322) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну және кейіннен оларды валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банктерге беру тізбесін және тәртібін бекіту;
323) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту;
324) коллекторлық агенттікпен жасалған талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтер ұсыну нысанын бекіту;
325) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының нышанының сипаттамасы мен пайдаланылу қағидаларын, Танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолданылу қағидаларын бекіту;
326) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту;
327) салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау;
328) валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту;
329) салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту;
330) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту;
331) салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту;
332) білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу тәртібін бекіту;
333) тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту;
334) ішінара салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту;
335) салық төлеушілердің, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін бекіту;
336) - 341) тармақшалары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
336) көлденең мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
337) көлденең мониторинг туралы келісім нысандарын бекіту;
338) көлденең мониторинг туралы келісім жасау және оны бұзу қағидаларын бекіту;
339) көлденең мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санаттарын бекіту;
340) стандартты файл нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту;
341) жергілікті және (немесе) негізгі есептілікті ұсыну нысанын бекіту;
342) еларалық есептіліктің және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысандарын және олардың толтыру қағидаларын бекіту;
343) жанама салықтар бойынша төлем мерзімін өзгертуді қолдануға құқығы бар тұлғаларды анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту;
344) қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту;
345) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қағидаларын бекіту;
346) бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларын бекіту;
347) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларын бекіту;
348) ақпараттандыру саласында уәкілетті органмен бірлесіп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту;
349) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту;
350) халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтердің нысанын бекіту;
351) салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту;
352) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау тәртібін бекіту;
353) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану қағидаларын әзірлеу;
354) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
355) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
356) өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын әзірлеу және бекіту;
356-1), 356-2), 356-3), 356-4), 356-5), 356-6) және 356-7) тармақшалары 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
356-1) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдердің тізбесін бекітеді;
356-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
356-3) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
356-4) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
356-5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
356-6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
356-7) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
357) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсыну; Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің қорғалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
358) біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
359) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
360) мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар қойылуы мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
361) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету;
362) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
363) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
364) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
364) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
365) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін қажетті мүліктің тізбесін бекіту;
366) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің тізбесін бекіту;
367) мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын белгілеу;
368) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органға қосылған құн салығын есепке алуға арналған ағымдағы шоттарды ашу және жабу туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу;
369) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
369) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушілердің - тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға, санаттары мен тізімін, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін белгілеу;
370) сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға ұсынылған қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын айқындау;
371) пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) жүзеге асырылатын аумақтарды (учаскелерді) және (немесе) өңірлерді, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімдерін айқындау;
372) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
372) камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм нысанын және оны шығару мерзімдерін белгілеу;
373) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келісу бойынша фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау;
374) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту;
375) кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын айқындау;
376) камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету қағидалары мен нысанын бекіту;
377) камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында тексерілетін тұлғаға жіберілетін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну бойынша талаптың нысанын бекіту;
378) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы қағидаларын айқындау;
379) нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар қызметкерлердің тізбесін бекіту;
380) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын айқындау;
381) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін келісу;
382) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептейді және оны тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну.
ведомстволарының функциялары:
1) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекiту және жүргiзу;
2) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы деректердi жасау;
4) республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептер жасау;
5) республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есептi жасау;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау;
8) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау;
9) мемлекеттік бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау;
10) Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары үшін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді қоспағанда, капиталдың ішкі нарығындағы мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер түрiндегі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;
11) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау мақсатында тұрақты және жүйелі жинау бөлігінде бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
12) қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және бюджет заңнамасында көзделген шоттарды ашу, жүргізу және жабу;
13) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
14) бюджеттiк есепті жүргiзу;
15) түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
16) бюджетке түсетiн түсiмдердiң толық және уақтылы түсуін есепке жатқызылуын қамтамасыз ету;
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке жатқызу және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына аудару;
18) кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арасында түсімдер сомасын бөлу;
19) Еуразиялық экономикалық одақтың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде ашылған шоттарына ақша қаражатын аудару;
20) кедендік баж сомалары бойынша ақпаратты дайындау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу;
21) операцияларды шетелдiк валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргiзу;
22) мемлекеттік қарыздарды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарынан басқа), мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет кепілгерлігімен берілген қарыздарды, қарыздарды хеджирлеу бойынша мәмілелерді, бюджеттік кредиттерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізу және есепке алу рәсімдерін жүзеге асыру;
24) бюджеттік кредиттеу нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша, оның ішінде оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді мемлекеттің орындауына байланысты талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;
25) үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан, сыртқы қарыздардың арнайы шоттарынан қаражатты алу, байланысты гранттарды және бірлесіп қаржыландыру қаражаттарын алу бойынша қаржы рәсімдерін жүзеге асыру;
26) мемлекеттік кірістер органдарының және уәкілетті органдардың бюджеттен түсімдер сомаларын қайтару не салық берешегін өтеу есебіне есепке алу бойынша төлем құжаттарын орындау;
27) инкассолық өкiмдердiң орындалуына қызмет көрсету;
28) бюджет ақшасын басқару;
29) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң салымдарына (депозиттерiне) орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылар (мүдде) көлемiн болжамдау;
30) мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттемелері бойынша ауыстыру операцияларын жүзеге асыру және есепке алу;
31) мемлекеттiк мекемелер ұсынатын мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, төлеуге ұсынылатын шоттардың, азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң бюджет заңнамасына сәйкес келуiн тексерудi жүзеге асыру;
32) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi ұсынатын төлем тапсырмаларына тексерудi жүзеге асыру;
33) мемлекеттiк мекемелердiң жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
34) мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтерiнiң қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
35) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асыру;
36) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
37) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген бюджеттiң атқарылу тәртiбiн айқындайтын басқа да нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұзылуы кезiнде мемлекеттiк мекемелер төлемдерiнiң жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
38) тармақша 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
38) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімі негізінде төлем құжаттарын қалыптастыру;
39) тармақша 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
39) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы төлеуді жүзеге асыру;
40) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
41) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысу;
42) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
43) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдау;
44) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ету;
45) зияткерлік меншік объектілерін кедендік тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм қабылдау;
46) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу қағидаларын және нысанын әзірлеу;
47) кедендiк әкiмшiлендіруді Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
48) өтініштердің нысандарын және кеден және салық заңнамаларында көзделген өзге де құжаттарды әзірлеу;
49) кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын әзірлеу;
50) тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
51) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын әзірлеу;
52) Транзиттік декларациядағы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен өткізу кезінде оны пайдалану тәртібін әзірлеу;
53) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген құжаттарды тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде пайдалану қағидаларын әзірлеу;
54) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін әзірлеу;
55) мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын әзірлеу;
56) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларын әзірлеу;
57) құқық қорғау органдары және (немесе) кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
58) теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;