Жергілікті өкілді органның мөлшерлемелерді төмендету немесе арттыру туралы шешімі ресми жариялануға жатады.
532-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салықтық кезең үшін осы Кодекстің 528-бабында көрсетілген әрбір салық салу объектісі бойынша жеке есептелген салық сомаларын қамтиды.
2. Егер салықтық кезең ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай объектіге меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) айқындалады.
3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды есептеледi.
4. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде салық сомасын қайта есептеу уәкілетті мемлекеттік орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағы 1) - 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:
құқық туындаған кезде - осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;
құқық тоқтатылған кезде - осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.
6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.
7. Меншік құқығын беретін тұлға салық салу объектісін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында салық салу объектісіне меншік құқығын беру жүргізілген жылдың алдындағы салықтық кезең үшін айқындалған салықтық база қолданылады.
8. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салықтық кезең үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен орналасқан шекаралардағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құн негізге алына отырып есептеледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстырған кезде осындай ауыстыру жүргізілген салықтық кезең үшін мүлік салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
533-бап. Салықтық кезең
1. 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.
16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
66-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
534-бап. Төлеушілер
Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
535-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатордың кассасы;
4) тотализатордың электрондық кассасы;
5) букмекерлік кеңсенің кассасы;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы.
536-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Салық салу объектісінің бір бірлігінен ойын бизнесі салығының мөлшерлемесі мыналарды құрайды:
1) ойын үстелі - айына айлық есептік көрсеткіштің 1 660 еселенген мөлшері;
2) ойын автоматы - айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері;
3) тотализатордың кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің
300 еселенген мөлшері;
4) тотализатордың электрондық кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 4 000 еселенген мөлшері;
5) букмекерлік кеңсенің кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшері.
Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
537-бап. Салықтық кезең
Күнтізбелік тоқсан ойын бизнесі салығы үшін салықтық кезең болып табылады.
538-бап. Салықты есептеу тәртібі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, әрбір салық салу объектісіне осы Кодекстің 535-бабында айқындалған тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда шығып қалған кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
539-бап. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
540-бап. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
541-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
542-бап. Салықты төлеу мерзімі
Ойын бизнесі салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.
17-БӨЛІМ. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
18-БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР
68-тарау. АЛЫМДАР
550-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тармақтың қолданысы 2023 ж. 1 сәуірден 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 57-15-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
1. Салық органдары, жергілікті атқарушы органдар және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) тіркеу іс-әрекеттерін;
2) цифрлық майнерлерге берілетін рұқсат беру құжаттарын қоспағанда, рұқсат беру құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру жөніндегі әрекеттерді жасаған кезде алатын бюджетке төленетін біржолғы төлемдер алымдар болып табылады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат беру құжаттары деп қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін келісімдер және салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда беретін, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын, рұқсаттарға жатпайтын құжат түсініледі.»;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу;
4) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
5) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
7) 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) теле- радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою;
9) 2020.02.07. № 354-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, салық органдары, жергілікті атқарушы органдар және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алынады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін беретін рұқсат құжаттары, келісімдер;
3) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат құжаттары (бұдан әрі - автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;
ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;
4) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;
6) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) рұқсаттар;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжат.
2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады)
3-1. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелеріне қарамастан, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілетін цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялар бергені үшін алым лицензия алған жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін осы Кодекстің 554-бабының 4-тармағында көзделген мөлшерде төленеді.
Алым мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және лицензиялық алым төленген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша (беру толық автоматтандырылғанға дейін) салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет ұсынады.
551-бап. Алым төлеушілер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
552-бап. Алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тармақтың қолданысы 2023 ж. 1 сәуірден 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 57-16-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
1. Алымдар сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және алымдарды төлеушінің орналасқан жері бойынша, осы Кодекстің 550-бабының 3-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға берілгенге дейін немесе рұқсат беру құжаттарын алғанға дейін төленеді.
2. Тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін өлшемдерін бұза отырып, автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей күн сайын банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомаларын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілерінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым салық органына тиісті құжаттар берілгенге дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұрған жері бойынша төленеді.
553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша - АЕК) еселенген мөлшерде айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тармағының кестесіндегі 2-жолдың 2-графасының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы графа 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңының 2-бабының редакциясында қолданылды
2. Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.1. | заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 6,5 |
| 1.3. | саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 14 |
| 2. | Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 2.1. | мемлекеттік тіркегені, қызметтің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
| 2.2. | қайта тіркегені үшін | 0,5 |
| 3. | Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 3.1. | тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) | 2 |
| 3.2. | қайта тіркегені, қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 - 16. | 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) |
| 17. | Жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 17.1. | жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін: | |
| 17.1.1. | жеке тұлғалардан** | 1 |
| 17.1.2. | заңды тұлғалардан | 5 |
| 17.1.3. | екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан | 0 |
| 17.2. | жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін** | 0,5 |
Ескертпе.
Нөлдік мөлшерлеме мыналарды мемлекеттік тіркеген кезде қолданылады:
1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.06.05. № 324-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мына адамдардың жылжымалы мүлік кепілі, кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасы: **
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі;