«4. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне және оның стратегиялық объектiлеріне қатер төнген жағдайларда қатердi болғызбау үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қаруды және ұрыс техникасын қолдану қағидаларына сәйкес тәртiп бұзушы әуе кемесiн жоюға дейiн баратын барлық шаралар қолданылады.».
17. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; №8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; №11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-IIІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 94-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітеді.»;
2) 133-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрады.».
18. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар):
1) 4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату;»;
2) 7-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арнайы экономикалық аймақты құру және құрылатын арнайы экономикалық аймақтың мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Арнайы экономикалық аймақ туралы ережені, тиісті арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларын, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
9-тармақтың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.»;
3) 16-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнайы экономикалық аймақ осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім өткен соң таратылады. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы тиісті актісінде айқындалады.
2. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі жағдайында Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын таратады.»;
4) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы акт қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру және (немесе) құруға қатысу туралы шешім қабылдауға тиіс.»;
4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған жағдайда, егер арнайы экономикалық аймақ құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.»;
5) 19-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс енгізілгеннен кейін уәкілетті орган басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізеді.
2. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүргізеді.»;
6) 26-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шегінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекарасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісіне сәйкес айқындалады.».
19. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат):
5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Инновациялық кластерді басқару
1. Инновациялық кластерді дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылады.
2. Инновациялық кластер қамқоршылық кеңесінің ережесін және құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Инновациялық кластер қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады.».
20. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20- VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.».
21. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 139-құжат):
6-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекет қайырымдылық субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы қайырымдылықты ынталандырады.».
22. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат):
8-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:».
23. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат):
1) 10-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге пропорционалды өтеуіне әкеп соғады;»;
2) 34-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.»;
3) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.»;
4) 53-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен есептеледі.»;
5) 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау кезінде шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының міндетті арнайы тексеруінен өтуге тиіс.».
24. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №23- II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат):
39-баптың 3-тармағында:
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы;»;
34) тармақша алып тасталсын.
25. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат):
3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) судьяға куәлік беру тәртібін белгілейді;».
26. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат):
55-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің түрлері және оларды әзірлеу тәртібі заңдарда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органдардың актілерінде белгіленеді.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы шілденің 3-і.
№ 86-VI