Кеден кодексі туралы шартқа
№ 1 ҚОСЫМША
Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын қараңыз
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІ
(2019.29.05. берілген өзгерістермен)
I БӨЛІМ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеу туралы негізгі ережелер
1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеу
2-бап. Анықтамалар
3-бап. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер туралы ақпараттандыру
4-бап. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде белгіленетін мерзімдерді есептеу тәртібі
5-бап. Одақтың кедендік аумағы және Одақтың кедендік шекарасы
6-бап. Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді, мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілерін қолдану
7-бап. Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау
8-бап. Кедендік құжаттар
2-тарау. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу, Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде оларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету туралы жалпы ережелер
9-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу
10-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізетін орындар
11-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты табыс ету
12-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау
13-бап. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету
14-бап. Тауарлардың кедендік бақылауда болуы
15-бап. Жарамсыз, бұзылған немесе зақымданған тауарлар
16-бап. Сот шешімімен тәркіленген немесе мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) өндіріп алынған немесе өндіріп алу қолданылған шетелдік тауарлар
17-бап. Мүдделі тұлғалардың және мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуы
18-бап. Кеден органдарына есептілікті табыс ету
3-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды сыныптау
19-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы және оны жүргізу
20-бап. Тауарларды сыныптау
21-бап. Тауарларды сыныптау туралы шешімдер, кеден органдары қабылдайтын тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер мен түсіндірмелер
22-бап. Комиссияның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдері мен түсініктемелері
23-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі
24-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш
25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі
26-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату немесе оны кері қайтарып алу
27-бап. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдердің жариялылығы
4-тарау Тауарлардың шығарылған жері
28-бап. Тауарлардың шығарылған жерін анықтау
29-бап. Тауарлардың шығарылған жерін растау және тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар
30-бап. Тауардың шығарылған жері туралы декларация
31-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
32-бап. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер
33-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдау тәртібі
34-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш
35-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және оның қолданыс мерзімі
36-бап. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату немесе кері қайтарып алу
5-тарау Тауарлардың кедендік құны
37-бап. Анықтамалар
38-бап. Тауарлардың кедендік құны туралы жалпы ережелер
39-бап. Әкелінетін тауарлармен мәмілелердің құны жөніндегі әдіс (1-әдіс)
40-бап. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер
41-бап. Бірдей тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (2-әдіс)
42-бап. Біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (3-әдіс)
43-бап. Шегеру әдісі (4-әдіс)
44-бап. Қосу әдісі (5-әдіс)
45-бап. Резервтік әдіс (6-әдіс)
II БӨЛІМ. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР, АРНАЙЫ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ, ӨТЕМ БАЖДАРЫ
6-тарау. Кедендік төлемдер туралы жалпы ережелер
46-бап. Кедендік төлемдер
47-бап. Кедендік алымдар
48-бап. Аванстық төлемдер
49-бап. Кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктер және тарифтік преференциялар
50-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер
7-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу
51-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база
52-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу
53-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін қолданылатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері
54-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы. Кедендік баждар, салықтар төленбейтін жағдайлар
55-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау
56-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеудің мерзімі және есептеу ерекшеліктері
8-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері мен тәртібі
57-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері
58-бап. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту
59-бап. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну мерзімдері мен негіздері
60-бап. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін берілетін пайыздар
61-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі
9-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету
62-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің жалпы шарттары
63-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері
64-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету
65-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау
10-тарау. Кедендік баждар, салықтар сомаларын және өзге де ақшалай қаражатты (ақшаны) қайтару (есепке жатқызу)
66-бап. Артық төленген немесе артық өндіріліп алынған кедендік баждар, салықтар
