заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
571-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу
1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
572-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы
1. Мыналарды:
1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды, багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, тұрақты және ауданішілік тасымалдауды;
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қаларалық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ақауы жоқ осындай құрылғыларын ажыратып не толтырылмаған диаграммалық дискiлермен немесе бұрын пайдаланылған диаграммалық дискiлердi қолдана отырып не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты жүгiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) автокөлiк құралын пайдалану -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне - жиырма бес, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат ету карточкаларында көрсетiлмеген автокөлiк құралына отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсатты пайдалануы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсаттар бланкiлерiн басқа отандық тасымалдаушыға беруi -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде жүргiзушiнiң келiсiлген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк тасымалдаушының Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларына сәйкес ресiмделмеген отандық рұқсатты пайдалануы -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
574-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдары жүргiзушiлерінде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы
Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдары жүргiзушiлерінде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы -
жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
575-бап. Шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген автокөлiк құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi шет мемлекеттiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен тасымалдау -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
576-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы
Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
577-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшiн жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдау -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
578-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Теңіз көлігінде кемелердің маневр жасауы мен қозғалуының белгіленген тәртібін бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе тоқтата тұру, кемелерді сүйрету тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиісті рұқсаттарсыз жүргізу немесе осы жұмыстар кезінде сигналдар беру қағидаларын сақтамау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
579-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
580-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
581-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жай-күйі қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын көлемді кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдығын басқаруға жiберу -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе ақаулары болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын көлемді кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын көлемді кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген, немесе борт нөмiрлерi мен белгiлеулерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып кеменi (оның iшiнде шағын көлемді кеменi) басқару -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруы, сол сияқты кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi өзімен бірге осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығын растайтын құжаты жоқ адамның басқаруы немесе мұндай кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамға басқаруға беру -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған тiркеу борт нөмiрлерiмен және белгiлеулерiмен басқару -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
583-бап. Кемелердiң жүзу, оларға жүк тиеу және олардан жүк түсiру қағидаларын бұзу
1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқасы) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықты бүлдіру -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң және өзге де жүзетін объектілердің белгiленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгiлердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтату немесе тоқтата тұру, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы -
ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге шағын көлемді кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң шағын көлемді кемелерді пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзуы -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
584-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигналдар беру қағидаларын сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртiбiн, тиiстi органдардың келiсiмiнсiз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртiбiн бұзу -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудiң жүзетін және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа да гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтiп-ұстау, пайдалану қағидаларын және оның белгiленген жұмыс режимiн бұзу, навигациялық белгiлер мен сигналдарды айырып-тануға кедергi келтiретiн белгiлерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздерді тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) орнату -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
585-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және жинап қою қағидаларын бұзу
Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеудің, түсiрудің және жинап қоюдың техникалық шарттарын, кемеде жүктердi бекiтудiң техникалық шарттарын бұзу, жүктi тиеу (түсiру) актiсiн ресiмдемеу -
екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
586-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрақ орындарына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бұзу
1. Шағын көлемдi кемелердiң тұрақ орындарына арналған базаларда (құрылыстарда) шағын көлемдi кемелердi базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауiпсiздiгiне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетiлген базаларда (құрылыстарда) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын көлемдi кемелердi күтіп-ұстау -
жеке және лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемдi кемелердiң жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың белгiленген режимiн сақтамау -
ескерту жасауға немесе жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
587-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
Порттағы құрылыстарды тұрақты және кезеңдiк техникалық қарап-тексерулерден өткiзу мерзiмдерiн бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және керi итергiш құрылғыларының жарамсыз күйде болуы немесе өздерiнiң сипаттамалары бойынша сәйкес келмеуi, сондай-ақ порттағы құрылыстарды техникалық қарап-тексеру журналының және теңiз порты паспортының болмауы -
жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
588-бап. Кемелермен, оның iшiнде шағын көлемдi кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлiк оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бұзу
1. Кеме капитанының, кеме иесiнiң, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көлiктiк бақылау органдарына теңiз көлiгi кемесiмен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлiгi кемесiмен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi -
жеке және лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргiзушiсiнiң немесе кеме иесiнiң көлiктiк бақылау органдарына шағын көлемдi кемемен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi -
жеке және лауазымды адамдарға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлiк оқиғасын тергеп-тексеруді жүргiзетiн органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша материалдарды, анықтамаларды, түсiнiктемелердi, кеме құжаттарынан үзiндi көшiрмелердi не тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
589-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
590-бап. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
591-бап. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
592-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыруы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыруы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
593-бап. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы
1. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн, мотоциклдердi басқару және олармен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйрету, тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану қағидаларын сақтамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатсыз, салмақтық параметрлерді асыра отырып, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн жүрiп өтуi -
жол берілетін салмақтық параметрлер бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сегіз жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.