2. Өтініш берушілерге:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;
3) арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар;
4) инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар;
5) ойын бизнесін ұйымдастырушылар жатпайды.
10-бап. Өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру және оны арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне қосу үшін беретін құжаттар
1. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өтінімге қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштегі мынадай құжаттар:
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;
7) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;
8) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі;
9) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) үзінді жазбасы және кредиттiк тарихта бар толық немесе iшiнара ақпарат туралы мәліметтер қамтылған кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
2013.18.02. № 79-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықытырлды
11) өтініш берушінің қаржылық қамтылымының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Егер заңды тұлға құжаттарды берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.
Шетелдік заңды тұлғалар осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндiні немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бірге ұсынады.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықытырлды
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін шетелдік заңды тұлғаларға осы баптың 2-тармағының 7), 8) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талап қолданылмайды.
11-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға берілген өтінімді қарау рәсімі
1. Өтініш беруші өтінім берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:
1) өтінімді ол берілген күні өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді;
2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) берілген құжаттар белгіленген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда өтінімді ол берілген күні қарамастан қайтарады. Өтінімді қайтару өтініш берушіні жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан өтінім бере отырып, басқару органына жүгіну құқығынан айырмайды.
2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мәлімделген қызмет түрі басым қызмет түрлеріне сәйкес келмеген жағдайда, өтініш берушімен арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мәлімделген қызмет түрі басым қызмет түрлеріне сәйкес келген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіге қатысты бұл мерзім бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күні қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлайды.
Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді. Қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күн арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу күні болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік кіріс органдарына хабарлайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік кіріс органдары арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаны туралы хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.
7. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарттың негізінде арнайы экономикалық аймақтан тысқары жердегі өзінің дараланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тоқтатады.
Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жердегі қызметке жол беріледі.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуы:
1) арнайы экономикалық аймақ таратылған;
2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі аяқталған немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мемлекеттік кіріс органдарына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
12-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:
1) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші болып табылуға;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) дара кәсіпкерді және заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының аумағындағы тиісті тіркеу органы (әділет, мемлекеттік кіріс органы және статистика органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болған кезде қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен қосалқы мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға белгіленген тәртіппен шарт жасасуға міндетті.
Қосалқы мердігерлер жүзеге асыратын қызметтің қосалқы түрлері жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сипаты бойынша қызметтің басым түрлерімен бірдей болмауға тиіс.
13-бап. Тұлғалардың қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттары
1. Қызметтің қосалқы түрлері арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалатын шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қосалқы қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органына өтінім ұсынады.
3. Өтінімге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттар қоса беріледі.
14-бап. Тұлғаларға қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға рұқсат берудің негізі мен рәсімі
1. Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат беруге арналған өтінім келіп түскен кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ұсынылған құжаттардың уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;
2) өтінімдерді тіркеу журналына өтінімді тіркейді. Өтінімнің тіркелген күні оның берілген күні болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкес келген жағдайда, өтінімді берген тұлғаға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілген болып есептеледі.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берген адамға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ әрекет ету аймағында орналасқан мемлекеттік кіріс органына осы адамға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілгені туралы хабарлайды.
3. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкес келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді қайтарады. Өтінімді қайтару тұлғаны жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін басқарушы компанияға қайтадан өтініммен жүгіну құқығынан айырмайды.
15-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында коммуналдық қызметтер көрсету
Арнайы экономикалық аймақтың аумағын электрмен, жылу энергиясымен, газбен, сумен жабдықтауды жүзеге асыратын және коммуналдық қызметтер көрсететін өнім берушілер осындай қызметтер көрсетілетін өзге де тұтынушыларға ұсынылатын қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
16-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату
1. Арнайы экономикалық аймақ осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім аяқталған соң таратылады. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы тиісті актісімен айқындалады.
2. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі жағдайында арнайы экономикалық аймақты Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мерзімінен бұрын таратады.
3. Арнайы экономикалық аймақ таратылғаннан кейін жер учаскесін жалға алған арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының және арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асырған тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы жер учаскелерінің сатылуы кезінде сатып алу құқығы болады.
4-тарау. Арнайы экономикалық аймақты басқару
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру
1. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы актісі қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру туралы және (немесе) құруға қатысу туралы шешім қабылдайды.
2. Астананың арнайы экономикалық аймағының басқару органын мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақ олардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда мына тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
4) басқа елдерде немесе Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды басқару тәжірибесі бар шетелдік тұлғалар басқарушы компанияның құрылтайшысы бола алады.
4. Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Арнайы экономикалық аймақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың кемінде жиырма алты пайызы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
5. Басқарушы компанияның бірінші құрылтай жиналысы Қазақстан Республикасының Үкіметі басқарушы компанияны құруға мемлекеттің қатысуы туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
6. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың орналасқан жері бойынша тіркеледі.
7. Акционерлер басқарушы компанияның директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған адамдар арасынан, лауазымы бойынша басқарушы компанияның директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитетін басқаратын тәуелсіз директорды сайлайды.
18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функциялары
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функцияларына:
1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін кейінгі жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
Дербес кластерлік қордың функциялары осы Заңмен және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға ұсыну;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
6) инфрақұрылым объектілерін салу үшін және арнайы экономикалық аймақтың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
8) халыққа қызмет көрсету орталығының «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растау;
10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу жатады.
19-бап. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды іріктеу
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынуды енгізгеннен кейін басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган жүргізеді.
2. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыну енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
20-бап. Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін көзделген құқықтық қорғау кепілдіктерін, салықтық және өзге де жеңілдіктерді пайдалануға;
2) осы Заңда көзделген тәртіппен қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;
3) қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру процесінде қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлғаларды тартуға;
4) қызметтің қосалқы түрлерін айқындауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары:
1) арнайы экономикалық аймақтың басқару органына өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындауға міндетті.
21-бап. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары есептілік нысанында беретін ақпараттың, сондай-ақ осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.
Осы Заңның 18-бабының 10) тармақшасында көзделген мониторингті арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары тұрақты негізде жүзеге асырады.
22-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру
1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқарушы компанияның қызметін қаржыландыру:
1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына басқарушы компания көрсететін қызмет үшін сыйақы;
2) нысаналы қарыздық қаржыландыру;
3) инфрақұрылым объектілерін, жер учаскелерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жалға және (немесе) қосалқы жалға беруден түсетін кірістер;
4) басқарушы компанияның қызметінен түсетін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Дербес кластерлік қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын тарату
1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан немесе мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес таратылады (қайта ұйымдастырылады).
2. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан немесе арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін басқарушы компанияны ерікті түрде тарату туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кредиторлардың келісімі бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін айқындайды.
Басқарушы компанияның акционерлері ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдамаған жағдайда басқарушы компанияны тарату мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5-тарау. Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі және жұмыс істеу шарттары
24-бап. Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін осы Заңда, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген арнайы құқықтық режим қолданылады.
25-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына салық салу
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер салынады.
26-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылады.
Шегінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекаралары Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы актісіне сәйкес айқындалады.
2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі кеден одағының кедендік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағы кеден одағының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақ аумағында кедендік бақылауды Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
27-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінген тауарлар кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылады және кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерде орналасқан тауарлар ретінде қарастырылады.
28-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қағидаларға сәйкес, ішкі еңбек нарығында тиісті кандидатураларды іздеместен оңайлатылған тәртіппен жүргізіледі.