14. Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін қолдана отырып төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған базаны және кедендік баждардың, салықтардың тиісті бірыңғай мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.
15. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын сома кедендік баждардың есептелген сомасы мен салықтардың есептелген сомасын қосу арқылы айқындалады. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеу мынадай тәсілдермен:
1) кедендік баждар сомасын есептеу кедендік баждарды есептеуге арналған базаны және кедендік баждар мөлшерлемелерінің тиісті түрін қолдану арқылы жүргізіледі;
2) салықтар сомасын есептеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
16. Декларант немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті туындаған өзге де тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуші болып табылады.
17. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін шетелдік валютаны қайта есептеу тәртібі, оларды төлеу бойынша міндетті орындау кезі (төлем күні), кедендік баждар, салықтар мен өзге де ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) тәртібі осы Кодекстің 8, 9, 10 және 11-тарауларына сәйкес айқындалады.
Егер халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу жолаушыларға арналған кедендік декларация тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
18. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, осы Кодекстің 94-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес төлеуге жатады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлғалар уақытша әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар, аумағында осы Кодекстің 351-бабының 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төлеуге жатады.
19. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төлеуге жатады.
20. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы баптың 18-тармағына сәйкес мұндай кедендік төлемдер төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған шоттарға төленеді.
21. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы баптың 18-тармағына сәйкес кедендік баждар төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің валютасымен төленеді.
22. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшасыз тәртіппен не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
23. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу кезінде осы Кодекстің 74-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер төленбейді.
24. Кедендік декларациялау осы тарауға сәйкес жүзеге асырылатын тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды жеке тұлғалар кедендік кіріс ордері не Комиссия айқындайтын өзге де кедендік құжат негізінде төлейді.
25. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді осындай тауарлар шығаруды жүргізетін кеден органы кедендік декларациялау кезінде декларанттың мәлімдеген мәліметтері негізінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша есептейді.
Төлеуге жататын кедендік төлемдер сомаларын айқындау үшін қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы толық және анық мәліметтерді кеден органына мәлімдеу міндеті декларантқа жүктеледі.
26. Осы Кодекстің 351-бабы 6, 7 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды кеден органы бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың есеп-қисабымен есептейді.
Көрсетілген есеп-қисаптың нысанын, оны толтыру мен осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
350-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны
1. Дүниежүзілік пошта одағының және халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін актілерде көзделген құжаттар пайдаланылатын, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны чектерде, шоттарда, биркаларда және затбелгілерде немесе жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде оларға қатысты жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметті қамтитын осындай тауарларды сатып алу туралы өзге де құжаттарда көрсетілген құн негізінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделеді.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын мәлімдеуге негіз болған құжаттардың түпнұсқаларын, ал тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшірмелерін ұсынады.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны Дүниежүзілік пошта одағының және мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін актілерде көзделген құжаттарда мәлімделеді. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны ретінде, егер ол Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнынан асып кеткен жағдайда ғана халықаралық пошта жөнелтілімінің жарияланған құндылығы қаралады.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына оларды тасымалдау мен сақтандыру бойынша шығындар қосылмайды.
2. Жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растауға ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің анықтығын дәлелдеуге құқылы.
Жеке тұлға ұқсас тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың прайс-парақтарын, каталогтарын, жарнамалық проспектілерін және буклеттерін қосымша ұсынуы мүмкін.
3. Кеден органы жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын ұқсас тауарлардың бағасы туралы өзінде бар ақпараттың негізінде мынадай:
1) жеке тұлғада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәлімет қамтылған қажетті құжаттар болмаған;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметтердің болмауы және осындай тауарлармен бірге жүретін және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметтер қамтылған құжаттар болмаған;
3) олар туралы мәлімет жеке пайдалануға арналған декларацияланатын тауарлар мен жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін жеке тұлға ұсынған құжаттарда қамтылған жеке пайдалануға арналған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған;
4) егер жеке тұлға осы баптың 2-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығын дәлелдемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға ұсынған құжаттарда немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда анық емес мәліметтер бар екенін пайымдауға негізделген себептер болған;
5) ол бойынша осындай ұқсас тауарлар әдеттегі (нарықтық) сауда жағдайларында сатылатын немесе ұсынылатын сатып алу елінде ұқсас тауарлардың нарықтық құнының мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнымен сәйкес келмеген жағдайларда айқындайды.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы ақпарат ретінде кеден органы жеке тұлға ұсынған мәліметтерді ескере отырып, ұқсас тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың каталогтары мен сайттарында көрсетілген мәліметтерді де пайдалана алады.
5. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін ұқсас тауар деп әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың сипаттамаларына жақын сипаттамалары бар, яғни өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық, техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша жеке пайдалануға арналған декларацияланатын тауармен салыстыруға болатын тауар түсініледі.
351-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Декларанттың жолаушыларға арналған кедендік декларация қолданыла отырып, кедендік декларациялауға жататын, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті кеден органының жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, декларанттың жолаушыларға арналған кедендік декларация қолданыла отырып, кедендік декларациялауға жататын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті мынадай:
1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша міндетті орындау;
2) егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар төленбей не кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару;
3) осы баптың 7-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі бұл кезеңде басталмаған жағдайда, осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулердің қолданылу мерзімінің өтуі;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болуы мүмкін мерзім өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының әкетілуі;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болуы мүмкін мерзімі өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын бір мезгілде мынадай:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында осындай көлік құралдарын кедендік декларациялау уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім өткен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей немесе Комиссия айқындауға құқылы неғұрлым ұзақ мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылуы;
осындай көлік құралдарына қатысты осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмау шарттары сақтала отырып әкетілуі;
6) осындай орналастыруға дейін осы баптың 6-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, осы Кодекстің 347-бабының 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастыру;
7) осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы бапқа сәйкес осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің басталуын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
9) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан кеден органының бас тартуы;
10) осындай жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеу кезінде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қайтарып алу;
11) осындай кідірту туындағанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органының кідіртуі;
12) мұндай шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - егер бұрын осындай тауарларды еркін айналымға шығару жүргізілмесе, оларға қатысты қайтару туралы шешім қабылданған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған жеке пайдалануға арналған тауарлардың осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуі, уақытша сақтауға қойылуы не шығарылуы;
13) осы Кодекстің 353-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда;
14) осы Кодекстің 353-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған кедендік баждардың, салықтардың сомасына қатысты - осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау;
16) осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Комиссия нақ сол жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет әртүрлі тұлғаларда әртүрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше мәрте, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындаған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылатын мән-жайлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекетте басталған жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталғанын растау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.
4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды қоспағанда, еркін айналым мақсатында декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет (кедендік баждар, салықтар төлеуге жатады) жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарғанға дейін орындауға жатады.
5. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төлеуге жатады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдары осы Кодекстің 347-бабының талаптары бұзыла отырып, өзге тұлғаларға берілген жағдайда - беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралының шығарылу күні;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу жағдайларын қоспағанда, осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдары олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім шегінде жоғалған жағдайда - жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шығарылу күні;
3) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеуіне байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болған жағдайда - осы Кодекстің 347-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзімнің өту күні деп есептеледі.
7. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу талаптарын және (немесе) осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді бұзу әрекеттері жасалған жағдайда орындауға жатады.
Көрсетілген мән-жай басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып осындай әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса - жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару күні есептеледі.
8. Осы Кодекстің 347-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін берген жағдайда осындай уақытша әкелінген көлік құралы берілген тұлғаның декларантпен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болады.
9. Осы Кодекстің 347-бабының талаптарын бұза отырып, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзге тұлғаларға берген жағдайда, мұндай тұлғалардың осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының декларантымен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болады.
10. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларациялау кезінде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару жүргізілгендей төлеуге жатады.
Осындай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін соған сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мақсатында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары шығарылған жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
11. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар оған сәйкес аталған жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналым үшін шығарылған жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептелген және кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатылуына байланысты төленбеген кедендік баждардың, салықтардың сомалары мөлшерінде төлеуге жатады.
12. Осы Кодекстің 342-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жерінде уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
13. Осы Кодекстің 342-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет өзінің тұрақты және уақытша тұратын жерінде осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу;
2) егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер белгіленбесе, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкетілетін осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау мерзімі өткенге дейін әкету;
4) осы бапқа сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің басталған жағдайларын қоспағанда, аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
6) жою кедендік рәсіміне немесе мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен тауарлардың орналастырылуы;
7) осындай кідіртуге дейінгі туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдарының жеке пайдалануға арналған тауарларды кідіртуі;
8) осы Кодекстің 353-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған кедендік баждардың, салықтардың сомасына қатысты - осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау;
10) осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау;
11) осы Кодекстің 353-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда тоқтатылады.
14. Осы Кодекстің 342-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
15. Осы баптың 14-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар жоғалған жағдайда - осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса - жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған өтінішті кеден органының тіркеген күні;