67-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде төленген кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің сомаларын, ақшалай қаражат (ақша) сомаларын, сондай-ақ өзге де ақшалай қаражат (ақша) сомаларын қайтару (есепке жатқызу)
11-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу
68-бап. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу туралы жалпы ережелер
69-бап. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы
70-бап. Кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және оларды есептен шығару
12-тарау. Ішкі нарықты қорғау мақсатында қолданылатын арнайы, демпингке қарсы, өтем және өзге де баждар
71-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем және өзге де баждарды ішкі нарықты қорғау мақсатында қолдану
72-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы және тоқтатылуы. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбейтін жағдайлар
73-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау
74-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеудің мерзімдері мен тәртібі
75-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету
76-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражатын (ақшаны) қайтару (есепке жатқызу)
77-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды өндіріп алу
III БӨЛІМ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАСАЙТЫН ТҰЛҒАЛАР
13-тарау. Кедендік операциялар және оларды жасайтын тұлғалар туралы жалпы ережелер
78-бап. Кедендік операцияларды жасау тәртібі
79-бап. Кеден органының кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты
80-бап. Кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар және (немесе) мәліметтер
81-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасаудың бірінші кезектегі тәртібі
82-бап. Кеден органдарының және тұлғалардың кедендік операцияларды жасауы
83-бап. Декларант
84-бап. Декларанттың құқығы, міндеттері және жауапкершілігі
85-бап. Кедендік операцияларды жасаған кезде мүдделі тұлғалардың қатысуы
86-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау
14-тарау. Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі және олардың келуімен байланысты кедендік операциялар
87-бап. Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі
88-бап. Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасаудың тәртібі
89-бап. Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы кеден органын хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер
90-бап. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен өзге де жүк операциялары, сондай-ақ келу орындарында жүзеге асырылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу
91-бап. Одақтың кедендік аумағына тауарлар келген кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімдері
15-тарау. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуі және осындай кетуге байланысты кедендік операциялар
92-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасаудың тәртібі
93-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау
94-бап. Одақтың кедендік аумағынан тауарлар кеткен кезде оларға қойылатын талаптар
95-бап. Тауарларды түсіру, ауыстырып тиеу және тауарлармен жүргізілетін өзге де жүк операциялары, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағынан тауарлар кеткенге дейін жүзеге асырылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу
96-бап. Авария, еңсерілмейтін күштің әсер етуі немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар
97-бап. Одақтың кедендік аумағынан шетелдік тауарлардың кетуі кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және оны есептеу
16-тарау. Тауарларды уақытша сақтау және тауарларды уақытша сақтауға қоюға байланысты кедендік операциялар
98-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер
99-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары
100-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар және оларды жүргізу тәртібі
101-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі
102-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен операциялар
103-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу міндетінің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
17-тарау. Кедендік декларация және кедендік декларацияны берумен, тіркеумен және кері қайтарып алумен, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруімен (толықтырылуымен) байланысты кедендік операциялар
104-бап. Кедендік декларация туралы жалпы ережелер
105-бап. Кедендік декларация
107-бап. Транзиттік декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер
108-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар
109-бап. Кедендік декларацияны берумен байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі
110-бап. Кедендік декларацияны беру мерзімі
111-бап. Берілген кедендік декларацияны тексеру, берілген кедендік декларацияны тіркеумен не тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі
112-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруімен (толықтырылуымен) байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі
113-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алумен байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі
114-бап. Алдын ала кедендік декларациялау
115-бап. Толық емес кедендік декларациялау
116-бап. Мерзімдік кедендік декларациялау
117-бап. Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарды кедендік декларациялау ерекшеліктері
18-тарау Тауарларды шығару және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялар
118-бап. Тауарларды шығару және тауарларды шығарумен және оларды жоюмен байланысты кедендік операциялар жасау тәртібі туралы жалпы ережелер
119-бап. Тауарларды шығару мерзімдері
120-бап. Тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін кедендік операцияларды жасаудың және тауарларды шығарудың ерекшеліктері
121-бап. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтағанға дейінгі тауарларды шығарудың ерекшеліктері
122-бап. Кедендік сараптаманы тағайындау кезінде тауарларды шығарудың ерекшеліктері
123-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс анықталған кезде тауарларды шығарудың ерекшеліктері
124-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру және мұндай тауарларды шығару мерзімін қайта жаңғырту
125-бап. Тауарларды шығарудан бас тарту және тауарларды шығарудан бас тартуға байланысты кедендік операциялар жасасу тәртібі
126-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар
IV БӨЛІМ КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР
19-тарауКедендік рәсімдер туралы жалпы ережелер
127-бап. Кедендік рәсімдерді қолдану
128-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
129-бап. Кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау, тоқтату, тоқтата тұру және жаңғырту
130-бап. Кедендік рәсімдердің қолданысы мерзімдерін ұзарту
131-бап. Ішкі нарықты арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарға қарағанда өзге түрде белгіленген қорғау шараларын сақтау және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру кезіндегі өзге де баждар
132-бап. Мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану жағдайларын сақтау
133-бап. Мүше мемлекеттің кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (тыйым салу), тәркілеу немесе меншігіне (кірісіне) айналдыру салдарлары
20-тарау Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі
134-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы
135-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
136-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі
137-бап. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындау және тоқтатылу ерекшеліктері, тауарларға декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару кезінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты оларды төлеу және есептеу мерзімі
138-бап. Осы Кодекстің 134-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу ерекшеліктері
21-тарау Экспорт кедендік рәсімі
139-бап. Экспорт кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуы
140-бап. Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
141-бап. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу және есептеу мерзімі
22-тарау Кедендік транзит кедендік рәсімі
142-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімінің мазмұны және қолданылуы
143-бап. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
144-бап. Кедендік транзит мерзімі
145-бап. Тауарларды жеткізу орны. Тауарлардың жеткізу орнын өзгерту
146-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету
147-бап. Кедендік транзит кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растау ерекшеліктері
148-бап. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағында кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде көлік құралдарын өткізу
149-бап. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде пайда болған авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар
150-бап. Тасымалдаушының тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасу (тасымалдау) кезіндегі міндеттері
151-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы мен тоқтатылуы
I БӨЛІМ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТАҒЫ КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеу
1. Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі - Одақ) тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу, олардың Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде болу және пайдаланылу тәртібі мен шарттарын, тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінуіне, олардың Одақтың кедендік аумағынан әкетілуіне, тауарлардың уақытша сақталуына, олардың кедендік декларациялануына және шығарылуына байланысты кедендік операциялар, өзге де кедендік операциялар жасау тәртібін, кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу және кедендік бақылау жүргізу тәртібін белгілеуді, сондай-ақ кеден органдары мен Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын іске асыратын тұлғалардың арасындағы билік қатынастарын регламенттеуді қамтитын бірыңғай кедендік реттеу жүзеге асырылады.
2. Одақта кедендік реттеу, осы Кодексті қоса алғанда, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарға және Одақ құқығын құрайтын актілерге (бұдан әрі - халықаралық шарттар мен кедендік реттеу саласындағы актілер), сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - Одақ туралы шарт) сәйкес жүзеге асырылады.
3. Одақтағы кедендік реттеу Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде тұлғалардың тең құқықтылығы, кедендік операцияларды жасаудың анықтығы, айқындығы және дәйектілігі, кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерді әзірлеу мен қолдануда және оларды халықаралық құқық нормаларымен үндестіруде, сондай-ақ кедендік бақылаудың заманауи әдістерін қолдануда және кеден органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды барынша пайдалануда жариялық қағидаттарына негізделеді.
4. Осы Кодекс пен кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін, Одақтың құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттар арасында қайшылықтар туындаған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
5. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарда және актілерде реттелмеген кедендік құқықтық қатынастар осындай халықаралық шарттарда және актілерде тиісті құқықтық қатынастар реттелгенге дейін Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) кедендік реттеу туралы заңнамасында реттеледі.
