Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 905 Қаулысы
(2017.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5 қазандағы
№ 905 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Байкенжеев Ақылбек Спандиярұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Әлиев Жұматай Әлиұлы | - Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылықтың меңгерушісі (келісім бойынша) |
Аманшаев Ермек Әмірханұлы | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
мына:
«Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Әлкенов Нұрлан Қаратайұлы, Терещенко Сергей Александрович, Мұстафина Сәбила Сапарқызы шығарылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2010.23.06. № 632 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2017.07.06. № 341 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2009.19.06. № 940 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)