5) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
6-параграф. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем
180-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.
2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады.
3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңге әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындау үшін жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.
181-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшері
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын шегере отырып, кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте кірісті ауыстыру коэффициенті 0,6 құрайды, ал әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу өтілінің коэффициенті:
алты айдан аз - 0,1;
алты айдан он екі айға дейін - 0,7;
он екі айдан жиырма төрт айға дейін - 0,75;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін - 0,85;
отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін - 0,9;
қырық сегіз айдан алпыс айға дейін - 0,95;
алпыс айдан жетпіс екі айға дейін - 1,0;
алпыс және одан да көп айға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылады, бірақ ол 1,3-тен аспайды.
Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есептеледі.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.
2. Төлеуші уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және жағдайларда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.
3-тармақ 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
3. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшері деңгейінде қабылданады.
Жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан сол бір кезең үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.
4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап қайта қаралады.
5. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысымен арттыру күніне тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған адамдарға жүргізіледі.
6. Сот актілері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде есепке алынған кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін кейінгі жүгінуі кезінде есепке алынбайды.
182-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адам кету елінде төлем алмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем төлеу тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алу үшін жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа қайта басталады.
Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кеткен кезеңде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері барлық арттыру ескеріліп белгіленеді.
Кету елінде төлем алынған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде жүгінген күннен бастап қайта басталады;
3) қорғаншы болып табылатын алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
5) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
7) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
8) өтініш берушінің еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
9) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық сақталған жағдайда әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
1) алушы қайтыс болған жағдайда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда) тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы қайтыс болған айды (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды) қоса алғанда төленеді;
2) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған күннен бастап тоқтатылады;
3) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
7-параграф. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы
183-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алу құқығы
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалады.
3. Отбасында мүгедектігі бар екі және одан да көп бала тұратын жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мүгедектігі бар әрбір балаға тағайындалады және төленеді.
4. Туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап тағайындалады.
184-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
185-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;
3) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұруы және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
5) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушыға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу адам хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алушының шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатының немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
7) алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактілерінің анықталғаны туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының заңсыз тағайындалуына алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
4) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу осы баптың 3-тармағының 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
186-бап. Алушының өзгеруі
Баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру жағдайларын қоспағанда, алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайларда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар негізінде оларды алу үшін негіздер сақталған кезде баланың (балалардың) заңды өкіліне не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға жүргізіледі.
8-параграф. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы
187-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алу құқығы
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.
2. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындалады.
3. Отбасында бірінші топтағы мүгедектігі бар екі және одан да көп адам тұратын жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы олардың әрқайсысы үшін тағайындалады және төленеді.
Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектігі бар бір адамға ғана күтім жасай алады.
4. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға бірнеше адам күтім жасаған жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тек қана бір сотталған адам күтім жасай алады.
5. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтім жасайтын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.
Күтімді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандар және оларға күтім жасайтын сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде ұсталуға тиіс.
188-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшері
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.
2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
189-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушыға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;
3) күтім жасайтын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;