Қазақстан Республикасының
Заңы
Лотереялар және лотерея қызметі туралы
(2024.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
2-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасы
3-бап. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы негізгі қағидаттар
4-бап. Лотереяға қатысушылар құқықтарының кепілдіктері
5-бап. Лотерея түрлері және оларды өткізу ерекшеліктері
2-тарау. ЛОТЕРЕЯ ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
3-тарау. ЛОТЕРЕЯНЫ ӨТКІЗУ
8-бап. Лотерея операторына қойылатын жалпы талаптар
8-1-бап. Лотерея таратушы (агенті)
9-бап. Лотерея терминалына, лотереялық ақпаратты өңдеу орталығына, лотерея есептілігінің орталығына, лотерея жабдығына қойылатын талаптар
10-бап. Лотереяны өткізу шарттары
11-бап. Жүлде қорын қалыптастыру және бөлу
12-бап. Лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне қойылатын талаптар
12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар
13-бап. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізуге қойылатын талаптар
14-бап. Лотереядан аударымдар
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
15-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
16-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
17-бап. Өтпелі ережелер
18-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бас жүлде - тираждың ұтыс ойынын өткізу барысында ойнатылмаған және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес бір тираждан келесі тиражға ауысатын тираждық лотереяның жүлде қорының бір бөлігі;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) жүлде қоры - лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу) есебінен не лотерея операторының дербес қаражаты есебінен қалыптастырылатын және лотереяға қатысушыларға ұтыс түрінде төленетін ақша және (немесе) өзге де мүлік;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) жүлде қорының ұтыс ойыны - лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері таратылғаннан (өткізілгеннен) кейін жүргізілетін және ұтқан лотереяға қатысушыны (қатысушыларды) анықтауға бағытталған процесс;
4) лотерея - осы Заңға, лотереяны өткізу талаптарына және шарттарына сәйкес өткізілетін, егер ол лотереяны өткізу шарттарына сәйкес ұтқан деп танылатын болса, бір тарап (лотерея операторы) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізетін, ал екінші тарап (лотереяға қатысушы) ұтысқа құқық алатын ойын. Коммерциялық ұйымдардың тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сатуын ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны лотерея болып табылмайды;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы - байланыс желілеріне қосылған және таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты алуға, сақтауға және есепке алуға және оны лотерея операторынан лотереялық есептілік орталығына беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) лотерея билеті - лотереяға қатысу құқығын растайтын құжат;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) лотерея есептілігінің орталығы - байланыс желілері арқылы лотерея ақпаратын өңдеу орталығына қосылған, таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттеріненэлектрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты лотерея операторынан уақтылы алуға мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық кешен;
8) лотерея жабдығы - ұтыс комбинациясын анықтауға арналған құрылғы немесе құрылғылар (кездейсоқ сандардың генераторы, механикалық, электрлік, электрондық немесе өзге де техникалық құрылғылар);
9) лотереялар және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) лотерея комбинациясы - лотереяны өткізу шарттарында көзделген, лотерея билетінде, электрондық лотерея билетінде көрсетілген нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) лотереяға қатысушы - жүлде қорының ұтыс ойынына қатысу құқығын беретін лотерея билетін, электрондық лотерея билетін иеленген, он сегіз жасқа толған жеке тұлға;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) лотерея мобильді қосымшасы - лотерея операторының ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған электрондық лотерея билеттерін өткізуге (ресімдеуге) қолжетімділік беретін бағдарламалық өнімі;
12) 2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) лотерея операторы - лотерея өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) лотереяны өткізу - лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін дайындау не оларды дайындауға арналған шарттарды жасасу, сондай-ақ лотереялық жабдықты және лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де жабдықты, бағдарламалық өнімдерді дайындаушымен шарттарды және (немесе) лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де шарттарды (келісімшарттарды) жасасуды, лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) және есепке алуды, жүлде қорының ұтысын ойнатуды, ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне сараптама жасауды, лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеуді, лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де іс-қимыл мен іс-шараларды жүзеге асыруды қамтитын іс-шараларды жүзеге асыру;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-1) лотерея таратушы (агенті) - сыйақы үшін лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді), ұтыс шыққан лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тексеруді, сондай-ақ лотерея операторы атынан және есебінен ұтыстар төлеуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) лотерея терминалы - лотерея билеттерін өткізуге (ресімдеуге) арналған жабдық;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) мезеттік лотерея - ұтыстарды анықтауға мүмкіндік беретін нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне дайындау сатысында және олар лотереяға қатысушылар арасында таратылғанға (өткізілгенге) дейін салынатын лотерея түрі. Мезеттік лотереяны өткізу кезінде мұндай лотереяға қатысушы лотерея билеті, электрондық лотерея билеті ақысы төленгеннен кейін және лотерея билеті, электрондық лотерея билеті берілгеннен (ресімделгеннен) кейін тікелей өз ұтысының бар екенін және мөлшерін немесе оның жоқ екенін анықтайды;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді
17) тираж - лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүлде қорының (жүлде қорының бір бөлігінің) ұтыс ойынына қатысатын таратылған (өткізілген) лотерея билеттерінің, электрондық лотерея билеттерінің саны;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді
18) тираждық лотерея - лотереяға қатысушылар арасында жүлде қорының ұтыс ойыны лотерея жабдығын пайдалану арқылы лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері таратылғаннан (өткізілгеннен) кейін бір мезгілде өткізілетін лотерея түрі;
19) ұтыс - лотерея операторы лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жеңімпаз деп танылған лотереяға қатысушыға лотереяны өткізу шарттарына сәйкес мөлшермен және нысанда (ақшамен немесе заттай) төлейтін жүлде қорының бір бөлігі;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
20) электрондық лотерея билеті - лотереяға қатысу құқығын растайтын электрондық-цифрлық нысандағы құжат.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
1. Лотереяға қатысушылар құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету, лотерея операторының қызметін реттеу Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының мақсаттары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының міндеттері:
1) лотереялар және лотерея қызметін ұйымдастырудың және оны өткізудің шарттары мен ерекшеліктерін айқындау;
2) лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау мен реттеудің ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу.
2-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы негізгі қағидаттар
Лотерея және лотерея қызметі саласындағы негізгі қағидаттар:
1) лотереяға қатысушылардың ұтысқа мүмкіндіктерінің теңдігі болжанатын, лотереяға қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) лотереяны өткізу шарттарының және тираждық лотереялардың жүлде қорының ұтыс ойыны нәтижелерінің міндетті түрде жариялануы болжанатын жариялылықты қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Лотереяға қатысушылар құқықтарының кепілдіктері
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Лотерея операторы мен лотереяға қатысушы арасындағы шарт лотереяға қатысушы лотерея билетінің, электрондық лотерея билетінің құнын төлеген және лотерея билетін, электрондық лотерея билетін берген (ресімдеген) кезден бастап жасалған деп танылады.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лотерея билетін, электрондық лотерея билетін сатып алу азаматтық-құқықтық міндеттеменің туындауына негіз болады, оған сәйкес лотереяға қатысушы лотерея операторынан мыналарды:
1) лотереяны өткізу шарттарын сақтауды;
2) ұтысты төлеуді талап етуге құқылы.
3. Лотереяға қатысушы лотерея операторының шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулауға құқылы.
4. Лотерея операторының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лотереяны ұтқан қатысушы туралы мәліметтерді, егер оның жазбаша келісімі алынбаса, жария етуге құқығы жоқ.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Лотерея операторы мәртебесінен айырылған жағдайда, лотерея операторы лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) тоқтатуға, бұл туралы лотереяға қатысушыларды мерзімді баспасөз басылымдары және лотерея операторының интернет-ресурсы арқылы хабардар етуге, ұтыс ойыны өткізілген тиісті лотерея бойынша ұтыстарға үш ай ішінде төлем жүргізуге және жүлде қорының ұтыс ойыны өткізілмеген, сатылған лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері үшін ақшаны қайтаруға міндетті.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 5-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Лотерея түрлері және оларды өткізу ерекшеліктері
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Лотерея оны өткізу тәсіліне қарай мынадай:
1) мезеттік;
2) тираждық түрлерге бөлінеді.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Лотереяларды өткізу ерекшеліктері лотереялар өткізу қағидаларында айқындалады.
2-тармақ осы Заң күшіне енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Заңда көзделген тәртіппен ұйымдастырылатын және өткізілетін лотереяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында өзгеше лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
3. Құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді лотерея түрінде өткізуге жол берілмейді.
4-тармақ осы Заң күшіне енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4. Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуіне тыйым салынады.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Лотерея операторы немесе лотерея таратушы (агенті) болып табылмайтын тұлғаның лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуына (өткізуіне) тыйым салынады.
2-тарау. ЛОТЕРЕЯ ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі лотерея және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) лотерея және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) лотереялар және лотерея қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелді бағалаудың өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) лотереялар өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лотереялар және лотерея қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ЛОТЕРЕЯНЫ ӨТКІЗУ
8-бап. Лотерея операторына қойылатын жалпы талаптар
1. Лотерея операторының лотерея өткізуден басқа кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға құқығы жоқ.
2. Мына:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрған;
2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілген;
3) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізген;
4) құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) олардың үлестес тұлғасы уәкілетті орган басшыларының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын;
5) құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) олардың үлестес тұлғасы экономика саласындағы қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмысы, ауыр қылмысы, аса ауыр қылмысы үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар лотерея операторы ретінде әрекет ете алмайды.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Лотерея операторы уәкілетті органда лотерея есептілігінің орталығын орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Лотерея операторы лотерея ақпаратын өңдеу орталығы арқылы таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты жинауды, қалыптастыруды, сақтауды және есепке алуды және оны лотерея есептілігінің орталығына айына бір реттен сиретпей ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Лотерея таратушы (агенті)
Лотерея таратушы (агенті) өз қызметін лотерея операторымен жасалатын тапсырма шарты негізінде жүзеге асырады.
Тапсырма шарты осы Заңда және лотереялар өткізу қағидаларында көзделген лотерея тарату (өткізу) жөніндегі ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
9-бап. Лотерея терминалына, лотереялық ақпаратты өңдеу орталығына, лотерея есептілігінің орталығына, лотерея жабдығына қойылатын талаптар
1. Лотерея терминалдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылуға тиіс.
Лотерея терминалдары, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалуды есепке ала отырып, ұтыстарды төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігін де көздей алады.
2. Лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс.
Лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы мен лотерея есептілігінің орталығы ақпаратты жоғалудан, ұрланудан, бұрмаланудан, жалған ақпарат жасаудан, рұқсатсыз қолжетімділіктен және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру жөніндегі әрекеттерден және өзге де заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
3. Лотерея жабдығының техникалық сипаттамалары жүлде қорын ұтыс ойынына салу кезінде ұтыстарды бөлудің кездейсоқ болуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Лотерея жабдығының жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу нәтижелерін осындай ұтыс ойыны басталғанға дейін алдын ала айқындауға мүмкіндік беретін жасырын мүмкіндіктері және (немесе) рәсімдері мен алгоритмдері болмауға тиіс.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Лотерея жабдығы байланыс желісі арқылы лотерея терминалдарымен қосылмауға тиіс.
10-бап. Лотереяны өткізу шарттары
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Лотереяны өткізу шарттарын лотерея операторы әзірлейді және бекітеді.
Лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттары уәкілетті органда осы бапта белгіленген тәртіппен келісілуге тиіс.
2. Лотереяны өткізу шарттары мынадай мәліметтерді:
1) лотереяның атауын;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) лотерея өткізу тәсілінің, аумағының және технологиясының, сондай-ақ жүлде қорын қалыптастыру тәсілінің көрсетілуін;
3) орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілген лотерея операторының атауын;
4) лотерея өткізілетін мерзімдерді;
5) лотерея тұжырымдамасының сипаттамасын;
6) лотереяның ұйымдастырушылық-технологиялық сипаттамасын;
7) лотереяға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ұтты деп танылған лотереяға қатысушыға ұтысты төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне сараптама жүргізу мерзімдерін;
9) лотереяға қатысушыларды лотереяға қатысу қағидалары және жүлде қорын ұтысқа салу нәтижелері туралы хабардар ету тәртібін;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу) тәртібін;
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) лотерея билетінің, электрондық лотерея билетінің бағасын;
12) ұтыстың мөлшері мен нысанын (ақшалай немесе заттай);
13) жүлде қорының жоспарланып отырған мөлшерін;
14) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу тәртібін, ұтыстарды айқындау алгоритмін, бас жүлдені (бар болса) қалыптастыру мен ұтысқа салу қағидаларын қамтуға тиіс.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лотерея операторы лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын уәкілетті органда Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан келісуге міндетті.
Лотерея операторы уәкілетті органда бекітілген және келісілген лотереяны өткізу шарттарынсыз лотерея өткізуге құқылы емес.
Лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттары уәкілетті органмен келісу болмаған кезде жарамсыз деп есептеледі.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Уәкілетті орган лотерея өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде келіседі не келісуден бас тартады.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5. Лотерея операторы уәкілетті органмен келісілген лотереяны өткізу шарттары бекітілгеннен кейін олардың түпнұсқа данасын оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті органға жіберуге және лотереяны өткізу шарттарын күнтізбелік бір күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсына орналастыруға міндетті.