Өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің қамақта тұрған акцияларын алғаннан кейін дереу бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлайды.
Қамақ салу туралы қаулы бойынша бұрын қамақ салынған акциялардың орнына өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банктің қайта ұйымдастырылатын банк акционерлері арасында орналастырылған акциялары, егер бұл қамақ салу мақсаттарға қайшы келмесе, қайта ұйымдастырылатын банктің акцияларына қамақ салу шарттарымен бірдей қамақта деп есептеледі.
Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға толықтыру ретінде осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешекті ескере отырып, бұрын қамақ салынған акциялардың орнына өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банктің орналастыру нәтижесінде алынған акцияларына қамақ салу туралы қаулы шығаруға міндетті.
7. Егер атқарушылық құжатта борышкердің бағалы қағаздар бойынша кіріс алуға құқықтарын шектеу белгіленсе, онда осы бағалы қағаздар бойынша барлық кірістер аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына есептелуге тиіс.
8. Сот орындаушысы тыйым салынған құжаттық бағалы қағаздарды алып қояды және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы хаттамаға қол қойғыза отырып, осы хаттаманың көшірмесін сақтаушыға сақтауға береді. Сот орындаушысы осы бағалы қағаздарды кастодианға сақтауға беру туралы шешім қабылдай алады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Тыйым салынған құжатсыз бағалы қағаздар алып қойылмайды және құқықтарды есепке алу үшін басқа номиналды ұстаушыға берілмейді.
9-1. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының тиісті лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, номиналды ұстаушы ол туралы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не тоқтатылғандығы туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей сот орындаушысына хабарлайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Эмитент (басқарушы компания) тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушымен шартты бұзған жағдайда, номиналды ұстаушы ол туралы шарт бұзылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей сот орындаушысына хабарлайды.
12. Эмитент (басқарушы компания, басқарушы) борышкерге тиесілі тыйым салынған бағалы қағаздар төлемінің немесе оны өтеудің мерзімі басталған жағдайда, аталған бағалы қағаздар бойынша төлем сомасын құрайтын ақшаны аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына есептейді.
13. Тыйым салынған бағалы қағаздарды мүліктің және (немесе) мүліктік құқықтардың иесіне беру нысанында өтеген жағдайда сот орындаушысы мұндай мүлікті және (немесе) мүліктік құқықтарды осы Заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алады.
14. Сот орындаушысы бағалы қағаздарға тыйым салынғаны туралы қаулының көшірмелерін, оны шығарған (жасаған) күннен кейінгі күннен кешіктірмей, атқарушылық іс жүргізу тараптарына, сондай-ақ:
1) бағалы қағаздарды берген адамға (эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда);
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын тiркеушiге, орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға);
3) егер бағалы қағаздарға тыйым салу осы бағалы қағаздарға бекітілген құқықтарды шектеуден тұратын болса, эмитентке (басқарушы компанияға) жібереді.
15. Бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулының көшірмесін алған күннен бастап, осы баптың 14-тармағында аталған адамдар:
1) аталған қаулымен борышкердің шектелген құқықтарын іске асыруға бағытталған борышкердің талаптарын орындауға құқылы емес;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген операцияларды жасауды және мәмілелерді орындауды қоспағанда, сот орындаушысының қаулысында көрсетілген берешектің мөлшерiн ескере отырып, орталық депозитарийдің немесе бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының шоттарында есепке алынатын немесе сонда болатын борышкердiң қаржы құралдарымен операцияларын дереу тоқтата тұруға мiндеттi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
16. Номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) клиенттерiне тиесiлi қаржы құралдарын есепке алу жүзеге асырылатын, номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) банктiк, жеке және өзге де шоттарына номиналды ұстаушының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының) мiндеттемелерi бойынша тыйым салына алмайды.
66-бап. Борышкер мүлкiнiң тiзiмдемесi
1. Сот орындаушысы өндiрiп алушыға берiлетiн соманы, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметтеріне төлейтін шығыстарды өтеуге қажеттi мөлшерде борышкер мүлкiнің тiзiмдемесін жүргізеді. Осы Заңның 55-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда, тізімделетін мүліктің құны атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алудың мөлшерiнен асып түсуi мүмкiн. Сот орындаушысының тiзiмдемеге түскен заттарға сүргi сала алады.
2. Мүлiкке тiзiмдеме жасау борышкердiң және куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс. Атқарушылық әрекеттер жасалатындығы туралы алдын ала хабардар етілген, борышкер болып табылатын жеке адам немесе заңды тұлғаның өкiлi болмаған жағдайда, тiзiмдеме куәгерлердiң қатысуымен жасалады.
