Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2016.08.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; №14, 274-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №1-2, 8-құжат; №5, 55-құжат; №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., №2-3, 23-құжат; №5-6, 50-құжат; №11-12, 178-құжат; №17-18, 224, 225-құжаттар; №23, 429-құжат; 1999 ж., №20, 727, 731-құжаттар; №23, 916-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 7-құжат; №8, 52-құжат; №17-18, 240-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №2, 17-құжат; №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 56-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №10, 31-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 4-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20, 21-құжаттар; №4, 28-құжат; №16, 131-құжат; №18, 143-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 58-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 16, 18-құжаттар; №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №2, 21, 28-құжаттар; №3, 32-құжат; №4, 37-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 13, 15-құжаттар; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61, 63-құжаттар; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар):
328-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ломбардтар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ломбардтар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.».
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №13-І, 13-ІІ, 83-құжат; №21, 122-құжат):
218-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мұндай мүлік қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай мөлшерде жасалса, -».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-тармақтың 1) тармақшасы 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
1) 214-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы не ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі -»;
3-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 462-баптың ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе.
1. Қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, жеке тұлға қажеттi құжаттарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердiң материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Қаржы мониторингі субъектілерін, мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қажеттi құжаттарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердiң материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемдері туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз тоннасынан аз көлемге барабар көлемде тұтынатын болса, осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
3) 477-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы;»;
3-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 804-бапта:
бірінші бөліктің 14), 27), 40) және 59) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 445, 462-баптар);»;
«27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 245, 246, 462-баптар);»;
«40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлерi жасаған кезде), 214, 462-баптар);»;
«59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214, 462-баптар);»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467-баптар).».
4-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №3-4, 35-құжат; №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №1, 180-құжат; №14, 274-құжат; 1997 ж., №12, 183-құжат; 1998 ж., №5-6, 50-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 63, 64-құжаттар; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 1-құжат; №8, 52-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №18, 157-құжат; 2003 ж., №4, 25-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; №15, 95-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №23, 114-құжат; №24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., №24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат):
11-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса;».
5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж. №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беруі;».
6. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №13-14, 206-құжат; 1998 ж., №22, 307-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №15-16, 236-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 48-құжат; №12, 86-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №21, 172-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 84-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат, №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат):
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;».
7. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №22, 328-құжат; 2001 ж., №15-16, 236-құжат; 2003 ж., №11, 65-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №19, 88-құжат; №24, 130-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №23, 179-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №6, 44-құжат; №10, 77-құжат; 2013 ж., №14, 72, 74-құжаттар; №15, 76-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат):
24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) адвокаттардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;».
8-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №19, 649-құжат; 2002 ж., №4, 32-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2009 ж., №15-16, 71-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №7, 32-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №11, 61-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат, №21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат):
9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы белгілейді және төлейді.».
9-тармақ 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қаржы лизингi туралы» 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., №10, 247-құжат; 2003 ж., №15, 139-құжат; 2004 ж., №5, 25-құжат; 2005 ж., №23, 104-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
1) 10-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзге заңды тұлғалар және дара кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қызметінің басталғандығы туралы хабарлама жібергеннен кейін лизинг берушi ретiнде лизинг қызметiн лицензиясыз жүзеге асырады.»;
2) 11-баптың 2-тармағы 3) тармақшадағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен ақпаратты хабарлауға міндетті.».
10-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
10. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №1, 8-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; №10, 56-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №17, 141-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; 2011 ж., №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №17, 136-құжат; №23, 179-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №8, 64-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №11, 63, 67-құжаттар; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат):
20-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары)»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.».
11-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
11. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №3, 17-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №16, 99-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №5, 35-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға немесе құрылтайшысы немесе қатысушысы осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға не бенефициарлық меншік иесі осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға пошта операторы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) оларды басқара алмайды).».
12-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
12. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №18, 142-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; №24, 126-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №8, 41-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №7, 28-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №14, 95-құжат; №20, 121-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №5-6, 30-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) егер өтініш беруші терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілсе;».
13. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №19, 87-құжат; 2010 ж., №7, 32-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №21, 118, 122-құжаттар):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
13-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
«2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою - қаржы мониторингінің субъектілері мен мемлекеттік органдар терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымға және (немесе) жеке тұлғаға не бенефициарлық меншік иесі көрсетілген тізбеге енгізілген жеке тұлға болып табылатын ұйымға тиесілі ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;
13-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2-2) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар - бағалы металдарды, олардың химиялық қосылыстарын, асыл тастарды медициналық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу мақсаттарында не құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың және өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдардың құрамында пайдаланатын діни ұйымдарды, музейлерді және ұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды-сатуды жүзеге асыратын тұлғалар;»;
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қылмыстық жолмен алынған кірістер - қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) - қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе ауыстыру түрінде мәмiлелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңды айналымға тарту, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыруға делдалдық ету;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;»;
13-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
«12-1) төлемдер қабылдау бойынша операторлар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен және төлемдер қабылдау бойынша төлем қызметтерін ұсынатын төлемдік ұйымдар;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) шетелдiк жария лауазымды адам - шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам;
шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын кез келген адам;
халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құратын ұйымдарда басшы лауазым атқаратын адам;»;
13-тармақтың 2) тармақшасы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-бапта:
1-тармақ 12) тармақшадағы «операторлары жатады.» деген сөздер «операторлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын: