюджетке әрбір тоқсан үшін тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету жүзеге асырылған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат; 2020 ж., № 9, 32-құжат; № 14, 70-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақшада:
«, 11-тараудың 2-параграфының және 71-тараудың» деген сөздер алып тасталсын;
«71-тарауды қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.» деген сөздер «630 - 632-баптарды, 633-баптың 1-3-тармақтарын, 4-тармағының 1) - 4), 6) және 7) тармақшаларын, 5 және 6-тармақтарын, 634-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) - 3) тармақшаларын, 3 - 5-тармақтарын, 635-бапты;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 11-тараудың 2-параграфының, 636 - 643-баптардың тақырыптарын, 11-тараудың 2-параграфын, 215-баптың 6-1-тармағын, 633-баптың 4-тармағының 5) тармақшасын, 634-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын, 636 - 643-баптарды қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.»;
2) 2-баптың 3), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Салық кодексінің 26-бабының 12-тармағы, 189-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 341-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, 372-бабы 5-тармағының 28) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;»;
«5) Салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы, 293-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы, 636-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары және екінші бөлігі, 77-1-тарауы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
6) Салық кодексінің мазмұнындағы 292-баптың тақырыбы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 225-бабы 2-тармағының 25) және 27) тармақшалары, 232-бабының 2-тармағы, 241-бабы 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабының 1-тармағының төртінші бөлігі, 2-тармағы, 264-бабының 20) тармақшасы, 288-бабы 2-тармағының 10) тармақшасы, 292-бабы, 300-бабының 11-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 15) және 16) тармақшалары, 319-бабы 2-тармағының 19), 20) және 42) тармақшалары, 394-бабының 41) тармақшасы, 407-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары, 616-бабының 29) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) мынадай мазмұндағы 30-2-баппен толықтырылсын:
«30-2-бап. Салық кодексінің 257-бабы 2-тармағының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:»;
«2. Осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9), 10) және 12) тармақшаларында, 341-бабы 1-тармағының 42) және 44) тармақшаларында көрсетілген, жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.»;
4) 31-1-бапта:
бірінші абзацтағы «2021» деген цифрлар «2022» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші абзац «стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 31-2-баптың бірінші абзацындағы «2021» деген цифрлар «2022» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) мынадай мазмұндағы 31-3-баппен толықтырылысын:
«31-3-бап. Салық төлеушінің 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған амортизациялық аударымдар шегерімге жатқызылған, бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін шеккен кейінгі шығыстарды да Салық кодексінің 7-бөлімінде көзделген тәртіппен амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерімдерге жатқызуға құқығы бар деп белгіленсін.»;
7) 33-бапта:
1) тармақшада:
бірінші абзацтағы «2021» деген цифрлар «2025» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы қырық алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«351-1-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері»;
2) тармақшада:
бірінші абзацтағы «2021» деген цифрлар «2025» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2-тармақтың 7) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 544-бабында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының оныншы абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
алтыншы абзац алып тасталсын.
он бесінші абзац «Мұндай тұлға» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 71-тарауында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 7) тармақшасының он екінші, он үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
отыз сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жұмыс берушінің жұмыскерлерді Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері жеткізуге байланысты шығыстары;»;
мынадай мазмұндағы жетпіс жетінші абзацпен толықтырылсын: