5) осы мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген, мүше мемлекеттің аумағында орналасқан, басқа да ұйымдар немесе олардың өкілеттіктері ресми түрде пайдаланатын, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты қолданылады. Комиссия тауарлардың осы санатына жатпайтын тауарларды айқындауға құқылы;
6) Одақтың кедендік шекарасында және (немесе) одан тысқары жерлерде орналасқан, мүше мемлекеттердің әскери бөлімдеріне (ұйымдарына, құрылымдарына) қойылған мақсаттарды орындау, соғысқа дайындықты қолдау үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін, Одақ тауарлары болып табылатын, қарулар, әскери техника, қару-жарақтар және басқа да материалдық құралдарға;
7) мүше мемлекеттердің және Одаққа кірмейтін мемлекеттердің қарулы күштерінің (басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың) бірлескен (халықаралық) оқуларға, жарыстарға, сондай-ақ, шерулер және басқа да салтанатты шараларға қатысу үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы ететін, қарулар, әскери техника, қару-жарақтар және басқа да материалдық құралдарға;
8) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін, авариялық және басқа да төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдайлар кезінде аварияға ұшыраған тұлғаларға мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес таратуға мүдделі мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына, олардың құрылымдық бөлімшелеріне немесе ұйымдарына тегін таратуға арналған тауарлар, сондай-ақ алкогольдік өнімдерді (этил спиртін қоспағанда), сыра, темекі өнімдерін, бағалы металдар және бағалы тастар мен олардың өнімдерін қоспағанда, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық жағдайларын жою, медициналық эвакуацияны қоса алғанда медициналық көмек ұйымдастыру және көрсету саласында мүдделі авариялық-құтқару құрылымдарының, медициналық қызмет және ұйымдардың тіршілігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару мен басқа да жедел жұмыстарды жүргізуге қажетті тауарлар мен көлік құралдарға;
9) мүше мемлекеттің адамдары Арктика және Антарктикада, коммерциялық емес негізде мүше мемлекеттердің мүддесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды жүргізу үшін ұйымдастырылған мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу экспедициялары қызметін қамтамасыз ету үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға;
10) допинг-бақылау мақсаттары үшін арналған Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жататын тауарларды Комиссия айқындайды;
11) коммерциялық емес негізде мүше мемлекеттердің мүддесінде спорт түрлері бойынша ұлттық және құрама командалар кандидаттарына және осындай командалардың мүшелеріне қатысты емдеу және қалыптастыру шараларын жүргізу, сондай-ақ, мүше мемлекеттер министріліктері әрекеттендірілген, спорт саласында жоғары (биік) жетістіктердегі ғылыми-зерттеу топтарының қызметін қамтамасыз ету үшін, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін шетелдік тауарларға (дәрілік препараттар (дәрі-дәрмектер), арнайы спорттық тағамдар (тағамға белсенді биологиялық қоспалар);
12) ресми халықаралық спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе жаттығу шараларын өткізу кезінде оларға дайындық бойынша пайдалануға ғана арналған, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін (өткен), спорттық жабдықтар мен жабдықтарға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жататын тауарларды Комиссия айқындайды;
13) мүше мемлекеттің аумағынан тыс орналасқан, осыларға қатысты осы мүше мемлекет ерекше құзыретке ие қолдан жасалған аралдарды, қондырғыларды, құрылыстарды немесе басқа да объектілерді салуына (жасауына, құруына), қызметін (іске қосуын, қолдануын) қамтамасыз ететуге арналған шетелдік тауарларға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жатпайтын тауарларды Комиссия айқындайды;
14) ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, оның ішінде ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтерді көрсету саласында халықаралық ынтымақтастық аясында пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жататын тауарларды Комиссия айқындайды;
15) сипаттамаларын Комиссия айқындайтын ресми халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және өткізуге арналған Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларға қатысты қолданылады. Тауарлардың осы санатына жатпайтын тауарларды Комиссия айқындайды.
3. Комиссия тауарлардың осы санатына жататын немесе жатпайтын тауарларды қоса алғанда, арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың өзге де санаттарын айқындауға құқылы.
254-бап. Арнайы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары және арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлар санатына қарай қолдану тәртібі
Арнайы кедендік рәсімі қолданылатын тауарлардың санатына қарай Комиссия мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда тауарларды арнайы кедендік рәсімімен орналастыру, оның ішінде тарифтік емес реттеу шараларын, техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар қолдану шарттарын және мыналарды:
Одақтың кедендік шекарасына әкелінетін және (немесе) Одақтың кедендік шекарасынан әкетілетін тауарлардың мәртебесін;
арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану мерзімі және басқа да шарттарын;
арнайы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау тәртібі;
арнайы кедендік рәсім қолданысын тоқтату және қайта қосу жағдайлары мен тәртібін;
кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттер, арнайы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың. арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттер пайда болған және күші жойылған жағдайларын және олардың төлеу мерзімін;
арнайы кедендік рәсімді аяқтау мен қолданысын тоқтату үшін тауарларды орналастыруға мүмкіндік беретін кедендік рәсімдер, тауарларды осы кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеу және төлеу ерекшіліктері мен олардың төлеу мерзімін қоса алғанда, арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібін айқындайды.
