4. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады.
33-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін талдау
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорытады және зерделейді.
Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-бап. Халықаралық ынтымақтастық
Жоғары аудиторлық палата, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған өкілеттіктер шегінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасады, бірлескен, қатарлас тексерулер және сараптамалық-талдау іс-шараларын өткізуге қатысады, көрсетілген халықаралық бірлестіктердің құрамына кіреді.
35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік аудит жүргізген кезде басқару процестерін оңтайландыру, қайталануды болғызбау және мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін «электрондық үкімет» жүйесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - бірыңғай дерекқор) жұмыс істейді.
Бірыңғай дерекқорды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау тәртібін Жоғары аудиторлық палата мен тиісті мемлекеттік органдар бірлесіп айқындайды
2. Бірыңғай дерекқор мемлекеттік аудиттің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, нәтижелері, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметі бойынша бүкіл ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты қамтиды. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бірыңғай дерекқорға тиісті рұқсат деңгейі беріледі.
03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит объектілері, оның қаржылық және өзге де көрсеткіштері жөніндегі ақпарат бірыңғай дерекқорға шоғырландырылады.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай дерекқорға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде орналастыруға міндетті.
Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды толықтыру үшін қажетті сұратылатын ақпаратты ұсынуға міндетті.
Бірыңғай дерекқорды Жоғары аудиторлық палата әкімшілендіреді, оның тиімді жұмыс істеуі, ондағы орналастырылған ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін ұсынылатын деректердің анықтығы мен толықтығы үшін жауапты болады.
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТКЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
36-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде:
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік аудит жүргізу шеңберінде қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алуға;
2) мемлекеттік аудиттің міндеттері мен нысанасына сәйкес аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп дайындау үшін өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты осы Заңда белгіленген мерзімдерде сұратуға және алуға;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілер мен құжаттарды сұратуға;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудит жүргізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді беруді, сондай-ақ құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған қажетті көшірмелерін талап етуге;
5) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы фактілері бойынша актілер жасауға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
3) бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау және оның жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
4) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізуге;
5) қызметтік және кәсіптік әдеп талаптарын сақтауға;
6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктер беруге;
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге;
8) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға;
9) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін мемлекеттік аудиторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Мемлекеттік аудитор ассистентінің құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік аудитор ассистентінің мынадай құқықтары бар:
1) мемлекеттік аудит жүргізуге қатысу;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ішкі аудит қызметін қоспағанда, қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тексеру тағайындау туралы актісін көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алу;
3) осы тармақтың 2) тармақшасының талаптарын сақтай отырып, тиісті мемлекеттік аудит объектісіндегі тауар-материалдық запастарға және өзге де активтерге түгендеу жүргізу;
4) осы Заңның 22-бабында көзделген құжаттарды қоспағанда, аудит барысында құжаттарды жасау және оларға қол қою;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
2. Мемлекеттік аудитордың ассистенті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
3) бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауға;
5) қызметтік әдеп талаптарын сақтауға;
6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге;
8) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға;
9) мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданатын тиісті құжаттарды мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Мемлекеттік аудитордың ассистенті аудит барысында өзі жасаған және қол қойған құжаттар үшін дербес жауаптылықта болады.
37-бап. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының:
1) мемлекеттік аудиттің мақсатымен, ұзақтығымен оның нәтижелерімен, тұжырымдарымен және ұсынымдарымен таныс болуға;
2) қаржылық бақылаудың ден қоюының қабылданатын шараларымен таныс болуға;
3) тексеру тағайындау туралы актіні ұсынбаған мемлекеттік аудиторларды тексеруге жібермеуге;
4) мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына өз қарсылығын жіберуге;
4-1) 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:
1) мемлекеттік аудиторларды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сұрататын деректердің уақтылығын, анықтығын, объективтілігін және толықтығын қамтамасыз етуге;
3) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;
4) мемлекеттік аудиторлардың әрекетіне араласпауға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге;
5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының заңды талаптарын орындауға;
6) аудиторлық қорытындыда берілген, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жіберген ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
38-бап. Мүдделер қақтығысы
1. Объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының, аппараты басшысының, бас бухгалтерінің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік аудит объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде мемлекеттік аудит объектісі басшысының, аппараты басшысының, бас бухгалтерінің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;
3) мемлекеттік аудит объектісінің құрылтайшылары, қатысушылары немесе акционерлері, лауазымды адамдары арасынан шыққан, онда жеке мүліктік мүдделері бар мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуіне тыйым салынады.
2. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттік аудиторлар бұл жөнінде мемлекеттік аудитті тағайындаған басшыға жазбаша хабарлауға тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қолданады.
39-бап. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында оларды сертификаттау жүргізіледі.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Жоғары аудиторлық палатадан бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.
Жоғары аудиторлық палата Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде он төрт адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.
3. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау олардың білімін растауды және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында айқындалатын тәртіппен әңгімелесуді қамтиды.
4. Орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдар тізбесін тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бекітеді.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сертификаттау деңгейлік жүйе бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын, Ұлттық комиссия туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Жоғары аудиторлық палата бекітеді.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата айқындайтын тәртіппен мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Жоғары аудиторлық палата ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін және бекітетін Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Ұлттық комиссия мынадай негіздер бойынша:
1) кәсіби әдеп талаптарын сақтамағаны үшін сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органының ұсынуы бойынша;
2) кәсіби әдеп талаптарын сақтамағаны үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша;
3) қаржылық бұзушылық фактілерінің көрсетілмеуі орын алған анық емес аудиторлық есеп берген және аудиторлық есебі мемлекеттік аудит материалдарының сапасын бақылаумен расталмаған мемлекеттік аудиторға қатысты тиісті мемлекеттік аудит органының ұсынуы бойынша;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес Жоғары аудиторлық палата жүргізген бақылау барысында мемлекеттік аудитордың материалдары танылмауына себеп болған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бірнеше рет (бір жылда үш реттен көп) бұзғаны үшін мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуды жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарға алғаш рет жол берген мемлекеттік аудиторларға ескерту шығарылады.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) бекітеді.
2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жатқызылатын мемлекеттік аудиторлар лауазымына кандидаттар Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін арнайы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын оларды тағайындау құқығы бар лауазымды адам бекітеді.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. Жоғары аудиторлық палатаның құрамы
1. Жоғары аудиторлық палата басшылығының құрамы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен оның сегіз мүшесінен тұрады.
2. Отставкаға шығу туралы өтініш беру түрінде Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын отставкаға шығу туралы тиісті өтініш беруінен кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 41-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-бап. Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік қызметке кіру
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат санының лимиті шегінде Жоғары аудиторлық палатаның іркіліссіз қызметін ұйымдастыру үшін Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы тағайындайтын, аппарат басшысы басқаратын Жоғары аудиторлық палатаның аппараты құрылады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жоғары аудиторлық палатаның аппаратына мемлекеттік қызметке кіру Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42-бап. Жоғары аудиторлық палата мен оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдігі
1. Жоғары аудиторлық палатаның лауазымды адамдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.
2. Жоғары аудиторлық палатаның қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
4. Жоғары аудиторлық палатаның қаржылық қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-тарау. ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-бап. Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Президентімен өзара іс-қимылы
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы тоқсанына бір реттен сиретпей Қазақстан Республикасының Президентіне Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ақпарат береді.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жоғары аудиторлық палата жыл қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы ақпаратты ұсынады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-бап. Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылы
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жоғары аудиторлық палата есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Парламентіне есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті талқылау және бекіту үшін енгізеді, ол өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылады.