14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 38-бап өзгерді
40-бап. Дауыс берудi ашу
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Президенттi, партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжілістің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беретiн күнi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған пункттердi аша бастауға тиiс.
3. алынып тасталды
4. Учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы;
1) дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады;
2) комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 41-бап өзгертілді
41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру
1. Әрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi.
2. Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.
3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға (таңдаушыларға) сайлаушылар тiзiмдерi (таңдаушылар тiзiмдерi) негiзiнде сайлаушының (таңдаушының) жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.
4. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды.
5. Комиссияның бюллетеньдi (бюллетеньдердi) берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi (бюллетеньдердi) алған сайлаушының (таңдаушының) тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.
Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.
Осы тармақта көрсетілген өтініш келіп түскен жағдайда, сайлау комиссиясының төрағасы өтiнiш берген сайлаушының сайлаушылар тiзiміндегі аты-жөнiнің тұсына тиiстi белгi қояды.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастырған кезде тасымалданатын жәшiктердi сайлау комиссиясының екі мүшесi алып жүредi.
Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi байқаушыларды, сенім бiлдiрілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi.
Сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру үшiн шыққан кезде оларға байқаушылар не сенім бiлдiрілген адамдар iлесiп жүруге құқылы.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру кезiнде сайлау комиссиясының мүшелерi, сайлау бюллетеньдерiнiң бүлiнуi мүмкiн екендiгi ескерiле отырып, олардың қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру кезінде бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтініш негізінде беріледі, олар бұл туралы өтінішке қол қояды.
Бюллетень (бюллетеньдер) берген комиссия мүшесi оған өз қолын қояды, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiшке де қол қояды.
6-1. Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiміне тиiсті белгі қойылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретін күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тiзiміне енгізедi.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беретін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқтатылады.
7. алынып тасталды
8. алынып тасталды
9. Дауыс берудi осы баптың 6-тармағына сәйкес ұйымдастырып, өткізу азаматтардың сайлау құқықтарын бұзу, дауыс беру құпиясын бұзу немесе сайлаушының ерiк бiлдiруiн бұрмалау мүмкiндiгiн болдырмауға тиiс.
ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Дауыс берудi өткізу
1. Дауыс берушiлер сайлау бюллетеньдерiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оларды толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа кiмнiң болса да кiрiп тұруына тыйым салынады. Бюллетеньдердi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы (таңдаушы) өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға хақылы, оның аты-жөнi дауыс бергеннен кейiн сайлаушылардың тiзiмiне тiркелiп, тұсына сайлаушының (таңдаушының) бюллетень алғандығы жөнiнде қолы қойылады. Мыналар ондай адам болуға тиiс емес:
1) сайлау комиссиясының мүшесi;
2) жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
3) кандидаттың сенім бiлдiрген адамы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi-журналист;
5) тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне не «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі соғады.
Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға не «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі қояды.
3. Сайлаушы мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелерін сайлаған кезде өзi дауыс беретiн кандидаттар тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады.
3-1. Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгізуге жол берiлмейдi.
4. Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы (таңдаушы) дауыс беруге арналған жәшiкке салады.
5. алынып тасталды
8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Сайлау учаскесіндегі (дауыс беру пунктіндегі) дауыстарды санау
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Президенттi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау, егер сол учаскеде осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса, жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада басталады. Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталады.
Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беру қорытындысы анықталғанға дейiн үзіліссiз жүргiзедi, қорытындылар осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысатын адамдардың назарына жеткiзiлуге тиiс. Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауға тиiс.
Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенім бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады.
Сайлау бюллетеньдерiн санау кезiнде комиссия төрағасы немесе комиссияның белгiлi бiр мүшесi қатысушыларға сайлау бюллетенiн көрсетедi және сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялайды.
Бұл ретте бюллетеньдер әрбір кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия бойынша жеке-жеке қатталып, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер үшін және жарамсыз бюллетеньдер үшін жеке-жеке қатталып жиналады.
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау кезiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз басталады.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Дауыстарды санау әрбiр кандидат әрбiр саяси партия, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн жәшiктердi ашуға тыйым салынады.
3-1. Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер салынған жәшіктердi ашқанға дейiн учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы не оның орнындағы комиссия мүшесi санау нәтижелерiн жария етедi және оларды дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаға енгiзедi.
Бiрiншi болып тасымалданатын сайлау жәшiктерi кезегiмен ашылады. Тасымалданатын сайлау жәшiгіндегі бюллетеньдердің саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн жасау туралы жазбаша өтiніштердiң санына сәйкес келуге тиіс. Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде белгiленген үлгідегі сайлау бюллетеньдерiнің саны жазбаша өтініштердің тиісті санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі барлық сайлау бюллетеньдерi жарамсыз деп танылады. Бұл жағдайда тасымалданатын сайлау жәшігінен алынған барлық сайлау бюллетеньдерiнiң жарамсыз деп танылғаны туралы акт жасалады, онда сонымен бiрге осы тасымалданатын жәшiктiң көмегiмен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi өткiзген комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн тұрақты жәшiктер ашылады.
4. Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi тиiстi сайлау комиссиясы санайды және жояды. Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша:
1) учаскедегi (дауыс беру пунктіндегі) сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;
2) бюллетеньдер алған сайлаушылар (таңдаушылар) санын;
3) комиссияның әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер санын анықтайды.
4-1. Жәшiктердi ашқаннан кейiн сайлау комиссиясы бюллетеньдердiң саны бойынша:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;
2) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берілген дауыстар санын;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер санын;
3) жарамсыз ден танылған бюллетеньдер санын;
4) учаскелiк сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер санын;
5) жойылған бюллетеньдер санын анықтайды.
Дауыс беруге арналған жәшiктерден алынған бюллетеньдердiң саны сайлаушылар тiзiмдерiнің және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштердiң негiзiнде берiлген бюллетеньдер санынан асып кеткен жағдайда, сайлау комиссиясының әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер саны анықталады.
5. Мынадай бюллетеньдер:
1) белгiленбеген үлгiдегi;
2) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзін басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс беруді қоспағанда, бір саяси партиядан артық, бір кандидаттан артық белгіленген;
4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.
Дауыстарды тiкелей санау кезiнде жарамсыз сайлау бюллетеньдерi дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) бюллетеньдерi қатарынан алып тасталады.
6. алынып тасталды
7. Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы даусымен қабылданады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1. Учаскелік сайлау комиссиясы (Сенат депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссиясы) сенім білдірілген адамның жазбаша нысанда берілген арызы бойынша дауыстарды қайта санауды осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімде бір рет қана жүргізеді.
8. Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсiредi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаларға учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.
Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды қарындашпен және әр түстi сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бiр түзетулер енгізуге жол берiлмейдi. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерiнiң сандық мәнi сөзбен жазылып қайталануы тиiс.
Хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.
Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi беріледi.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-1. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнің үй-жайында ілінедi және үй-жайда үш күн бойы тұрады.
Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезінде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі.
8-2. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының (Сенат депутаттарын сайлаған кезде аумақтық сайлау комиссияларының) хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудiң дұрыстығына күмәнданатын болса, ол комиссия тиiстi учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауысын қайта санау туралы шешiм қабылдауға хақылы. Сайлаушылардың дауысын қайта санау жоғары тұрған сайлау комиссиясы мүшесiнiң және дауыстардың дұрыс саналмағандығы фактілерiн табыс еткен өтiнiш берушілердің қатысуымен жүргiзiледi.
Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн жүргізілуге тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 44-бап өзгертілді
44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.
3. Сайлау қорытындылары хаттамаға түсiрiлiп, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаға комиссия төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.
4. Сайлау қорытындылары туралы хабарды:
1) Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Орталық (аумақтық) сайлау комиссиясының хабарламасында: сайлау датасы, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне енгiзілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерiнiң жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктер саны; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша Президенттiкке, Парламент Сенаты депутаттығына әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстар саны; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар үшін берілген дауыстар саны; «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; сайланған Президент, Парламент Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттары; мәслихаттардың депутаттары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, олардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмысы), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасында: сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзiлген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; әрбір кандидат үшін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша әрбір саяси партия үшiн берiлген дауыс саны; «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; сайлау учаскелерi бойынша жарамсыз деп танылған бюллетеньдердiң саны; сайланған мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмысы), тұрғылықты жері, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының хабарламаларындағы деректер - сайлау округтерi бойынша ұсынылады. Тиiстi сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындылары туралы тiзiмдеме нысанындағы хабарламаны дауыстарды санау аяқталғаннан және тиiстi хаттама жасалғаннан кейiн қырық сегiз сағаттан кешiктiрмей жариялайды.
6. 2006 ж. 22 желтоқсандағы № 208 -III ҚР Конституциялық заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45-бап. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу
Тиісті сайлау комиссиялары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен, сайланған Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін тіркеуді олардан жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттің, Парламент, мәслихат депутатының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін жүргізеді.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 46-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-бап. Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлігі мен төсбелгісі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және өзге де жергілікті өзі-өзі басқару органы мүшесінің куәлігі
1. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезде Президентке тиiстi куәлiгi мен Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi тапсырады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Парламентi депутаттарын сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн әрбiр депутатқа куәлiгi мен ол белгілеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiсiн тапсырады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында тiзiмдер жарияланғаннан кейiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) мәслихаттар депутаттарына - олардың әрқайсысына мәслихат депутаттарының куәлiгiн және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi бередi;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне - олардың әрқайсысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігін береді.
9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2014.04.07. № 232-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны барысындағы кепiлдiктерi
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттарын сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн өздерiнiң келісімiнсiз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ iссапарларға жiберуге не әскери жиындарға шақыруға болмайды.
3. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ олар Президент, Парламент депутаты ретiнде тiркелгенге дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертілді
48-бап. Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметi
1. Соттар, прокуратура мен iшкi iстер органдары үшiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұйымдар үшiн дауыс беру күнi мен соның қарсаңындағы күн жұмыс күнi болып табылады.