2-бап. Анықтамалар
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
1) «авария» - кедендік бақылаудағы көлік құралдарымен және (немесе) өзге тауарлармен болған, тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, салдары бойынша зиянды техникалық, технологиялық немесе өзге сипаттағы, меншік иесінің және (немесе) осындай өзгерістер болған кезде иелігінде тауарлар болған тұлғаның қасақана әрекеттерінен туындамаған, олардың кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерде көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгеруіне әкеп соқтырған оқиға;
2) «ақша құралдары» - жол чектері, вексельдер, чектер (банктік чектер), сондай-ақ эмитенттің (борышкердің) ақшалай қаражат төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын және осындай төлем жүзеге асырылатын тұлға көрсетілмеген құжаттамалық нысандағы бағалы қағаздар;
3) «алдын ала ақпарат» - Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу болжанатын тауарлар, осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келу уақыты және жері, Одақтың кедендік аумағына келген жолаушылар туралы электронды түрдегі мәліметтер;
4) «әкімшілік құқық бұзушылықтар» - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары әкімшілік процесті жүргізетін (іс жүргізуді жүзеге асыратын) әкімшілік құқық бұзушылықтар;
5) «бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар» - оны құрайтын кедендік баждарға, салықтарға бөлмей, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты есептелген кедендік баждар, салықтар сомасы;
6) «декларант» - тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;
7) «жасанды аралдар» - оларды құруға арналған жобалау құжаттамасына сәйкес орналасқан жері бойынша бекітілген, судың барынша көтерілуі кезінде шайылатын, үйілген, қада және өзге де судың бетіне шығып тұратын, жүзбейтін тірек негізі бар, мүше мемлекеттердің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңірлік геологиялық зерделеу, геологиялық зерделеу, минералды ресурстарды барлау және өндіру, су биологиялық ресурстарының теңіз ресурстары зерттеулерін жүргізу және балық аулауды жүзеге асыру, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсаттарында мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарына және мүше мемлекеттердің заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда пайдаланылатын объектілер;
8) «жеке пайдалануға арналған көлік құралдары» - Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын, жекелеген авто- және мото көлік құралдарын және авто- және мото көлік құралдарына тіркемелерді, қосалқы бөлшектері және әдеттегі керек-жарақтары мен жабдықтарын, осы көлік құралдарын Одақтың кедендік шекарасы арқылы адамдарды сыйақыға тасымалдау үшін емес, тауарларды сыйақыға немесе тегін өнеркәсіптік немесе коммерциялық тасымалдау үшін емес, жеке мақсаттарда өткізетін жеке тұлғаға иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығында тиесілі, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтары бар су кемесін немесе әуе кемесін, оның ішінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тіркелген көлік құралдарының жекелеген түрлерін қамтитын, жеке пайдалануға арналған тауарлар санаты;
9) «жеке пайдалануға арналған тауарлар» - Одақтың кедендік шекарасы арқылы бірге жөнелтілетін немесе бірге жөнелтілмейтін багажда, халықаралық пошта жөнелтімдерінде не өзге де тәсілмен жіберу арқылы өткізілетін жеке тұлғалардың жеке, отбасылық, үй ішілік және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мұқтаждықтарына арналған тауарлар;
10) «жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар» - осы Кодекстің 53-бабына сәйкес қолданылатын кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелері бойынша жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты есептелген кедендік баждар, салықтар сомасы;
11) «жөнелтуші кеден органы» - тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын кеден органы;
12) «кедендік баж» - тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден органы алатын міндетті төлем;
13) «кедендік бақылау» - кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің және мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеруге және (немесе) қамтамасыз етуге бағытталған, кеден органдары жасайтын іс-қимылдар жиынтығы;
14) «кедендік декларация» - тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжат;
15) «кедендік декларациялау» - кедендік декларацияны пайдалана отырып кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеу;
16) «кедендік құжаттар» - кедендік декларация және тек қана кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу үшін, сондай-ақ кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу барысында және нәтижелері бойынша жасалатын өзге де құжаттар;
17) «кедендік операциялар» - кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес тұлғалар және кеден органдары жасайтын іс-қимылдар;
18) «кедендік рәсім» - тауарларды Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде кедендік реттеу мақсаттары үшін пайдалану шарттары мен тәртібін айқындайтын нормалар жиынтығы;
19) «кедендік-тарифтік реттеу шаралары» - Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкетілетін) тауарларға қатысты Одақ туралы шартқа сәйкес қолданылатын және кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін, тарифтік квоталарды, тарифтік преференцияларды, тарифтік жеңілдіктерді қолдануды қамтитын шаралар;
20) «кеден органдары» - мүше мемлекеттердің кеден органдары;
21) «кеден органдарының ақпараттық ресурстары» - кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылатын құжатталған ақпараттың реттелген жиынтығы (деректер базалары, басқа да ақпарат қорлары);
22) «кеден өкілі» - декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операциялар жасайтын, кеден өкілдері тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
23) «керек-жарақтар»:
қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, су кемелерін, әуе кемелерін және пойыздарды тұратын жерлерінде және жүру жолында қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті;