2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнайы жабдық өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда есепке қойылуға тиіс.
4. Мұнайды төгу және құю режімі, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерде белгіленген өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келуге тиіс.
5. Мұнай өңдейтін зауыттарға өңдеу үшін жеткізілетін мұнай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге тиіс.
6. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларының кешені белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жобалау құжатында көзделуге тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 91-1-баппен толықтырылды
91-1-бап. Мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі
1. Мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеу, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға арналған.
2. Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібіне сәйкес мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін ақпарат жинауды, ақпаратты өңдеуді, сақтауды, пайдалануды, оның ішінде беру мен таратуды жүзеге асырады.
3-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3. Мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін өздерінің өндірістік объектілерін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыруға және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
4-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай, мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету жөніндегі операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.
92-бап. Ұңғымаларды салу
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұңғымаларды салу және оларды пайдалануға беру жөніндегі барлық операциялар ұңғымаларды салу жобасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Ұңғымаларды салу жобалары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.
1. Мынадай:
1) газда күкіртті сутегінің көлемі алты пайыздан астам болатын;
2) тереңдігі бес мың метрден астам болатын құрлықта;
3) тереңдігі төрт мың метрден астам болатын теңізде;
4) сағалық қысымы отыз бес мегапаскальдан астам болатын ұңғымалар салынған жағдайда, ұңғымаларды салу жобаларын құзыретті орган бекітеді.
Ұңғымалардың өзге де түрлері бойынша құрылыс жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұңғымалар салуға арналған жобалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша құзыретті орган бекітетін техникалық-экономикалық негіздемелерді жасау, сондай-ақ тиісті жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу және оған сараптама жасау жөніндегі арнайы нормативтік талаптар ескеріле отырып әзірленеді.
9-тарау. ТЕҢІЗДЕ ЖӘНЕ ІШКІ СУ АЙДЫНДАРЫНДА МҰНАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ
93-бап. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің жалпы шарттары
1. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі және зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асыруға тиіс.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді бұрғылау, өндіру, дайындау және тасымалдау жұмыстарын жүргізу өзінің авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы, мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнаулы жабдығы мен техникасы және (немесе) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен шарты болған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғаудың ең озық практикасын басшылыққа алуға міндетті.
3. Ұлттық компанияның тиісті келісімшартында кемінде елу пайыз мөлшерінде жер қойнауын пайдаланушы ретінде үлестік қатысу теңізде мұнай операцияларын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстардың міндетті шарты болып табылады.
Теңіз түбінде мұнай операцияларын жүргізу үшін теңіз түбін пайдалану құқығы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсат беруі жолымен беріледі.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген мұнай операцияларының нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін, егер зиянның еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, кінәнің болуына қарамастан жауапты болады.
5. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітуге міндетті.
Бұл бағдарламалар:
1) жүргізілетін мұнай операцияларына ішкі бақылау;
2) персоналды оқыту;
3) ұңғымаларды бақылауға алу, авариялық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету;
4) теңізде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөніндегі іс-шараларды қамтуға тиіс.
6. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданылған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшін өзінің қолжетімді барлық құралдармен теңіздің ластануын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұндай тұлғаның меншігіндегі не пайдалануындағы теңіз құрылыстарына инспекциялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, мұндай мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы инспекцияларды жүргізуге өкілетті болған жағдайда жағалаудан тасымалдауды өзінің есебінен ұйымдастыруға міндетті. Теңіз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкілдерінің инспекцияларын жүргізу мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады және ол теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның рұқсатын алмай теңіз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқылы емес. Рұқсатты алу үшін мұндай жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға теңіз құрылысының жоспарланатын орналастырылуы не салынуы басталғанға дейін өтініш беруге міндетті. Өтініште жоспарланатын теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімдері мен орналасатын жері қамтылуға тиіс. Құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарауға және өтініш берілген кезден бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешім қабылдауға міндетті.
Теңіздегі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгіленген нормалар қолданылады.
9. Ішкі су айдындарындағы мұнай операцияларына теңіздегі мұнай операциялары үшін белгіленген осы Заңның ережелері қолданылады.
10. Теңізде мұнай операцияларын жүргізудің ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында көзделуге тиіс.
94-бап. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүргізу
1. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды судың деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болғызбайтындай не барынша азайтатындай етіп жүргізуге міндетті.
2. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болғызбау жөнінде арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттары құрамында бекітуге міндетті. Бұл бағдарламалар:
1) барлау немесе өндіру объектілерін теңіз аясынан қорғаудың тиісті дәрежесімен жедел консервациялау жөніндегі;
2) сақтаудағы мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерітінділерін және қоршаған ортаға зиян келтіретін өзге де заттарды су басқан аймақтан шығару жөніндегі;
3) теңіз ластанған жағдайда ластану ошақтарын оқшаулау және суды тазарту жөніндегі;
4) теңізді заңды пайдалануға және үшінші тұлғалардың өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыруына жол беретін іс-шараларды қамтуға тиіс.
95-бап. Теңізде барлау жүргізу мен өндіру шарттары
1. Теңізде барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауға келісімшарттық аумаққа барлық қажетті геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргізілген жағдайда ғана кірісуге құқылы.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан алынған кезде, мұндай ұңғыманы бақылауға алу үшін өзге әдістерді қолдану мүмкін емес не қалыптасқан жағдайларда тиімсіз болып табылғанда, тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, іздеу, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы құзыретті органның жазбаша рұқсатынсыз бұрғылауға тыйым салынады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға мұндай тығындау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешім қабылдауға әсер еткен нақты жағдайлар мен себептерді көрсете отырып, қисынды мерзімде жазбаша хабарлауға міндетті.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыда не өзі тартатын мердігерде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті лицензия болған кезде, жер қойнауын пайдаланушының осы ұңғыманы бұрғылау кезінде пайда болатын тәуекелдерді міндетті сақтандыру жөніндегі міндеттемелерін сақтау фактісі болғанда, мұндай ұңғыманы бұрғылаудың жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және теңіз құрылысын салуға не орналастыруға мемлекеттік органның рұқсаты болған кезде ұңғыманы бұрғылауға рұқсат береді. Мұндай өтініште көрсетілген фактілерді растайтын тиісті құжаттар өтінішке қоса берілуге не тіркелуге тиіс.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Құзыретті органның рұқсаты болмаса, қат ішіндегі қысымды ұстап тұру үшін ілеспе және табиғи газды айдауға тыйым салынады. Қат ішіндегі қысымды ұстаудың өзге де әдістері тиімсіз болған және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмірі үшін қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейінде болған жағдайда, құзыретті орган мұндай рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде беруге құқылы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Теңізде барлау мен өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңіз құрылысында не отыз минутта қолжетімді жер шектерде теңізді тазалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мөлшердегі тиісті жабдықтары, материалдары мен заттары болуға міндетті. Материалдарға, заттарға, олардың санына және қолжетімділікке нормативтер мен қойылатын талаптарды мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
6. Барлау мен өндіруді жүргізу кезінде теңіздегі авариялық және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбаудың осы Заңға сәйкес бекітілетін бағдарламалары теңіздің ластануы салдарынан болған ластану ошағын дереу оқшаулау және оны тазарту жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 95-1-баппен толықтырылды
95-1-бап. Мұнайдың теңізге төгілуі
1. Мұнайдың теңізге төгілуі үш деңгейге бөлінеді:
1) бірінші деңгей - жер қойнауын пайдаланушының теңіздегі құрылысында бар материалдар мен заттар көмегімен құрылыс персоналы жоятын, мұнайдың болмашы (он тонна мұнайдан аспайтын) төгілуі;
2) екінші деңгей - жою үшін жұмыс жүргізілген жердегі жер қойнауын пайдаланушының теңіздегі құрылысында бар ресурстар, сондай-ақ жергілікті жағажай қызметтерінің қосымша материалдары, заттары мен персоналы да қажет болатын, мұнайдың шамалы (орташа) (он тонна мұнайдан екі жүз елу тонна мұнайға дейін) төгілуі;
3) үшінші деңгей - жою үшін жер қойнауын пайдаланушының, жергілікті жағажай қызметтерінің, сондай-ақ мамандандырылған қор есебінен халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқа да ұйымдардың материалдары, заттары мен персоналы талап етілетін, мұнайдың көп (екі жүз елу тоннадан және одан көп мұнай) төгілуі.
2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жоспарларды бекітуге міндетті, олар қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен келісу бойынша тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі өңірлік жоспарларға сәйкес келуге тиіс. Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жоспарларды бекіту тәртібі, мерзімдері және олардың нысаны мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарда айқындалады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілгенін байқаған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне дереу хабарлауға міндетті.
4. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының бірінші және екінші деңгейлерде мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті өзінің материалдары мен жабдықтары болуға міндетті. Бірінші және екінші деңгейлерде мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті өзінің материалдары мен жабдықтары болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуін жою саласындағы қызметті жүзеге асыратын, теңізде мұнай операцияларын жүргізу ауданында бірінші және екінші деңгейлерде теңізде мұнайдың төгілуін уақтылы жою үшін жабдықтары мен техникалық құралдары бар кәсіби авариялық-құтқару қызметімен шарт жасасуға міндетті.
5. Теңізде үшінші деңгейде мұнайдың төгілуін жою жағдайлары үшін теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы ашық мұнай және газ фонтандарын жою және мұнай операцияларын жүргізу ауданында теңізде үшінші деңгейде мұнайдың төгілуін жою үшін жабдықтары мен құралдары бар мамандандырылған аттестатталған кәсіби авариялық-құтқару ұйымымен шарт жасасуға міндетті.
6. Теңізде үшінші деңгейде мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру және оларға басшылық ету Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға жүктеледі.
7. Теңізде мұнайдың төгілуін және оның салдарларын жою кезінде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны барынша қорғауға бағдарланған әдістерге артықшылық беру қажет.
8. Теңізде мұнайдың төгілуін жою және оны оқшаулау жөніндегі іс-шараларды, авариялардың, оқыс оқиғалардың себептеріне тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынады.
9. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнайдың төгілуі салдарынан қоршаған ортаға, үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды, сондай-ақ теңізде мұнайдың төгілуін жою бойынша мемлекеттің шығыстарын толық көлемде өтеуге міндетті.
10. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары теңізде мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты, теңізде қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты да қолданылады.
96-бап. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Теңізде мұнай-газ құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту жөніндегі жұмысты құзыретті органның рұқсатынсыз бастауға құқылы емес. Мұндай рұқсат осы Заңның 93-бабының 8-тармағында белгіленген жалпы тәртіппен беріледі.
2. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде жүргізілетін операциялардың адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында көзделуге тиіс.
97-бап. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салу
1. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салынады.
2. Мұнайды уақытша (жиырма күннен аспайтын) сақтауды қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңіз құрылыстарынан тікелей тасымалдау кезінде теңіз құрылыстарында мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.
98-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкілетті органының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша, қоршаған ортаны қорғау және сақтау шартымен, теңізде мұнай операцияларын, ғылыми зерттеулер жүргізуге және басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды жасауға, іске қосуға және пайдалануға рұқсат беруге және оны реттеуге құқығы бар.
2. Жасанды аралдардың, бөгеттердің, құрылыстар мен қондырғылардың төңірегіне қауіпсіздік аймақтары орнатылады, олар оның сыртқы шегінің әрбір нүктесінен бастап бес жүз метр арақашықтыққа созылып жатады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, сондай-ақ оларды қоршаған қауіпсіздік аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық шаруашылығы үшін елеулі мәні бар әдеттегі теңіз жолдарына кедергі болмайтын жерлерде орналасады.
3. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды ұстау мен пайдалануға жауапты ұйымдар олардың күтілуін, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы ескертетін тиісті құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, егер шаруашылық немесе өзге мақсаттарға пайдаланылмайтын болса, олар адамдардың қауіпсіздігіне қатер, кеме қатынасына немесе балық шаруашылығына кедергі келтірмейтіндей дәрежеге дейін демонтаждалуға тиіс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді жасау, іске қосу және пайдалану мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
99-бап. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастау мен көму
1. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастауға және теңіз түбіне көмуге тыйым салынады.
2. Теңізге өндірістік және басқа да сарқынды суды ағызу мемлекеттік бақылаушы органдардың рұқсатымен және бақылауымен ғана олар белгіленген нормативтерге дейін тазартылған жағдайда жүзеге асырылады.
100-бап. Теңіздегі ғылыми зерттеулер
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер құзыретті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен зерттеулердің басталғаны туралы хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкін. Теңiздегi ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақстандық, сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
3. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде мынадай принциптер сақталуға тиіс:
1) теңіздегі ғылыми зерттеулер теңізді заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзін-өзі ақтамайтын кедергілер жасамауға тиіс;
2) теңіздегі ғылыми зерттеулер табиғат қорғау шаралары сақтала отырып ғылыми әдістермен және құралдармен тиісті түрде жүргізіледі;
3) теңіздегі ғылыми зерттеулер процесінде жиналған барлық деректер өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берілуге тиіс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатынсыз еркін таратылмауға немесе жарияланбауға тиіс.
101-бап. Өндірілген мұнайды өлшеу
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеуді жер қойнауын пайдаланушы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізеді.
2. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіппен уақыттың белгілі бір кезеңі сайын құзыретті орган өкілінің қатысуымен мұнайды таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.
3. Егер сынаған немесе тексеріп қараған кезде жабдық немесе аспаптар ақаулы болып шығып, оның бұзылу мерзімін анықтау мүмкін болмаса, ақаулық мерзімі бұрынғы өлшеген кезден бастап ақау анықталған күнге дейінгі уақыттың жартысы ретінде айқындалады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 9-1-тараумен толықтырылды
9-1-тарау. Техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану
101-1-бап. Техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеуге немесе өзге де пайдалануға қойылатын жалпы талаптар