2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу тәртібін әзірлейді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың орын ауыстыру, сондай-ақ шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келу тәртібін, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;
3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге виза береді;
5) шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
6) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;
7) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;
9) көшіп келушілерге шекаралық аймаққа келу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;
10) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;
11) босқын мәртебесін беру туралы шешімдер қабылдайды;
12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдейді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асырады;
16) уақытша тұрғылықты жерге келген Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын жері бойынша есепке қоюды жүзеге асырады;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді және оларды кері қайтарып алады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;
3) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) оралман мәртебесін беру туралы өтініш берген этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оралмандарды қоныстандыру өңірлері туралы хабардар етеді, Қазақстан Республикасына келу туралы өтiнiш берген көшiп келушiлердiң құжаттарын қабылдап, тiркейдi, оларды ұлттық қауiпсiздiк органына жiбередi, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визалар ресімдейді;
6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) халықтың көші-қоны саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы ұсыныстар енгізеді;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын және шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квоталарды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөледі;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
7) көші-қон процестерін мониторингілеуді жүзеге асырады;
8) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;
9) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
10) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарайды;
11) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
12) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;
3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) этникалық қазақтар мен оралмандарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
4) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
Ұлттық қауіпсіздік органы:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер органдарымен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;
4) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келген кезде көші-қон карточкаларын беруді және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде оларды алып қалуды жүзеге асырады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) оралмандар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;
3) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға еңбек ресурстарының қажеттiлiгiн ескере отырып, iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
5) еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушы мәртебесiн беруге және iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгiзуге қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
7) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) қоныс аударушы мәртебесін беру, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізу және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізілген қоныс аударушыларға біржолғы жәрдемақылар төлеуді тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;
8) қоныс аударушы куәлiктерiн бередi;
9) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметiн ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
12) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
13) бизнес-көшiп келушiлердiң уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтініш хат бередi;
14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын оралмандарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;
3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;
4) оралмандарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;
5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған құзыреттен басқа, жергілікті атқарушы органдар:
1) оралмандарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
2) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беру туралы қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
3) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
4) оралман куәліктерін береді;
5) оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетеді;
6) оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысын, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерiн бередi.
3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу
16-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Оралман мәртебесiн беруге өтiнiш берудiң тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетiнше келген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесiн беру туралы өтiнiш бередi.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беру туралы өтініш береді.
3. Оралман мәртебесін беру осы Заңның 20 және 21-баптарына сәйкес жүргізіледі.
4. Өтiнiште Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелерi:
1) жұбайы (зайыбы);
2) өтiнiш берушiнiң және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
3) балалары (оның iшiнде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелерi;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары) көрсетiледi.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейiн бұл туралы өтiнiш жасаған этникалық қазақтарға оралман мәртебесiн беру
1. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беру туралы өтiнiштер мен құжаттарды қабылдап алады және оларды тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннiң iшiнде халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейiн оралман мәртебесін беру туралы өтiнiш жасаған үмiткердiң ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазба негiзiнде белгiленедi. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберiлетiн құжаттарға үмiткердiң ұлтын растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерiн қоса бередi.
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтiнiштерi мен құжаттары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшiн осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға жiбередi.
Шешім қабылдау үшін осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беру туралы өтініш жасаған үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатыстылығы туралы өзге де ақпараттың бар не жоғы тұрғысынан тексеру үшін тиісті өңірлердің ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдары этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге кедергі келтіретін, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оралман мәртебесін беру туралы өтініш берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру туралы не одан бас тартудың негізделген дәлелді себептерімен оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімді дайындайды.
4. Үмiткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгiленген шарттарға сай болған кезде оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданады.
5. Оралман мәртебесін беру туралы не одан бас тартудың негiзделген дәлелдi себептерімен бас тарту туралы шешім екi жұмыс күнi iшiнде халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберіледi. Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бұл шешімді өтiнiш берушiге жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне жiбередi.
6. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтiнiшiн қараудың жалпы мерзiмi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға ол келiп түскен күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
7. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi оралман мәртебесін беру туралы шешімді алғаннан кейiн оны бiр айдың iшiнде этникалық қазаққа жiбередi және оның Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жәрдем көрсетедi не оралман мәртебесін беруден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
8. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар оралман мәртебесін беру туралы өтініш берген этникалық қазақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қоныстандыру өңірлеріне келгеннен кейін өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұдан бұрын қабылданған шешiмді ескере отырып, өтiнiш берушi мен оның отбасы мүшелерiне оралман мәртебесiн бередi.
9. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерiнiң өздерi өтiнiш жасаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тұрақты тұруға рұқсат алуға, тұратын жерi бойынша тiркелуге және оралман куәлігін алуға құқығы бар.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесiн беру
1. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына келген және онда тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтардың оралман мәртебесiн беру туралы өтiнiштерiн өтініштер тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарайды және олар бойынша шешiм қабылдайды. Оралман мәртебесiн беру үмiткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгiленген шарттарға сай болған кезде жүзеге асырылады.
Оралман мәртебесiн беру туралы шешiм қабылданған жағдайда осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының аумағына келген этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелерiне оралман куәлiгiн бередi.
2. Оралман мәртебесiн алуға үмiткердiң ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазбаға сәйкес расталады. Мұндай жазба болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша үмiткердiң ұлтын растайтын басқа құжаттардың көшiрмелерiн жiбередi.
22-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелерiне берiлетiн жеңiлдiктер мен әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерi
1. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келетін этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өздерiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растаудан босатылады.
2. Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
1) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;