11) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.»;
1-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 12-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне ұйымның немесе жеке тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды дереу қолдануға:»;
«осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды қоспағанда, осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.»;
2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.»;
5-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган, осы Заңның 12-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны қоспағанда, күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарды алған кезден бастап сегіз сағаттың iшiнде ақпаратты құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін жібереді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру және оларды тоқтатып қою мұндай тоқтата тұру және тоқтатып қою салдарынан туындаған залал, оның ішінде қолдан шығарып алған пайда үшін мемлекеттік органдардың азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.»;
12) 16-бап мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
13-тармақтың 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
«13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, адвокаттарды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асырады;
13-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, адвокаттарды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
13-4) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;»;
13) 17-бапта:
1-тармақтың 1), 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратып алуға;
2) күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығаруға;»;
«4) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;»;
14) 18-бапта:
1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы мониторингін және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге;»;
«3) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;»;
14-тармақтың 14) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қолдануға;
1-2) осындай ақпаратты уәкілетті органға ұсына отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысында коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізуге;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
15) 19-бапта:
2-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін шартпен жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттің құзыретті органдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру, егер олар адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғамаса және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтірмесе, жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ғана пайдалануға құқылы.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер пен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер уәкілетті орган сұрау салуда келтірілген ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру қажеттілігінің фактілері мен мән-жайлары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға күдік тудыруға жеткіліксіз деп есептесе;
2) егер ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына ықпал ететін болса, шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.»;
16) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға орай қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар, оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.».
14-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
14. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №8, 43-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат):
68-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлғаның көлік құралдарын тіркеу органына өтініш жасауы;».
15. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №8, 48-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат):
6-баптың 1-тармағының 48) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«48) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуға;».
16-тармақ 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
16. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-қосымша мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:
«35. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама».
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап.
Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2), 4) тармақшаларын, 4, 10, 11, 12-тармақтарын, 13-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 3) тармақшасының екінші - жиырма бірінші абзацтарын, 4), 5), 6), 10), 11) тармақшаларын, 14) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтарын және 14-тармағын;
2) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 9-тармағын, 13-тармағы 1) тармақшасының төртінші және оныншы абзацтарын, 2) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 16-тармағын;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағын және 13-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы тамыздың 2-і.
№ 343-V