152) арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын әзірлеу;
153) кедендік статистиканы жүргізу;
154) экспорттық бақылау саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
154-1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтату;
154-2) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
154-3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазу, киноға- және фотоға түсіру;
154-4) нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлердің тізбесін әзірлеу;
154-5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
154-6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
155) ақпаратты, оның ішінде алдын ала ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды), сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтай отырып, ұсыну;
156) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк құқықтық актiлерiн жариялау арқылы Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады;
157) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы ақпарат беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
158) үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың әкетілуіне жол бермеуге бақылауды жүзеге асыру;
159) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін құру;
160) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазарту жасау тәртібін әзірлеу;
161) кедендiк декларациялауды, кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
162) кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
163) мемлекеттік кірістер органының және (немесе) мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
164) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдiк келтірілген адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер немесе өзге де органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткізу;
165) мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін әзірлеу;
166) өз құзыретi шегiнде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қорғалуын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
167) тауарлардың кедендiк құнына бақылауды жүзеге асыру;
168) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау;
169) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың дұрыс сыныпталуына бақылауды жүзеге асыру;
170) тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдау және түсіндірмелер беру, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдердің жариялануын қамтамасыз ету;
171) әкелінуі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен болжанатын құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау;
172) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендiк төлемдер мен салықтардан босату ұсынылатын құжаттарды қарау;
173) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуіне бақылауды жүзеге асыру;
174) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарлар өткізілетін өзге де орындарда көліктік бақылауды жүргізу;
175) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асыру;
176) кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу;
177) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы баждарды және өтемақы баждарын алу, олардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін бақылау, оларды есепке жатқызу (қайтару) және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау;
178) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
179) тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде осындай тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жағдай жасау;
180) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес қамтамасыз ету;
181) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;
182) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
183) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін жеңілдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
184) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау;
185) кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;
186) кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
187) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу;
188) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылауды жүзеге асыру;
189) кеден органдарының кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
190) зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу арқылы басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының және карантинді объектілердің әкелінуінен Қазақстан Республикасының аумағын қорғауды қамтамасыз ету;
191) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртiппен кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы iстер бойынша тергеудi жүзеге асыру;
192) өз құзыретi шегiнде кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау жөнiндегі жұмыс жүргiзу;
193) жедел-iздестiру қызметiн Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
194) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
195) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы іс-қимылдардан қорғау;
196) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен және басқа да тиiстi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асыру;
197) кеден iсі саласында құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
198) мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттiк қызметтерді көрсету;
199) тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
200) тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану мәселелері және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша өтеусіз негізде консультация беру;
201) кеден ісі саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстарды ескере отырып, өтініштердің уақтылы, объективті және жан-жақты қаралуын және жауаптардың берілуін немесе тиісті әрекеттердің жасалуын қамтамасыз ету;
202) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
203) экономикалық және қаржылық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;
204) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша жалпы республикалық, өңiрлiк жедел-іздестіру және профилактикалық iс-шараларды үйлестірудi жүзеге асыру және жүргізу, қолда бар күш пен құралдарды пайдалану жөнiнде оңтайлы шешiмдер әзірлеу, аумақтық қаржы мониторингі органдарына практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету, оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтау мен тарату;
205) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, анықтау және алдын ала тергеу, қаржы мониторингі органдарының жедел-iздестіру, әкiмшiлiк, тергеу қызметi мен анықтау практикасына талдау жасау, республикадағы жедел жағдайға болжам жасау, қаржы мониторингі органдарының араласуын талап ететін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қабылдау;
206) Қазақстан Республикасының заңнамасымен органдардың қарамағына жатқызылған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай қойылған талап арыздар бойынша жауапкерлердiң жүрген жерi белгісiз болған кезде оларды iздестіруді жүзеге асыру;
207) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар қызметінде шетелдік мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау және өз құзыреті шегінде қатысу;
208) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау;
209) өз құзыретi шегiнде салықтық мiндеттеменiң туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсiндiрудi және түсiнiктеме берудi жүзеге асыру;
210) салықтық бақылауды жүзеге асыру;
211) тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалану;
212) есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайда, жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негiзiнде салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындау;
213) жоспардан тыс тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асыру;
214) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
215) бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмін, бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу (мемлекеттiк тiзiлiмнен шығару) жолымен жүргiзу;
216) салықтық әкiмшiлендiру бизнес-процестерінің жаңғыртуын және қайта инжинирингтеуді жүзеге асыру;
217) салық берешегiн, кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар, өсімпұлдар, пайыздар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
218) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждардың толық алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
219) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және (немесе) төлемақыларды төлеу жөнiндегi салықтық мiндеттемені орындау мерзiмдерiн өзгертуге бақылауды жүзеге асыру;
220) халықаралық шарттардың ережелерiн 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде және тиiстi халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қолдану;
221) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
222) трансферттiк баға белгiлеуді қолдану бойынша келісім жасасуға мәміле қатысушысының өтінішін қарау;
223) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті мен міндеттеріне сәйкес өзге де талаптар қою;
224) нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген құзыреттер шегiнде салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдердiң есепке жатқызылуын және/немесе қайтарылуын жүзеге асыру;
225) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтерді көрсету;
226) салық органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) салық төлеушiлердiң және салық агентiнiң салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағымдарын қарау;
227) салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
228) этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу, мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатын іске асыру;
229) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
230) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы, темекi бұйымдарын өндiру жөніндегі қызметті лицензиялау;
231) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
232) Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алкоголь өнiмiн сол немесе өзге түрге жатқызу;
233) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
234) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiруіне және олардың айналымына бақылауды жүзеге асыру;
235) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
236) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;
237) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
238) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсыну;
239) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;
240) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асыру;
241) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
242) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
243) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын әзірлеу;
244) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
245) мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлеу;
246) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлеу;
247) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлеу;
248) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын - акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұнын және қорғау элементтерін әзірлеу;
249) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін әзірлеу;
250) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу;
251) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
252) этил спирті және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлеу;
253) этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлеу;
254) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін әзірлеу;
255) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең темен бөлшек сауда бағаларын әзірлеу;
256) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
257) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
258) темекі бұйымдарының өндірілуі мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
259) темекі бұйымдарының қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету тәртібі мен нысанын әзірлеу;
260) темекі бұйымдарына арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
261) биоотын айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
262) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
263) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
ҚР Үкіметінің 2019.20.06. № 422 Қаулысымен 263-1) тармақшамен толықтырылады (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
264) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін әзірлеу;
265) этил спиртi, алкоголь өнiмдерi, темекi бұйымдары өндiрісіне және олардың айналымына, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң айналымына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
266) өз құзыреті шегінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
267) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
268) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау міндеті жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
269) патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу;
270) салық төлеуші жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинауға арналған түбіртектің және салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкінің нысандарын әзірлеу;
271) акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарлар әкелу қағидаларын әзірлеу;
272) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын әзірлеу;
273) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің валюталық бақылауды жүзеге асыру және кейіннен валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтердің тізбесі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну қағидаларын әзірлеу;
274) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу;
275) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының нышанының сипаттамасы мен пайдаланылу қағидаларын, танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолданылу қағидаларын әзірлеу;
276) салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің мүлкін кедендік төлемдері, салықтары, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын әзірлеу;
277) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін әзірлеу;
278) ішкі істер органдарының еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық салық төлеушілер туралы мәлiметтердi ұсыну қағидаларын, мерзімі мен нысанын, сондай-ақ келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын әзірлеу;