2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Көмекші өз қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 156-1-баппен толықтырылды
156-1-бап. Жеке сот орындаушысы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушысының көмекшісі жеке сот орындаушысының қабылданған процестік шешімі және оның тапсырмасы бойынша атқарушылық іс жүргізуді орындау шеңберінде:
1) атқарушылық іс жүргізудің процестік және өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеуге;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) атқарушылық іс жүргізу тараптарына шақыру қағаздарын, хабарламаларды және өзге де құжаттарды жеткізуге және тапсыруға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) атқарушылық іс жүргізу тараптарын, үшінші тұлғаларды шақыруға және олармен жеке сот орындаушысының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжаттарды орындау бойынша келіссөздер жүргізуге;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) борышкер орналасқан немесе оған, сондай-ақ басқа тұлғаларға тиесілі үй-жайда және сақтау қоймасында борышкерге тиесілі мүліктің бар екені туралы ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қатысуымен оларға кіруге құқылы.
2. Жеке сот орындаушысының көмекшісі өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге міндетті.
4-параграф. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-параграф жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-параграф. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы.
Республикалық палата
161-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
1. Қазақстан Республикасының әрбір облысының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының аумағында жеке сот орындаушыларының бір өңірлік палатасы құрылады.
2. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және филиал туралы ережемен реттеледі.
162-бап. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілеттіктері
1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:
1) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлуді жүргізеді;
3) Республикалық палатаға жүктелген өкілеттіктерден туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органына өз қызметі туралы ақпарат береді. Ақпарат берудің нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
163-бап. Республикалық палата
1. Республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.
2. Республикалық палатаның жарғысын съезд қабылдайды.
3. Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ шартын жасасады.
163-1-бап. Республикалық палатаның өкілеттіктері
1. Республикалық палата:
1) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда жеке сот орындаушылары өңірлік палаталары мен жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді;
3) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары басшыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
3-2) Республикалық палатаның мүшесіне қабылдау жүзеге асырылған кезде жеке сот орындаушыларын облыстардың, аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағына бөлуді және олардың санын айқындауды жүзеге асырады;
3-3) жеке сот орындаушыларының тәртіптік теріс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кінәлі адамдарға тәртіптік жаза қолданады;
3-4) уәкілетті органға жеке сот орындаушысына қатысты осы Заңда көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;
4) жеке атқарушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Сот орындаушылары мен қызметшілерінің халықаралық одағының, басқа да халықаралық және шетелдік ұйымдардың жұмысына қатысады;
5) жеке атқарушылық қызметке байланысты атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың норма шығарушылық және сараптама қызметіне қатысады;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жеке сот орындаушылары мен олардың көмекшілерін кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша оқу орталықтары мен білім беру ұйымдарын айқындайды;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) жеке сот орындаушысы мен олардың көмекшілерін кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқытуды жүргізу бағдарламасы мен мерзімдерін бекітеді және кәсіптік оқыту қорытындылары бойынша сертификат (куәлік) береді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) жеке сот орындаушыларының және олардың көмекшілерінің кәсіптік оқытудан уақтылы өтуін бақылауды қамтамасыз етеді;
7) жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;
8) өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде өзі келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді жеке сот орындаушысының орындауын қамтамасыз етеді;
9) жеке практикамен айналысатын сот орындаушыларының әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
10) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;
12) талдамалық және ғылыми жұмысты жүзеге асырады;
13) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Республикалық палата осы Заңда және өз жарғысында айқындалған, өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін басқа да коммерциялық емес ұйымдар құруға құқылы.
3. Республикалық палата уәкілетті органға тоқсан сайын жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындауы жөнінде ақпарат береді.
164-бап. Республикалық палатаның басқару органдары
1. Республикалық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:
1) съезд - жоғары басқару органы;
2) төралқа - басқару органы;
3) басқарма - атқарушы орган.
2. Төралқа құрамына уәкілетті органның үш өкілі кіреді. Оларды сайлауға және босатуға съездің құзыреті қолданылмайды.
3. Республикалық палатада өз жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
165-бап. Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру
Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру міндетті жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Жарналарды төлеу тәртібі, олардың мөлшерлері және төлеу мерзімдері Республикалық палата жарғысында айқындалады.
6-параграф. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау
және олардың тәртіптік жауаптылығы
166-бап. Жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерді жасауын соттың бақылауы
Атқарушылық әрекеттерді жасаудан бас тартуға немесе атқарушылық әрекеттерді дұрыс жасамауға сот тәртібімен шағым жасалады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 167-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 167-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
167-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды;
2) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
3) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) уәкілетті органнан үш өкілді айқындайды;
5) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;
7) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның 143 және 144-баптарының 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;
9) осы Заңның 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы сотқа қуыным береді;
10) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) мыналарды:
жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ережені;
жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін; тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібін;
жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды;
жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін;
іс жүргізу қағидаларын;
жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының зандарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 168-бап жаңа редакцияда
168-бап. Уәкілетті органның аумақтық органының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі құзыреті
1. Уәкілетті органның аумақтық органы:
1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өз міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ұсыну енгізеді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізеді;
4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға жіберу туралы өтініштерді қарайды;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын, республикалық бюджеттен қаражат төлеуді жүргізеді.
2. Уәкілетті органның аумақтық органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып:
1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорытады;
3) осы Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;
4) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органның аумақтық органының өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысуға құқылы.
169-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және оның іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке сот орындаушысының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының лауазымды адамдары жеке сот орындаушысының қызметін тексеру кезінде белгілі болған атқарушылық әрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және келтірілген залал үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру оның атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанынан кейін алты ай өткен соң және бір жылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұдан әрі жылына бір рет жоспарлы тексерулер жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен жағдайда не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айғақтайтын басқа да ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.
5. Жеке сот орындаушылары тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарға жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысуларға қатысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты беруге міндетті.
6. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 170-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 170-бап жаңа редакцияда
170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушылары кәсіптік Ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ұсынуды уәкілетті органға бере отырып, Республикалық палатадан шығару.
2. Жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушылары кәсіптік Ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болып табылады.
3. Тәртіптік жаза қолдану, оларды алу және шағым жасау тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.
Жеке сот орындаушысының тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
4. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде жеке сот орындаушысы жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.
171-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
172-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 172-1-баппен толықтырылды
172-1-бап. Республикалық палатадан шығару
Жеке сот орындаушысын Республикалық палатадан шығаруды Республикалық палата басқармасы мынадай:
1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған;
2) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын өрескел не бірнеше рет бұзған;
3) міндетті мүшелік жарналарды үнемі төлемеген;
4) ғылыми, оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, өзге де ақылы қызмет түрлерімен айналысқан;
5) өз еркі бойынша;
6) Республикалық палата жарғысында көзделген өзге де жағдайларда жүргізеді.
17-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 174-бап жаңа редакцияда
174-бап. Өтпелі ережелер
1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы 2015 жылғы 1 наурызға дейін Республикалық палата болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылуға тиіс. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін таратылуға жатады.
2. Республикалық палата құрылғанға дейін оның функцияларын Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып уәкілетті орган жүзеге асырады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Заңның 138-бабының 3-тармағы жаңадан келіп түскен атқарушылық құжаттарға қатысты қолданылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттар бойынша осы Заңның талаптарына сәйкес оларды толық орындау және аяқтау жөнінде шаралар қолданылуға тиіс.
175-бап. Қорытынды ережелер
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы сәуірдің 2-і.
№ 261-IV