Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса ұсынылып отырған Журналистерді аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мәдениет және ақпарат саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген
Журналистерді аккредиттеу
қағидасы
1. Журналистерді аккредиттеудің осы Қағидалары (әрі қарай- Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес жасалды, ол бұқаралық ақпарат құралдары журналистерін мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда аккредиттеудің тәртібін белгілейді.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары журналистерін аккредиттеу (әрі қарай - журналистерді аккредиттеу) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдардың қызметі жөнінде жұртшылыққа кеңінен әрі жедел хабарлау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік орган немесе өзге ұйым (бұдан әрі - аккредиттеуші ұйым), бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі осы органдармен немесе ұйымдармен өз журналистерін келісім бойынша аккредиттелетін жағдайда, журналистерді аккредиттеуді жүзеге асырады.
4. Журналистерді аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.
5. Журналистерді аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның жанында олардың мекен-жайларына және олардың тұрақты тұрып жатқан жеріне қарамастан жүргізіледі.
6. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе өкілеттілігі негізінде редакция өз журналистерін аккредиттеу үшін мемлекеттік органдарға немесе өзге де ұйымдарға осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес өтініш береді.
Өтінішке қоса:
аккредиттелуші журналистің жеке бас куәлігінің көшірмесі;
бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі немесе телерадио таратуға өкілетті органнан берілген мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттіктің немесе теле-, радио арналардың есепке алу туралы куәлігінің көшірмесін тіркейді.
Өтініш бұқаралық ақпарат құралының редакциясының атынан берілген жағдайда, өтінішке осы тармақтың екінші бөліміндегі құжаттардан басқа бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті аккредиттеудің тиісті рәсімін өткізу үшін берілген сенімхат тіркеледі.
Өтініш интернет - ресурстың меншік иесі атынан берілген жағдайда, өтінішке осы тармақтың екінші бөліміндегі құжаттардан басқа интернет ресурсты меншігі екендігін дәлелдейтін құжат қосымша тіркеледі.
7. Өтінішті жеті жұмыс күні ішінде қарағаннан кейін аккредиттеуші ұйым төмендегі қабылданған шешім жөнінде жазбаша түрде хабарлайды:
1) журналистің аккредиттелгендігі туралы;
2) журналисті аккредиттеуден бас тартылғандығы туралы.
8. Журналисті аккредиттеуден бас тарту туралы шешім осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар жетіспеген жағдайда, өтініштің мазмұны талаптарға сәйкес келмесе және бұқаралық ақпарат құралының немесе теле-, радио арналардың қызметін тоқтата тұру туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда шығарылады.
9. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің немесе өкілеттілігі негізінде редакция аккредиттелген журналистті басқа журналистке ауыстырған жағдайда, оның аккредиттелуі осы Қағида тарауында көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
10. Аккредиттелген журналист аккредиттелу құқығынан бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің немесе бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің берген өкілеттігі негізінде редакцияның өтініші негізінде және заңды күшіне енген сот шешімі негізінде айырылады.
Журналистерді аккредиттеу
қағидаларына қосымша
Нысан
______________________________________________________________________________________________
Кімге (мемлекеттік органның, қоғамдық бірлестік пен ұйымның атауы)
_______________________________________________________________________________________________
Кімнен (бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің немесе редакцияның толық атауы: заңды тұлғаның және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты - жеке тұлға болған жағдайда)
ӨТІНІШ
Сізден журналисті (ерді) аккредиттеуді сұраймын
_________________________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, телефон, факс нөмірі, байланыстағы тұлғаның E-mail-ы)
Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе редакциясы туралы мәліметтер:
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе редакциясының толық атауы:
_________________________________________________________________________________________________
2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе редакцияның заңды мекен-жайы және орналасқан жері:
_________________________________________________________________________________________________
3. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе редакцияның телефон, факс нөмірлері:
_________________________________________________________________________________________________
Қоса ұсынылған құжаттар:
1. _______________________________________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________________________________________
3. _______________________________________________________________________________________________
Бірінші басшының/ жеке кәсіпкердің қолы
М.О. «___» ___________ ж.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 138 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат саласындағы
күші жойылған кейбір бұйрықтардың
тізімі
1. «Мемлекеттік органдардың немесе өзге ұйымдардың жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы» Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1037 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушысының № 1037 болып тіркелген 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы «Ережені бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 75 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде 2005 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу № 3397).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 296 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу № 3967, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған, № 240-241).