3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.
3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу, саяжай құрылысы үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң жерлерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және босалқы жерлерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.
Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.
4. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергiлiктi атқарушы органдар оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiне тұрақты тұрғылықты жерiне жол жүру және мүлкiн тасымалдау шығындарын қамтитын бiржолғы жәрдемақыларды белгiлей алады.
5. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiне, осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген жеңiлдiктерден және әлеуметтiк көмектiң өзге де түрлерiнен басқа, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тұрғын үй салуға, оны қалпына келтiруге немесе сатып алуға жеңiлдiктi кредиттiк қарыз ұсынылады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген оралмандар:
1) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстандыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңiрден тыс жерлерге өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған;
2) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайларда тұрғын үй салу, оны қалпына келтiру немесе сатып алу үшін өздері алған жеңiлдiктi кредиттiк қарызды мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге мiндеттi.
24-бап. Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмге жүзеге асырылады.
2. Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары құрылады.
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тұруының тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетудің тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Оралман мәртебесiнiң тоқтатылуы
Оралман мәртебесi:
1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн;
2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда;
3) егер ол Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш бермеген болса, оралман мәртебесiн алған күннен бастап жеті жыл өткен соң;
4) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстану үшiн белгiленген өңiрден тыс жерге оралман өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған жағдайда тоқтатылады.
26-бап. Оралмандардың құқықтары мен міндеттері
1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің:
1) жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға;
2) жеңілдіктерді, өтемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қолда бар құжаттарының негізінде атын, әкесінің атын (ол болғанда) және тегін қазақ тілінде дұрыстап жазуға құқығы бар.
2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға олардың оралман мәртебесін беру туралы өтініштерін қарауға қажетті анық мәліметтерді ұсынуға;
2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық қарап-тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
3) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына жолдама алған жағдайда, күнтізбелік үш күннің ішінде сонда қоныстануға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген үй-жайды босатуға;
4) уақытша орналастыру орталықтарында және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
4-тарау. Отбасын біріктіру мақсатында көшіп келу
27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері
1. Мына адамдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан көшіп келушілер мен бизнес-көшіп келушілер шақырушы адамдар болуы мүмкін.
2. Шақырушы адамдардың отбасын біріктіру мақсатында шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі туралы қолдаухат беруге құқығы бар.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы (зайыбы);
2) он сегіз жасқа толмаған, некеде тұрмайтын және шақырушы адамның асырауындағы және (немесе) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) балалар, оның ішінде асырап алған балалары;
3) он сегіз жастан асқан, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына байланысты себептер бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз балалар, оның ішінде асырап алған балалары;
4) шақырушы адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз ата-аналары;
5) оларды күтіп-бағу шақырушы адамның міндеті болып табылатын, отбасының өзге де мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін шақырушы адамның отбасы мүшелері болып табылады.
4. Шақырушы адамның мына отбасы мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына жіберіледі:
1) егер Қазақстан Республикасының азаматы шақырушы адам болса - осы баптың 3-тармағында аталған барлық адамдар.
Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат кейіннен жыл сайын ұзарту құқығымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі;
2) егер уақытша (кемінде екі жыл мерзімге) тұруға рұқсат алған этникалық қазақ немесе бұрынғы отандас шақырушы адам болса - осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар.
Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі;
3) егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келуші немесе Қазақстан Республикасында кемінде екі жыл үзіліссіз тұратын бизнес-көшіп келуші шақырушы адам болса - осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар.
Тұрақты тұруға арналған рұқсаты бар шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту құқығымен бір жылға беріледі.
Бизнес-көшіп келуші болып табылатын шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі. Бұл ретте шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілердің мынадай санаттарының:
1) оқу, кәсіптік даярлықтан өту және (немесе) тағылымдамадан өту кезеңіне білім алу мақсатында көшіп келушілердің (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер мен тағылымдамадан өтушілер);
2) маусымдық шетелдік қызметкерлердің;
3) гуманитарлық уәждер бойынша көшіп келушілердің отбасы мүшелеріне қатысты отбасын біріктіру мақсатында көшіп келуге жол берілмейді.
28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі
1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза шақырушы адамның отбасын біріктіру туралы қолдаухатының негізінде беріледі.
2. Шақырушы адамның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасына келуге виза алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш пен мынадай құжаттарды:
1) шақырушы адамның қолдаухатын;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шақырушы адамның уақытша тұруға арналған рұқсатының нотариатта куәландырылған көшірмесін;
3) шақырушы адамның және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмесін;
4) шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде ақшасының болуы растамасын;
5) шақырушы адамда Қазақстан Республикасының аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда көлемі белгіленген ең төмен нормативтерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келетін тұрғын үйдің болуы растамасын;
6) шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандыруды;
7) шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
8) отбасының кәмелетке толған мүшелерінің соттылығы болуын не болмауын растайтын құжатты ұсынады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілерге, уақытша тұруға арналған рұқсаттың берілуі солардың болуына байланысты болатын мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған жағдайларда (кәмелетке толуы, біріктіруді сұраған адамның қайтыс болуы, соның негізінде біріктіру жүргізілген некенің бұзылуы немесе күшінің жойылуы), осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген осыған қажетті қаржы қаражатының болуы расталған жағдайда, ішкі істер органдары олардың өтініштері негізінде алты айға дейінгі кезеңге рұқсатты ұзартады.
29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар.
2. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің мынадай:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары шақырушы адамдары болып табылатын, осы Заңның 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен жалпы жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын;
2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында санамаланған адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері жергілікті атқарушы органдар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын квота шегінде және тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметін атқаратын жағдайларда, еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Отбасын біріктіру мақсатында келетін көшіп келушілер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;
2) Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, егер оның бұдан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.
5-тарау. Білім алу мақсатында көшіп келу
30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер
Қазақстан Республикасының аумағына білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оның ішінде оқушылар алмасудың және даярлық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша қабылданған білім алушылар жатады.
31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары
Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер:
1) этникалық қазақтарды қоспағанда, көшіп келуші мен қабылдаушы білім беру ұйымдарының арасындағы шартқа сәйкес тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеуге қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға;
2) таңдаған мамандығы бойынша білім алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға және медициналық сақтандыруы болуына;
3) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға;
4) оқу орнына оқуға қабылданғаны туралы растаманы табыс етуге және (немесе) Қазақстан Республикасына келгенге дейін кәсіптік даярлықтан өтуге шақырған тараптың келісімін растауға міндетті.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге виза берудің шарттары
1. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келуіне рұқсатты ата-аналарының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының келісімімен қабылдаушы білім беру ұйымының қолдаухаты негізінде айқындалатын бір жылдан аспайтын мерзімге оқу орнының немесе білім беру жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты негізінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.
Білім алу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруына арналған рұқсатты қабылдаушы білім беру ұйымының қолдаухаты негізінде айқындалатын оқу мерзіміне оқу орнының қолдаухаты негізінде ішкі істер органдары береді.
2. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің келуіне визаны және уақытша тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қабылдаушы білім беру ұйымы растаған жағдайда оқуды аяқтауға қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге жыл сайын ұзартып отырады.
3. Қабылдаушы білім беру ұйымдары білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге олардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіруді және оларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ уақытша тұруға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған соң олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағы бойынша жүріп-тұру және Қазақстан Республикасынан кету құқықтарына арналған құжаттарды уақтылы ресімдемегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің уақытша тұруына арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.
33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Қазақстан Республикасына білім алу мақсатында келген этникалық қазақтар оқуға түскеннен кейін тұрақты тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтініш беруге құқылы.
2. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;
2) оқудың және (немесе) кәсіптік даярлықтың толық курсын аяқтағаннан кейін, егер одан әрі болу үшін заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.
6-тарау. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында көшіп келу
34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары
Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) шетелдік жұмыскерлер - Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер;
2) бизнес-көшіп келушілер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) маусымдық шетелдік қызметкерлер - климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің (маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) еңбекші көшіп келушілер - еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер:
1) кәмелеттік жаста болуға;
2) жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға;
3) алдағы атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі болуға;
4) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға;
5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;
6) медициналық сақтандыруының болуына міндетті.
36-бап. Шетелдік қызметкерлерге келуге виза беру шарттары
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.
2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдік қызметкерлерге келуге виза олар Алматы қаласының халықаралық әуежайына келген кезде беріледі.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды, шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде ішкі істер органдары бір жылға ұзартады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне келу визаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тиісті мемлекеттік органмен жасалған еңбек шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне береді.
37-бап. Шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің тәртібі
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына пайыздық қатынаспен айқындалады және (немесе) еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес басым жобалар бойынша және (немесе) шығу елдері бойынша абсолюттік мәнде белгіленеді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың арасында бөледі.
Жергілікті атқарушы органдар белгіленген квота шегінде:
1) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға;
2) шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты береді және оны ұзартады.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат квотадан тыс беріледі және ұзартылады.
3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы шетелдік қызметкердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алуынсыз жүргізіледі.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеудің тәртібі мен мерзімдерін, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
5. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау туралы және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру туралы нормалары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері