3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер, төлемақы салынатын объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімдерде:
1) осы Кодекстің 602-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда - салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 602-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда, салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.
599-бап. Төлемақы төлеушілер
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын алған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
600-бап. Салықтық кезең
Төлемақыны есептеу үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
601-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
602-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төлеушілердің алдыңғы жыл үшін электр байланысы (телекоммуникациялар) қызметтерін көрсетуден түскен кірістерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, есепті кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың нақты санына көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте есепті салықтық кезеңде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты берудің нақты кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер рұқсат құжатының негізінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы салықтық кезең басталатын күнге қолданыста болса (пайда болса)) немесе осындай құқық пайда болған айдың 1-күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер осындай құқық салықтық кезең аяқталатын күні болса (қолданыста болса)) айқындалады.
3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазады және оны төлеушіге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
Құқықты куәландыратын рұқсат құжаты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін алынған жағдайда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жібереді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Қалааралық және (немеес) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын куәландыратын рұқсат құжаты жоғарыда санамаланған төлемақы төлеу мерзімдерінің бірінен кейін алынған жағдайларда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарлама алынғаннан кейінгі келесі кезекті төлеу мерзімі бюджетке төлемақы енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылы алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен қайта бөлінеді.
69-тараудың 10-параграфының қолданысы халқының саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге қатысты 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңның 44-1-бабына сәйкес 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
10-параграф. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 603-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
603-бап. Жалпы ережелер
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін алынады.
2. Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
604-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақы төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді іске асыруға байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
605-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Жолдар санаты | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Қалаға кіреберістер | 8 |
| 2. | I, II | 7 |
| 3. | III | 3 |
| 4. | IV | 2 |
Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді:
| № р/с | Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| | республикалық маңызы бар қалада және астанада | облыстық маңызы бар қалада және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде | аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 ш.м-ге дейінгі сыртқы (көрнекi) жарнама | 2 | 1 | 0,5 |
| 2. | Лайтбокстар (сити-форматта) | 3 | 2 | 1 |
| 3. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | | | |
| 3.1. | 2-ден 5 ш.м-ге дейін | 5 | 3 | 1 |
| 3.2. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 10 | 5 | 2 |
| 3.3. | 10-нан 20 ш.м-ге дейін | 20 | 10 | 3 |
| 3.4. | 20-дан 30 ш.м-ге дейін | 30 | 15 | 5 |
| 3.5. | 30-дан 50 ш.м-ге дейін | 50 | 20 | 7 |
| 3.6. | 50-ден 70 ш.м-ге дейін | 70 | 30 | 12 |
| 3.7. | 70 ш.м-ден жоғары | 100 | 50 | 25 |
| 4. | Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): | | | |
| 4.1. | 30 ш.м-ге дейін | 30 | 20 | 6 |
| 4.2. | 30 ш.м-ден жоғары | 50 | 30 | 8 |
| 5. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, вымпелдардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама: | | | |
| 5.1. | 5 ш.м-ге дейін | 1 | 1 | 0 |
| 5.2. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
| 5.3. | 10 ш.м-ден жоғары | 3 | 2 | 1 |
| 6. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама: | | | |
| 6.1. | 2 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
| 6.2. | 2-ден 5 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
| 6.3. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 3 | 2 | 1 |
| 6.4. | 10 ш.м-ден жоғары | 8 | 4 | 2 |
| 7. | Жылжымалы жайма жарнама | 10 | 5 | 1 |
| 8. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | | | |
| 8.1. | 20 ш.м-ге дейін | 10 | 7 | 3 |
| 8.2. | 20 ш.м-ден жоғары | 15 | 12 | 8 |
| 9. | Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама | 3 | 2 | 1 |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқығы бар.
Ескертпе. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың әрбір көрініс, оның ішінде бейнекөрініс жағы түсініледі.
606-бап. Есептеу, төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:
1) хабарламада көрсетілген;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.
4. Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 11-параграфпен толықтырылды
11-параграф. Цифрлық майнинг үшін төлемақы
606-1-бап. Жалпы ережелер
1. Цифрлық майнинг үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында - төлемақы) цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемі үшін алынады.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде, уәкілетті органға төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
606-2-бап. Төлемақы төлеушілер
Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 606-3-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
606-3-бап. Төлемақы мөлшерлемесі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, цифрлық майнинг мақсатында төлемақыны есептеу есепті кезең үшін тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін бағасына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
| Р/с № | Тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін бағасы (теңгемен) | Электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңгемен) |
| 1. | 1-ді қоса алғанға дейін | 25 |
| 2. | 1-ден жоғары 2-ні қоса алғанға дейін | 24 |
| 3. | 2-ден жоғары 3-ті қоса алғанға дейін | 23 |
| 4. | 3-тен жоғары 4-ті қоса алғанға дейін | 22 |
| 5. | 4-тен жоғары 5-ті қоса алғанға дейін | 21 |
| 6. | 5-тен жоғары 6-ны қоса алғанға дейін | 20 |
| 7. | 6-дан жоғары 7-ні қоса алғанға дейін | 19 |
| 8. | 7-ден жоғары 8-ді қоса алғанға дейін | 18 |
| 9. | 8-ден жоғары 9-ды қоса алғанға дейін | 17 |
| 10. | 9-дан жоғары 10-ды қоса алғанға дейін | 16 |
| 11. | 10-нан жоғары 11-ді қоса алғанға дейін | 15 |
| 12. | 11-ден жоғары 12-ні қоса алғанға дейін | 14 |
| 13. | 12-ден жоғары 13-ті қоса алғанға дейін | 13 |
| 14. | 13-тен жоғары 14-ті қоса алғанға дейін | 12 |
| 15. | 14-тен жоғары 15-ті қоса алғанға дейін | 11 |
| 16. | 15-тен жоғары 16-ны қоса алғанға дейін | 10 |
| 17. | 16-дан жоғары 17-ні қоса алғанға дейін | 9 |
| 18. | 17-ден жоғары 18-ді қоса алғанға дейін | 8 |
| 19. | 18-ден жоғары 19-ды қоса алғанға дейін | 7 |
| 20. | 19-дан жоғары 20-ны қоса алғанға дейін | 6 |
| 21. | 20-дан жоғары 21-ді қоса алғанға дейін | 5 |
| 22. | 21-ден жоғары 22-ні қоса алғанға дейін | 4 |
| 23. | 22-ден жоғары 23-ті қоса алғанға дейін | 3 |
| 24. | 23-тен жоғары 24-ті қоса алғанға дейін | 2 |
| 25. | 24-тен жоғары | 1 |
Меншікті электр энергиясын пайдаланған кезде, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 10 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
2. Цифрлық майнинг мақсатында төлемақы Қазақстан Республикасының аумағындағы меншікті электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 25 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
3. Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған жағдайларда цифрлық майнинг мақсатында тұтынылған электр энергиясының көлемі электр энергиясының ең жоғары қуатын тәулік бойы тұтыну есебінен есептеледі.
4. Әртүрлі төлемақы мөлшерлемелерін қолданудың бірнеше негіздері бір мезгілде болған кезде анағұрлым жоғары төлемақы мөлшерлемесі қолданылады.
606-4-баптың қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 44-2-бабының редакциясында қолданылды
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 606-4-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
606-4-бап. Салықтық кезең және салық декларациясы
1. Төлемақыны есептеу үшін тоқсан салықтық кезең болып табылады.
2. Декларация салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
606-5-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын төлемақы төлеушілер цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.
2-тармақтың қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 44-3-бабының редакциясында қолданылды
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Төлемақы сомасы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуге жатады.
70-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ. КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ
1-параграф. Мемлекеттік баж
607-бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк баж уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпарат береді.
608-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесіне мемлекеттік баж сомаларын төлеу жөніндегі міндетті осындай құрылымдық бөлімше мүддесі үшін тиісті уәкілетті органдар заңдық мәні бар әрекеттер жасаған кезде жүктеуге құқылы.
609-бап. Алу объектілері
1. Мемлекеттік баж:
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сотқа берілетін әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан;
2) нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;
4) Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттар ресімдегені үшін;
5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдағаны және келіскені үшін;
6) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына визалар бергені, оны қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;
7) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мыналарды:
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды;
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды;
жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын);
жабайы жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) босқынның куәлігін қоспағанда, жеке басты куәландыратын құжаттар бергені үшін;
11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын иеленуге, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;
12) азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
13) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
15) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн;
16) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін есепке алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды сақтау үшін белгіленген мерзімнен аспайтын кезең ішінде сақтауда тұрған автомобильге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (телнұсқаларын) бергені үшін;
18) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның осы Кодекстiң 614-бабында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн;