5-тармағының 3) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 6-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды;
4) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды;»;
5-тармағының 4) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 7-бапта:
49) тармақша «көлемі» деген сөзден кейін «, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4), 59-5) және 59-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«59-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59-2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін айқындайды;
59-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу және олардың ақысын төлеу тәртібін айқындайды;
59-4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
59-5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
59-6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;»;
92) тармақша «көлемі» деген сөзден кейін «, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 5) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 12-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы «денсаулық сақтау ұйымдарын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;»;
5-тармағының 6) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 13-бап мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
21-2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
21-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;»;
5-тармағының 7) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 28-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қадағалау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
екінші және үшінші бөліктердегі «профилактикалық бақылау мен қадағалау» деген сөздер «профилактикалық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 32-баптың 2-тармағында:
«Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі нысанында мемлекеттік бақылауды, жоспардан тыс тексерулерді, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды» деген сөздер «Профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тексерудің немесе профилактикалық бақылаудың» деген сөздер «профилактикалық бақылаудың, тексерудің немесе тергеп-тексерудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 9) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 33-бап алып тасталсын;
5-тармағының 10) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) 35-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты жүргізеді.
Денсаулық сақтау субъектісі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерге мониторинг нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мониторинг нәтижелеріне медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға шағым жасауы мүмкін;»;
5-тармағының 11) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 36-бапта:
4-тармақтағы «және профилактикалық бақылау мен қадағалау» деген сөздер «, профилактикалық бақылау, тергеп-тексеру және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
5-тармағының 12) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 40-бап алып тасталсын;
5-тармағының 13) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 42-бапта:
«профилактикалық бақылау мен қадағалау» деген сөздер «профилактикалық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармағының 14) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылаудың мақсаттары:
1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) беру;
2) оларға әкімшілік жүктемені азайту;
3) өнім мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштеріне, қоршаған ортаның сапасына қатысты және өнімге, көрсетілетін қызметтерге және қоршаған ортаға ықтимал әсер ететін өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін мекендеу ортасының адамның денсаулығына әсері туралы анық ақпаратты алу;
4) уланулардың туындауы мен инфекциялық аурулар, кәсіптік аурулар тұтануының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың туындауын болжау мүмкіндігі;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
6) штаттан тыс ахуалдарға жедел алдын ала отырып ден қою;
7) басшылар мен жұмыскерлердің санитариялық-гигиеналық хабардар болуы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;
8) жұртшылыққа қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі субъектілердің (объектілердің) қызметі және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдер туралы хабар беру болып табылады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, камералдық бақылауды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі;
2) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өкіліне немесе лауазымды адамына қолын қойғызып табыс етіледі;
3) «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.
6. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ұсынымды орындауы деп танылады.
7. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) іріктеуге негіз болып табылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды арнаулы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.»;
5-тармағының 15) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 45-баптың тақырыбындағы «профилактикалық бақылау мен қадағалаудың» деген сөздер «профилактикалық бақылаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 16) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 54-баптың 3-тармағында:
«Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі нысанында мемлекеттік бақылауды, жоспардан тыс тексерулерді, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды» деген сөздер «Профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тексерудің немесе профилактикалық бақылаудың» деген сөздер «профилактикалық бақылаудың, тексерудің немесе тергеп-тексерудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 17) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
17) 69-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтердің ақысын төлеуге;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.»;
18) 104-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мониторингтік топтар құруы мүмкін.
Құрылған мониторингтік топтар, олардың құрамы және өкілеттіктері туралы ақпарат, сондай-ақ мониторингтік топтың әрекет ету алгоритмі бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылады.
Мұндай топтардың қызметі жеке және заңды тұлғалардың инфекциялық аурулардың таралу қатерінің алдын алуға байланысты қоғамдық тәртіпті, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтауына мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Мониторинг жүргізу тексеру болып табылмайды және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарына жатпайды.
Мониторинг жүргізу үшін көрсетілген топтар объектіге барған кезде көрсететін, мониторинг тағайындау туралы электрондық нысандағы актіні алу үшін ақпараттық ресурста алдын ала тіркелуді жүзеге асырады.
Мониторингтік топтардың инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бұзылу белгілерін көрсететін фото- және бейнеақпаратты кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберу үшін, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына араласпай және заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмей, жинауға құқығы бар.
Мониторингтік топтардың құзыретіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау жатпайды.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мониторингтік топтың құрамында мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі болған жағдайда, мониторингтік топ шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің шарттарын бұзушылықтарды сол жерде, тіпті кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтата тұруға дейін жолын кесуге құқылы. Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі тікелей жүргізеді.
Мониторингтік топтар өз қызметін инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары шеңберінде жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектісін мониторингтеу нәтижелері бойынша инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы береді.
Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Мониторингтік топтар қызметін жүзеге асырған кезде кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және заңнамасына сәйкес меншікке қол сұғылмаушылықты қоса алғанда, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.»;
5-тармағының 19) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19) 125-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық оңалту уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша жіті жай-күйлерден, хирургиялық араласудан, жарақаттардан, сондай-ақ олардың салдарынан кейін көрсетіледі.»;
5-тармағының 20) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«143-бап. Ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған, арнаулы мекемелерге орналастырылған, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету
1. Ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.
2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады.
4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.».
5-тармағының 21) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
21) 152-баптың 2-тармағындағы «және Ішкі істер министрлігімен» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармағының 22) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
22) 195-баптың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;»;
5-тармағының 23) тармақшасы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
23) 202-баптың 3-тармағында:
бірінші абзацтағы «адамдарға» деген сөзден кейін «, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «тегін» деген сөз «қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарды қоспағанда, тегін» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасына, оның орынбасарларына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының өзге де қызметкерлеріне ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы беріледі.»;
2) 4-1-тарау мынадай мазмұндағы 20-8-баппен толықтырылсын:
«20-8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерін іссапарға жіберу
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлері Қазақстан Ұлттық Банкінің алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында реттелетін тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің іссапарға жіберілген қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тәртіппен және шарттарда айқындалады.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің іссапарға жіберілген қызметкерлерін және олармен бірге жүретін отбасы мүшелерін (жұбайын (зайыбын), кәмелетке толмаған балаларын, кәмелетке толмаған асырап алған балаларын, сондай-ақ кәмелетке толған, еңбекке жарамсыз балаларын және (немесе) ата-аналарын) әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету, кепілдіктер беру шарттары, өтемақылар мен өзге де төлемдерді төлеу, оның ішінде залалды өтеу шарттары Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті актісінде айқындалады.».
7-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
7. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың а) тармақшасындағы «пробация қызметіне», «пробация қызметінің» деген сөздер тиісінше «жергілікті атқарушы органдарға», «олардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
8-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-бапта:
2-тармақтағы «Ішкі істер министрлігі,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық қызмет көрсету үшін үй-жайлар береді және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.»;
3-тармақтағы «мекеменің» деген сөз «ұйымдардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 24-баптың 3-тармағындағы «дәрі-дәрмектермен» деген сөз «дәрілік заттармен» деген сөздермен ауыстырылсын;