V БӨЛІМ
ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАҒЫ ТАУАРЛАРДЫ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
37-тарау
Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу шарттары мен тәртібінің ерекшеліктері
255-бап. Анықтамалар
Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«салықтар, кедендік баждарды төлеуден босата отырып әкелу» - Комиссия айқындаған шарттарды сақтау кезінде және жағдайларда салықтар, кедендік баждар төлеуден босатыла отырып, Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу:
«иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж» - жеке тұлғаның Одақтың кедендік аумағына кіруі немесе оның Одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты Одақтың кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізу үшін көліктік (тасымалдау) құжаттармен расталған халықаралық тасымалдау (көлік экспедициясы) шарты бойынша тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке тұлғаға тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарлар;
«қос дәліз жүйесі» - жеке тұлғаға Одақтың кедендік шекарасы арқылы өту кезінде «жасыл» және «қызыл» дәліздер арасын дербес таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, кедендік бақылаудың оңайлатылған жүйесі;
«иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж» - қол жүгін қоса алғанда, жеке тұлғаның Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген іс жүзінде Одақтың кедендік аумағына кірген немесе оның Одақтың кедендік аумағынан шыққан кездегі жеке пайдалануға арналған тауарлары;
«тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар» - Одақтың кедендік шекарасы арқылы етпеген жеке тұлғаның атына немесе жеке тұлғадан Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтпегені көліктік (тасымалдау) құжаттармен расталған халықаралық тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының (көлік экспедициясы) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарлары.
256-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің шарттары мен тәртібі туралы жалпы ережелер
1. Осы тарау жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу шарттары мен тәртібін, орналасқан орны және Одақтың кедендік аумағында немесе одан тысқары жерлерде оларды пайдалану ерекшеліктерін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзитке кедендік рәсімдерді қолдану ерекшеліктерін, жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару және кедендік декларациялау, уақытша сақтауға байланысты кедендік операциялар жасау тәртібінің ерекшеліктерін. сондай-ақ осындай тауарларға қатысты кедендік төлемдерді қолдану және жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын анықтау тәртібін айқындайды.
2. Осы тараудың ережесі жеке тұлға Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін қолма-қол ақша қаражаттары мен ақшалай құралдарға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 33-тармағына сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендерінде, Одақтың кедендік аумағына келген жеке тұлға сатып алған тауарларға қатысты қолданылады.
3. Жеке пайдалануға арналған тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы мынадай тәсілдермен:
1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаны өткізетін кезде иесімен бірге алып жүрілетін немесе иесімен бірге алып жүрілмейтін багажда;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде;
3) Одақтың кедендік шекарасынан кесіп өтпеген жеке тұлғаның атына не Одақтың кедендік шекарасынан кесіп өтпеген жеке тұлға тасымалдаушы арқылы өткізеді.
4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органдары мынадай:
1) тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы жеке тұлғаның ауызша немесе жолаушыға арналған кедендік декларацияны пайдалана отырып жазбаша нысанда жазған өтініш;
2) тауарлардың сипаты және саны;
3) Одақтың кедендік шекарасын жеке тұлғаның кесіп өту жиілігі және (немесе) осы жеке тұлғаның немесе оның атына Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу жиілігіне қарай жүзеге асырады.
5. Осы баптың 4-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген сандық сипаттағы өлшемшарттарды және (немесе) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың қосымша өлшемшарттарын Комиссия айқындайды.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға қарамастан, жеке пайдалануға арналған тауарларға мынадай:
1) осы Кодекстің 263-бабы 1-тармағында көзделген, жағдайларда мәлімделген кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін кедендік декларациялауды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қатысты тауарлар;
2) Комиссия айқындаған тауарлардың санаттары жатпайды.
7. Осы тарауға сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмайтын, жеке тұлғаның Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларына қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды. Осындай тауарлар осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген шарттарда және тәртіпте Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуге жатады.
8. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендеріндегі, Одақтың кедендік аумағына келген жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, осы тараудың қолдану мақсаттары үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өзімен бірге Одақтың кедендік аумағына әкелінетін багажындағы жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде қаралады.
9. Шектеу және тиым салуларды белгілейтін Одақтың құқығына кіретін актілердің негізінде Комиссия шектеу және тиым салу салуларды сақтауға тиіс, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетіндерге қатысты, жеке пайдалануға арналған тауарлардың жиынтық тізбесін қалыптастырады және Ғаламтор желісіндегі Одақтың ресми сайтында оны орналастыруды қамтамасыз етеді.
257-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасынан өткізу кезінде қос дәліз жүйесін қолдану
1. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында қос дәліз жүйесі қолданылуы мүмкін.
«Жасыл» дәліз Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында арнайы белгіленген кедендік декларациялауға жатпайтын, иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған орын болып табылады.
«Қызыл» дәліз Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында арнайы белгіленген кедендік декларациялауға жататын, иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ жеке тұлғаның қалауы бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылатын тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған орын болып табылады.
2. Қос дәлізді жүйені қолдану жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау (жасамау) үшін тиісті дәлізді («қызыл» немесе «жасыл») Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның өзінін қалауын көздейді.
3. «Жасыл» дәліздің кіру (келу) сызығынан өткен жеке тұлға кедендік декларациялауға жататын, тауарлары жоқтығы туралы өтініші бар жеке тұлға болып табылады.
4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарындағы қос дәліз жүйесіне жағдай жасау талаптарын Комиссия айқындайды.
5. Қос дәліз жүйесі қолданылатын Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесі, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру тәртібі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес анықталады.
6. Қос дәліз жүйесі Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында ұйымдастырылған ресми тұлғалар мен делегациялар залдарында қолданылмайды.
7. Кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын «жасыл» дәлізде қолданбау ол жеке тұлғаның мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) кедендік реттеу саласындағы актілерді және халықаралық шарттарды сақтау міндетінен босатылады дегенді білдірмейді.
8. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында туындаған жедел жағдайлар ескеріле отырып, кеден органының шешімі бойынша айрықша жағдайларда қос дәліз жүйесі уақытша қолданылмауы мүмкін.
9. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарындағы қос дәліз жүйесін қолданбау, осы тарауға сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға жеке тұлғаны міндеттеуге әкеліп соқпайды, сондай-ақ кедендік декларациялауға жататын тауарларды декларациялау қажеттілігінен жеке тұлғаны босатпайды.
258-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жасалатын кедендік операциялар
1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында не аумағында мұндай тауарлардың декларанты бола алатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша туратын не уақытша келген мүше мемлекеттің кеден органындағы өткізу тәсілдеріне қарай жасалады.
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар темір жол көлігімен оларды тасымалдаған кезде мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларына сәйкес белгіленген жағдайларда жолаушылар поездарының жол жүру кезінде жасалуы мүмкін.
2. Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе және су кемелерін қоспағанда, көлік құралдарымен өткізу кезінде кеден органдары бұл адамдарға кедендік реттеу саласындағы актілерді және халықаралық шарттарды сақтау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осындай көлік құралдарын қалдырып кетпей, кедендік операцияларды жасауға мүмкіндіктер береді.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осындай тауарларды кедендік рәсіммен орналастырмай, осы тарауда көзделген шарттар мен тәртіпте осы Кодекстің 262-бабы 5-тармағында көзделген оқиғалар туындаған кезде осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар шығарылған деп есептелетін жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, оларды Одақтың кедендік аумағында орналастырылуы және пайдаланылуы немесе одан тысқары жерлерде кеден органдары шығаруы тиіс.
4. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, тасымалдаушы жеткізген немесе иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жеке тұлғалар оларды Одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін немесе Одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін осы Кодекске сәйкес осындай жеке пайдалануға арналған мұндай тауарларға декларант бола алады, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру үшін уақытша әкету немесе еркін айналымға шығару үшін оларды кедендік декларациялауға байланысты уақытша әкелу, әкету кедендік операциялары жасалуы тиіс, егер осы Кодекстің 263-бабына сәйкес келсе жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
Кедендік транзиттің кедендік рәсім қолданысы аяқталғаннан кейін, осы Кодекске сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға декларант бола алатын жеке тұлғалар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, оларды еркін айналымға шығару үшін кедендік декларациялауға байланысты уақытша әкелу, әкетудің кедендік операциялары жасалуы тиіс.
Кедендік декларациялауға байланысты операциялар жасалғанға дейін немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органдары шығарудан бас тартқанда, ал Одақтың кедендік шекарасының өткізу орындарындағы жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер осындай тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін келген орнынан әкетпесе немесе Одақтың кедендік аумағына әкетілген орнына қайта әкелсе, сол сияқты Одақтың кедендік аумағынан әкетсе, жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша сақтауға орналастыруы мүмкін.
Осы пункттің бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген кедендік операцияларды, сол сияқты осы Кодекстің 260-бабының 11-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда өзге тұлғалар жасайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасамау және шығару шарттарын сақтамау себептері бойынша кеден органдары шығару мүмкін болмаған жағдайда, осындай тауарларды осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.
6. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға не Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген (бұдан әрі осы тарауда - уақытша әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін, осындай тауарларды шығару және оларды кедендік бақылаудағы емес деп тану фактілерін көрсетуді Комиссия және Комиссия реттемеген бөлігінде немесе Комиссия көздеген жағдайларда мүше мемлекеттердің заңнамаларында айқындалады.
Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар осы Кодекстің 40-тарауында, ал осы Кодекстің 40-тарауында реттелмеген бөлігінде - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жасалады,
7. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізгенде кедендік декларациялаусыз жеке тұлғалар жүзеге асырады, кедендік органдардың лауазымды тұлғалары осындай тауарларды ұсынған жеке тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғаның өтінішіндегі мәліметтердің дұрыстығын растайтын ондағы бар құжаттарды ұсынуды, оның ішінде ауызша сауалнама нәтижелері бойынша талaп етуге құқылы.
8. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау орындарында қос дәліз жүйесі қолданылмайтын кедендік операциялар жүру жолағындағы басталу және аяқталу сызығымен белгіленеді.
Егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның кедендік декларацияны ұсынбай кедендік операциялардың аяқталу сызығын өтуі жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы өтініші болып табылады.
Егер жеке тұлға көлік құралымен келген және егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларына сәйкес көлік құралын тастап кетпей жеке пайдалануға арналған өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау мүмкіндіктері берілген жағдайда, жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы өтініші, кеден органдарының лауазымды тұлғаларының ауызша сауалнама нәтижесі бойынша жолаушыларға арналған кедендік декларация ұсынбауы болып табылады.
9. Комиссия осындай тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау үшін әкету (әкелу орны) орнын техникалық жарақтандыру және жабдықтау талаптарын әкелу орнындағы аралық қонған Одақтың кедендік аумағындағы межелі орынға Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлердегі жөнелту орнынан немесе Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлердегі межелі орынға Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлердегі жөнелту орнынан әуе тасымалдаушылар алып жүретін багаж да тасымалдауға қабылданған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу және кедендік операциялар жасау, сондай-ақ осындай ерекшеліктеріне кедендік бақылау жүргізу және кедендік операциялар жасау үшін қажетті кеден органдарының, әуе тасымалдаушыларының және жеке тұлғалардың өзара іс-қимыл жасау шарттарының ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
259-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау
1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау осы бапты ескере отырып, осы Кодекстің 16-тарауында белгіленген шарттарда және тәртіпте жүзеге асырылады.
2. Осыған мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы босқын мәртебесін алуға мүше мемлекеттерге тұрғылықты тұрғын мекен-жайға қоныс аударуға ниеті бар шет елдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын уақытша сақтау, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында белгіленген өзге де орындарда және (немесе) осындай адамның уақытша немесе тұрақты (келген) тұратын орындарында жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамаларында осы баптың 2-тармағында көрсетілген шет елдік жеке тұлғаның міндеттері, олардың, жеке пайдалануға арналған тауарларының уақытша сақтауға орналасқан орындарын растауы, сондай-ақ осындай растау тәртіптері белгіленуі мүмкін.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін мұндай тұлға, онда Комиссия айқындайтын мәліметтерді көрсетіп, мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса, еркін нысанда кеден органына өтініш, сондай-ақ шетелдік жеке тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аудару, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алу ниетін растайтын құжаттарды ұсынады.
Комиссия Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына шетелдік жеке тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аудару ниетін, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алуын растайтын құжаттар тізбесін жасайды және орналастыруды қамтамасыз етеді.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары кеден органдары осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға ұсынылған өтінішін тіркеген күнінен кейінгі күннен бастап есептелетін мерзімге:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімнің өту күніне дейін, егер осы мерзімнің өтуіне дейін шетелдік жеке тұлға осы баптың 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген арызды тіркеуші кеден органын осындай тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударуға ниеті барлығын не осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алуын растайтын құжаттарды алуға бағытталған әрекеттер жасағандығы туралы хабарландырмаса;
2) шетелдік жеке тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударуға ниеті барлығы не осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алуын растайтын құжаттарды алғаннан кейінгі 5 жұмыс күні өткен күнге дейін;
3) осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген құжаттарды беруде бас тарту алған күнінен кейінгі 10 жұмыс күні өткенге дейін уақытша сақтауға орналастырылады.
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлға осы баптың 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннен кейінгі 2 ай өткенге дейін осы баптың 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген өтінішті тіркеген кеден органын осындай тұлғаның мүше мемлекетке тұрақты қоныс аударуға ниетін растайтын не мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген құжатты мәжбүрлі қоныс аударушы, босқын мәртебесін алуға бағытталған әрекеттер жасағаны туралы хабардар етуге міндетті.