4) медиатор маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
5) медиатор медиацияны жүзеге асыруға қабілетті тіл туралы мәліметтер;
6) медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.
4. Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі медиаторларды осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келген кезде тиісті өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар ету тәртібімен қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізеді.
Медиаторды қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізбеген жағдайда облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тиісті өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде уәжді жауап беруге міндетті.
5. Қоғамдық медиаторлардың тізілімі қазақ және орыс тілдерінде облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурсында не жұртшылыққа қолжетімді жерлерде орналастырылуға және оған қоғамдық медиаторлардың енгізілуіне қарай жаңартылып отыруға тиіс.
Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі қоғамдық медиаторлар тізілімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға құқылы.
3-тарау. Медиацияны жүргізу
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Медиацияны жүргізу тәртібі мен тәсілдері
1. Медиация тараптар мен медиатордың өзара келісуі бойынша:
1) тараптардың медиатормен жеке-дара және (немесе) бірлескен кездесулері түрінде;
2) тараптардың медиатормен жеке-дара және (немесе) бірлескен телефонмен әңгімелесулері арқылы;
3) тараптардың медиатормен бейне-конференц-байланыс арқылы жеке-дара және (немесе) бірлескен әңгімелесулері түрінде;
4) тараптар мен медиатор арасында электрондық хабарлар алмасу арқылы;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланыла отырып, осы Заңның талаптарына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.
2. Тараптардың келісуімен медиаторлар ұйымдары бекіткен медиацияны жүргізу тәртібі (регламенті) қолданылуы мүмкін.
18-бап. Медиацияны жүргізу орны және уақыты
1. Тараптар өздерінің қалауы бойынша медиацияны жүргізу орны туралы уағдаласа алады.
2. Медиатор медиацияны жүргізу күні мен уақытын тараптардың келісімімен айқындайды.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Медиацияға қатысушылар медиация рәсіміне тараптардың бастамасы бойынша және келісуімен техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатыса алады.
Медиация тараптары дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға құқылы.
19-бап. Медиацияны жүргізу тілі
Тараптар медиацияны жүргізу барысында пайдаланылатын тіл немесе тілдер туралы өздерінің қалауы бойынша уағдаласа алады.
20-бап. Медиацияны жүргізу шарттары
1. Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
3. Судьялардың және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының тараптарды қандай да болмасын нысанда медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
4. Тарапқа медиацияға жүгінуге ұсынысты басқа тараптың өтініші бойынша, сот немесе қылмыстық қудалау органы жасауы мүмкін.
5. Медиацияны жүргізу медиация тараптары медиация туралы шарт жасасқан күннен басталады.
6. Егер тараптардың бірі медиацияға жүгіну туралы ұсынысты жазбаша түрде жіберсе және оны жіберген күннен бастап он күн ішінде немесе ұсыныста көрсетілген өзге де орынды мерзімде медиация рәсімін қолдануға басқа тараптың келісімін алмаса, мұндай ұсыныс қабылданбаған болып есептеледі.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Медиацияны жүргізу үшін тараптар өзара келісу бойынша бір немесе бірнеше медиаторды таңдайды. Егер азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тараптар өзара келісу бойынша басқа медиаторды (медиаторларды) таңдаймын деп шешсе, олар бұл туралы сотты не қылмыстық қудалау органын хабардар етуге міндетті.
8. Медиаторлар ұйымы, егер тараптар аталған ұйымға тиісті өтініш жіберсе, медиатордың (медиаторлардың) кандидатурасын ұсына алады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Медиацияны өткізу мерзімдері осы Заңның 23-бабы 1-тармағының және 24-бабы 4-тармағының талаптарын ескере отырып, медиация туралы шартпен айқындалады.
Егер медиация азаматтық, әкімшілік не қылмыстық процесс шеңберінен тыс жүзеге асырылатын болса, медиатор мен тараптар аталған рәсім күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тоқтатылуы үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға тиіс. Айрықша жағдайларда шешілетін даудың (дау-шардың) күрделілігіне, қосымша ақпаратты немесе құжаттарды алудың қажеттілігіне байланысты медиацияны жүргізу мерзімі медиация тараптарының уағдаласуы бойынша және медиатор келіскен кезде ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспайды.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұны
1. Тараптар дауды (жанжалды) медиация арқылы шешу туралы өзара келіскен жағдайда жазбаша түрде ресімделген медиация туралы шарт жасалады.
Медиатор және тараптар тараптардың бірінің немесе медиатордың сұрау салуы бойынша түпнұсқаларды кейіннен бере отырып, электрондық пошта арқылы медиация туралы шарттың қол қойылған цифрлық көшірмелерімен алмасуы мүмкін.
2. Медиация туралы шарттың маңызды талаптары мыналар болып табылады:
1) медиация туралы шарттың жасалған күні және орны;
2) дау (жанжал) тараптарының атауы, өкілеттіктері көрсетіле отырып олардың өкілдерінің тегі және аты-жөні, лауазымдары;
3) даудың (жанжалдың) нысанасы;
4) медиация тараптары таңдаған медиатор (медиаторлар) туралы, медиаторлар ұйымы туралы мәліметтер;
5) медиацияны жүргізуге байланысты шығыстардың, ал медиация кәсіби негізде жүзеге асырылған жағдайда - медиацияны жүргізгені үшін медиаторға (медиаторларға) сыйақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;
6) медиацияны жүргізу тілі;
7) тараптардың медиацияны жүргізудің құпиялылығы туралы міндеттемесі және мұндай міндеттемені орындамаудың салдары;
8) медиация тараптарының дауын (жанжалын) реттеуге қатысатын медиатордың (медиаторлардың) медиация тараптары үшін нұқсан (залал) келтірген әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жауаптылығының негіздері мен көлемі;
9) тараптардың деректемелері (жеке басты куәландыратын деректер, тұрғылықты жері, байланыс телефондары);
10) медиацияны жүргізу мерзімі;
11) медиацияны жүргізу тәртібі;
12) медиацияға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;
13) медиацияны тоқтату тәртібі мен негіздері;
14) медиатор (медиаторлар) және медиация тараптары айқындаған өзге де талаптар.
22-бап. Медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар
1. Медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар мыналарды қамтиды:
1) медиаторға сыйақы төлеу;
2) медиацияны жүргізуге байланысты медиатор шеккен шығыстар, оның ішінде дау қаралатын жерге жол жүру ақысын төлеуге, қонақүйде тұруға және тамақтануға арналған шығыстар.
2. Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы да, тегін негізде де жүзеге асырады.
3. Кәсіпқой медиатор (медиаторлар) сыйақысының мөлшері медиация басталғанға дейін медиатормен (медиаторлармен) тараптардың келісімі бойынша айқындалады.
4. Егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, медиацияны жүргізуге байланысты шығыстарды тараптар бірлесіп тең үлестермен төлейді.
5. Егер медиатор өзінің бейтараптығына кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты медиацияны жүргізуден бас тартса, ол тараптардың өзіне төлеген ақшалай сомасын қайтаруға міндетті.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Қоғамдық медиаторлардың қызметі өтеусіз негізде жүргізіледі. Аталған медиаторларға осы Заңның 21-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, медиацияны жүргізуге байланысты өздері шеккен шығыстар өтеледі.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23-бап. Медиацияның жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқық тық қатынастар және өзге де қоғамдық қатынастар саласындағы ерекшеліктері
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда медиацияны жүргізу мерзімі тараптардың өзара шешімі бойынша күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Медиация сот қарауында жатқан, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда медиацияны жүргізу мерзімін тараптар кейіннен сотқа бірлескен жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Сот қарауында жатқан, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу сатысындағы материалдар бойынша, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Азаматтық немесе әкімшілік процесс шеңберінде жүргізілетін медиация тоқтатылған кезде тараптар іс жүргізуінде іс жатқан сотқа дереу:
1) дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда - аталған келісімді;
2) өзге жағдайларда - осы Заңның 26-бабында көзделген негіздерді көрсете отырып, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 24-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері
1. Тараптардың медиация туралы шарт жасасуы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрмайды.
2. Медиацияға қатысу фактісі медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының кінәні мойындауының дәлелі бола алмайды.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған адам болса, педагогтің немесе психологтің немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің қатысуы міндетті.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша медиация Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.
5. Дау-шарды реттеу туралы келісімге қол қоюдан бас тарту медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының жағдайын нашарлата алмайды.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қылмыстық процесс шеңберінде және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізілетін медиация тоқтатылған кезде тараптар іс жүргізуінде қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан, қылмыстық процесті немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін органға дереу:
1) дау-шарды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда - аталған келісімді;
2) өзге жағдайларда - осы Заңның 26-бабында көзделген негіздерді көрсете отырып, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
25-бап. Медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері
1. Некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі мүмкін.
2. Медиацияны жүргізген кезде медиатор баланың заңды құқықтарын ескеруге тиіс.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Егер медиация барысында баланың қалыпты өсуіне және дамуына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін немесе оның денсаулығы мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін фактілер анықталса, медиатор баланың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын органға жүгінуге міндетті.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
25-1-бап. Медиацияның сот актісін орындау сатысындағы ерекшеліктері
1. Сот орындаушысына ұсынылған медиация туралы шарт атқарушылық іс жүргізуді күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.
2. Сот актісін орындау сатысында жасалған дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді тараптар сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін шығарған сотқа бекітуге ұсынады.
3. Атқарушылық іс жүргізу тараптар сот актісін орындау сатысында дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жасасқан және оны сот орындаушысына ұсынған жағдайда тоқтатылады.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
26-бап. Медиацияны тоқтату
1. Медиация:
1) тараптар дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге қол қойған жағдайда - мұндай келісімге қол қойылған күннен бастап;
2) медиатор дауды (жанжалды) медиация арқылы шешу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайларды анықтаған жағдайда;
3) тарап (тараптар) медиациядан жазбаша бас тартқан жағдайда - тарап (тараптар) жазбаша бас тартуға қол қойған күннен бастап;
4) тараптардың біреуі медиацияны жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда - қолжетімді байланыс құралдарымен хабардар етілген кезден бастап;
5) медиацияны жүргізу мерзімі аяқталған жағдайда - осы Заңның 23 және 24-баптарының ережелері ескеріле отырып, ол аяқталған күннен бастап тоқтатылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, медиатор тараптың (тараптардың) талап етуі бойынша медиация рәсімін тоқтату себебін көрсете отырып, медиация рәсімнің тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.
27-бап. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
Егер тараптар бір-біріне түпнұсқаларды одан әрі ұсынбай, электрондық пошта арқылы келісімнің қол қойылған цифрлық көшірмелерімен алмасса, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімнің де заңды күші болады.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімде жасалған күні мен орны, медиация тараптары, олардың өкілдері, даудың (жанжалдың) нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ тараптармен келісілген міндеттемелер, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарлары қамтылуға тиіс.
Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге медиатор (медиаторлар) қол қоюға тиіс.
3. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Іс сотта қаралғанға дейін жасалған дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Мұндай келісім орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Азаматтық немесе әкімшілік процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен бекітеді.
Бұл ретте төленген мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды жәбірленушімен татуластыру арқылы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді білдіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша медиация тараптарды татуластыру арқылы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді білдіреді.
7. Аталған келісім дереу іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Мүлікті бөлу немесе мүлікті кепілге қою туралы дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және (немесе) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін негіз болып табылады.
8. Дау-шарды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9. Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді орындаудан жалтарған жағдайда мүдделі тарап Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды
27-1-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері
1. Әкімшілік сот ісін жүргізуде дауларды (жанжалдарды) қарау кезінде жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде ғана медиацияға жол беріледі.
2. Мұндай істер бойынша медиация мүмкіндігіне мұндай мүмкіндік Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған немесе тиісті жария-құқықтық қатынастың мәніне қайшы келмейтін жағдайларда жол беріледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 28-і.
№ 401-IV ҚРЗ