3. Мүлiктер тiзiмдемесiне әр заттың атауы, оның ерекше белгiлерi (салмағы, метражы, тозу дәрежесi, бұйымның маркасы және өзге де өлшемдері), әр заттың жеке-жеке бағасы және барлық мүлiктiң құны енгiзiледi.
Тiзiмдемеге оны жасау кезiнде қатысқан адамдар қол қояды.
4. Сот орындаушысы тізімдемеге қатысушы маманның қорытындысы бойынша жылжымалы мүлікке тізімдеме жасамауға не маманның қорытындысы бойынша оны сату мүмкін болмаса немесе оны сатудан түскен сома орындау жөніндегі шығыстардан кем болатын болса, оны кейін тізімдемеден алып тастауға құқылы.
67-бап. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасы
1. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасында:
1) хаттама жасалған уақыт пен орны;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) хаттама жасаған сот орындаушысының, сондай-ақ хаттама жасалған кезде қатысқан адамдардың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) соттың немесе атқарушылық құжаты орындалатын басқа да органның атауы;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өндіріп алушының және борышкердің тектері, аттары және әкелерінің аттары (олар болған жағдайда);
5) мүлікке тізімдеме жасау жүргізілгені туралы сілтеме (тізімдемені кім жүргізді, тізімделген мүліктің жалпы құны);
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мүлік түрінің сипаты немесе мүліктің және оның сипаттамаларының тізбеленуі;
6) егер заттарға сүргі салу жүргізілген болса, оған сілтеме;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) мүлік сақтауға берілген жеке адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, егер мүлікті сақтау борышкердің өзіне жүктелмесе, мекенжайлары;
8) борышкерге және басқа да адамдарға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау тәртібі мен мерзімінің түсіндірілгені, сондай-ақ борышкерге немесе мүлікті сақтаушыға олардың сақтауға берілген мүлікті сақтау жөніндегі міндеттері және оны талан-таражға салғаны, иеліктен шығарғаны немесе жасырғаны үшін жауапкершілігі жөнінде түсіндірілгені туралы белгі;
9) өндіріп алушының, борышкердің, тізімдеме жасау кезінде қатысқан адамдардың ескертпелері мен арыздары және сот орындаушысының солар бойынша өкімдері көрсетілуге тиіс.
2. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасына сот орындаушысы және оны толтыру кезінде қатысқан адамдар қол қояды.
3-параграф. Мүлікті бағалау және сақтау
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
68-бап. Борышкердің мүлкін бағалау
1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынған және борышкерге мүліктің тиесілі екені анықталған кезден бастап он жұмыс күні ішінде:
бағалаушыны өз бетінше тағайындау;
атқарушылық іс жүргізу тараптарының бірінің ұсынысы бойынша бағалаушыны тағайындау;
атқарушылық іс жүргізу тараптарының біріне борышкердің мүлкін бағалауды жүргізу туралы тапсырма беруі арқылы бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарады.
Борышкердің тыйым салынған мүлкін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтің ақысын төлеу атқарушылық іс жүргізу тараптарына жүктеледі және кейіннен борышкердің есебінен өтеледі.
2. Бағалаушыны тағайындау туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмелері атқарушылық іс жүргізу тараптарына оны шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
3. Бағалаумен келіспеген атқарушылық іс жүргізу тарапы бағалау туралы есеппен танысқан кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде оған шағым жасауға құқылы.Шағым сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Бағалау туралы есеппен танысу осы Заңның 4-тарауына сәйкес жүргізіледі.
4. Борышкердің тыйым салынған мүлкін қайталап бағалау бойынша көрсетілетін қызмет ақысын төлеу шағым жасаушы тарапқа жүктеледі.
5. Атқарушылық іс жүргізу тараптары мүліктің құны туралы жазбаша келісім жасасқан жағдайда, бағалаушы тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізбейді және бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарылмайды.
69-бап. Мүлiкті сақтау
1. Сот орындаушысы сақтаушыдан сақтау қолхатын алу арқылы сақтау шарты негiзiнде тыйым салынған мүлiктi сақтауға берудi жүзеге асырады.
2. Тыйым салынған мүлiктi сақтаудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
3. Егер мүлiктi пайдалану оның ерекшеліктері бойынша мүлiктiң жойылуына немесе оның құндылығының кемуiне әкеп соқпаса, сақтаушы бұл мүлiктi сот орындаушысының рұқсатымен пайдалана алады.
4. Борышкер немесе оның отбасының мүшесi сақтаушы болып табылмаса, ол сақтағаны үшiн сыйақы алады.
5. Мүлiктi сақтау жөнiнде жұмсалған қажеттi шығыстар сақтаушыға осы мүлiктi пайдаланудан iс жүзiнде алынған пайда шегерiле отырып өтеледi.
6. Мүлiктi сақтауға байланысты жұмсалған шығындар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
70-бап. Мүлiктi сақтаушының жауапкершiлiгi
Сақтауға берілген тыйым салынған мүлікті талан-таражға салған, иеліктен шығарған немесе жасырған жағдайда сақтаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
71-бап. Борышкерден алып қойылған құндылықтарды сақтау
1. Борышкерден ақшаны, бағалы қағаздарды, валюталық құндылықтарды, зергерлiк және қымбат металдардан, асыл тастардан және iнжуден жасалған басқа да бұйымдарды, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтарын алып қойған кезде сот орындаушысы екі дана етіп алып қою актісін жасайды.
2. Борышкерден алып қойылған бағалы қағаздарды, валюталық құндылықтарды, зергерлiк және қымбат металдардан, асыл тастардан және iнжуден жасалған басқа да бұйымдарды, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтарын сот орындаушысы банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға шарт негiзiнде жүзеге асырылатын сақтауға өткiзедi.
3. Өндiрiп алушыға берілген сомаларды және атқару жөніндегі шығыстарды өтеу үшiн қажеттi, борышкерден алынған ақша сомаларын сот орындаушысы жиырма төрт сағат ішінде аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгiзедi. Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотындағы ақша сомаларын есепке алу, сақтау және беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
4. Борышкерден ақшаны алып қою кезінде борышкерге алып қою актісінен бөлек түбіртек беріледі, ал алып қойылған ақша аумақтық органың қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізіледі.
8-тарау. БОРЫШКЕРДІҢ МҮЛКIН ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
1-параграф. Өткізудің жалпы қағидалары
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72-бап. Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігі
1. Жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезекте - бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;
2) екінші кезекте - көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа);
3) үшінші кезекте - тұрғынжай.
2. Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезекте - тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;
2) екінші кезекте - тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;
3) үшінші кезекте - тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.
3. Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізу кезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады.
4. Өндіріп алуды қолданудың нысанасы - борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңда белгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігі өзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
73-бап. Борышкердің жылжымайтын мүлкін кейіннен аукционда сату үшін оған құқықтарды тіркеу ерекшеліктері
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Меншік құқығы (шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріліп алынған жағдайда, сондай-ақ жылжымайтын объектінің кадастрлық және техникалық есепке алу (түгендеу) жөніндегі жұмыстары жүргізілмесе немесе аяқталмаса, сот орындаушысы борышкерге, тіркеуші органға аталған әрекеттерді жүргізуге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды кадастрлық, техникалық есепке алу мен мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттарды табыс ету міндеттерін жүктеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.
2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді кадастрлық және техникалық есепке алу мен мемлекеттік тіркеу бойынша шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 74-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74-бап. Тыйым салынған мүлікті өткізу
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүліктен басқа, тыйым салынған мүлікті өткізуді, осы Заңның 77-бабының 3-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздері мен мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүргізеді. Электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттық бірыңғай электрондық сауда алаңында өткізіледі, оны таңдауды Республикалық палата жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Борышкер сот орындаушысы мүлікке тыйым салуды қолданғаннан және бағалау жүргізгеннен кейін және мүлік алып қойылғанға немесе өткізілгенге дейін сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде тыйым салынған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өткізуге құқылы.
Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы мүлікті өткізу жөніндегі рәсімдерді тоқтата тұруға негіз болып табылмайды.
Борышкер мен сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойғаннан кейін және сатып алушы мүліктің бүкіл сатып алу құнын аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізгеннен кейін талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында мүлікті өткізген сот орындаушысы сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, атқарушылық құжаттың орындалу барысында мүлікке салынған барлық ауыртпалықтардың, оның ішінде басқа да сот орындаушылары салған ауыртпалықтардың күшін жояды.
Борышкердің мүлкін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кіріс органы өткізген жағдайда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген, борышкердің мүлкі есебінен талаптарды қанағаттандыру кезектілігі сақталған жағдайда, мемлекеттік кіріс органы мүліктің өткізілгенін және оны өткізуден түскен ақшаны бөлу тәртібін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалу барысында мүлікке салынған барлық ауыртпалықтарды алып тастайды.
3. Егер тыйым салынған мүлікті өткізу туралы шешім қабылдау кезінде борышкердің банкроттығы туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалатын болса, онда мүлікті өткізу аталған мәселе мәні бойынша қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.
4. Тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің осы Заңмен реттелмеген мәселелері уәкілетті орган бекітетін қағидаларда айқындалады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 74-1-баппен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 74-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
74-1-бап. Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті есепке алуы
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы тыйым салынған мүліктің есепке алынуын қамтамасыз етеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75-бап. Мемлекетке берiлетiн мүлiктi өткізу
Мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде қылмыстық iс бойынша сот үкiмi негiзiнде не мүлiктi мемлекетке беру туралы шешiм негiзiнде тыйым салынған мүлiк мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өткізіледі немесе пайдаланылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 76-бап жаңа редакцияда
76-бап. Құндылықтарды өткізу
Борышкерге тиесілі бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77-бап. Тыйым салынған мүлiктi өткізу тәртібі
1. Борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
2. Тез бұзылатын мүлікті тыйым салынғаннан кейін және тізімдеме жасалғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу тараптарының білдірген еркіне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша сауда қызметінің субъектілеріне дереу сатуға тапсырады.
3. Егер маман тыйым салынған мүлік сату кезінде құнды болып табылмайды және өтімді емес деген қорытынды берсе, осы мүлік өткізуге берілмейді.
4. Құрамы бойынша біртектес мүлікті өткізген кезде ол сот орындаушысының қаулысы бойынша бірыңғай лотпен сатылуы мүмкін.
78-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-параграф. Аукцион өткізудің ерекшеліктері
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79-бап. Алдағы электрондық аукцион туралы құлақтандыру
Алдағы электрондық аукион туралы хабарландыру электрондық аукцион өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, бірыңғай электрондық сауда алаңында жарияланады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 80-бап жаңа редакцияда
80-бап. Электрондық аукцион өткізудің жалпы шарттары
1. Электрондық аукционға қатысуға ниет білдірген тұлғалар өтінім беруге және мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшеріндегі кепілдік жарнаны төлеуге міндетті.
Электрондық аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Электрондық аукционның қалған қатысушыларының кепілдік жарнасы электрондық аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.
2. Электрондық аукционға сатып алушы ретінде осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған сот орындаушылары мен судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), борышкер қатыса алмайды.
3. Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.
Егер электрондық аукционға қатысушылардың ешбірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдай отырып мүліктің құнын арттырмаған жағдайда, электрондық аукцион құнды төмендетуге ауысумен жалғасатын болады.
Бұл ретте, өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, бұл баға электрондық аукционға қойылған мүлік құнының бастапқы бағасының елу пайызынан төмен болмауға тиіс.
4. Сатып алған мүліктің ақысын электрондық аукцион жеңімпазы электрондық аукцион қорытындылары бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде төлейді.
Егер жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алынған мүліктің құнын төлемесе, оның кепілдік жарнасы қайтарылмайды.
Қатысушылардың кепілдік жарнасы, егер қатысушының электрондық аукционға қатысуға құқығы болмаған жағдайда қайтарылмайды.
5. Осы баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда, кепілдік жарна мемлекеттік сот орындаушысы өткізетін электрондық аукциондар бойынша мемлекет кірісінің, ал жеке сот орындаушысы өткізетін электрондық аукциондар бойынша жеке сот орындаушысы кірісінің есебіне жатқызылады.
81-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
82-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 83-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
83-бап. Аукцион нәтижелері бойынша меншік иесі құқығының борышкердің мүлкіне ауысуы
Аукцион нәтижелері бойынша сатып алған мүліктің құнын төлегеннен кейін сот орындаушысы мен аукциондағы мүлікті сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады.
Аталған шарт сатып алушының алған мүлкіне оның меншік құқығын (меншік құқығының ауысуын) мемлекеттік органдарда тіркеу үшін негіз болып табылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84-бап. Электрондық аукционды өткiзiлмеді деп жариялау
Сот орындаушысы, егер:
1) өтінімдер болмаса немесе бір ғана өтінім берілсе;
2) сатып алушылардың ешқайсысы мүлік құнын өзгертудің белгіленген қадамын қолдамаса;
3) сатып алушы белгіленген мерзімде мүліктің толық сатып алу құнын төлемесе, электрондық аукцион өткiзiлмеді деп жариялайды.