Жарнама туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Заңы
(2020.29.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 215-VІ Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңның мақсаттары
2-бап. Заңның қолданылу аясы
3-бап. Негiзгi ұғымдар
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары
5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар
2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi
8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама
9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама
10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама
12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама
13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн жарнамалау ерекшелiктерi
14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшелiктерi
15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау
16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi
3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу
17-1-бап. Жарнама саласындағы уәкiлеттi органның және жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
17-2-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
18-бап. Жарнамалық ақпарат беру
19-бап. Терiске шығару
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
2-бап. Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.
3-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтік жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда
1-1) дараландыру құралы - тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), азаматтық айналымға қатысушыларды айыруға арналған белгілеме (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және басқа);
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) жарнама - кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;
1-3) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;
3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар - жарнама қызметі жүзеге асырылатын жекелеген салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) жарнама саласындағы уәкілетті орган - жарнама саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) жарнама таратушы - мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) жүгiртпе жол - сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiнде орналастырылатын немесе телеарналар бойынша, кино және бейне қызмет көрсетуде берiлетiн жарнаманы тарату тәсiлi, бұл жиынтығында белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1) тармақша жаңа редакцияда
7-1) көше жиһазы (жабдығы) - елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-2) маңдайша - дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 7-3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-3) нұсқағыш - жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оларға тікелей жақын жерде орналасқан, тек қана олардың атауы, дараландыру құралы (болған кезде) және навигация туралы ақпаратты қамтитын, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі конструкция;
8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
9) сыртқы (көрнекі) жарнама - сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
10) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі - жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
11) телесауда - тауарларды өткізу немесе қызметтерді көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс.
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар
Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.
2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жарнама, электрондық коммерция саласын қоса алғанда, таратудың, орналастырудың нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, анық, тікелей ұсынылу кезінде арнаулы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай танылатын болуға тиіс.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.
Жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.
2-1. 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) көрсету теңгемен жүзеге асырылады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелмеген дiни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
8. 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік жарнамада дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді.
Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар туралы, егер осы жарнаманың мазмұны осындай коммерциялық емес ұйымдардың қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, айтуға жол беріледі.
Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы - әрқайсысы туралы үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға - кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
10. Жарнамаға шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленеді.
7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi
1. Мынадай:
1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетiлетiн қызметтерiмен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi бар;
2) басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын;
3) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, дайындалу тәсiлiне, қасиеттерiне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқамалары немесе дәйектемелерi бар;
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделiн түсiретiн, қорлайтын және мазақ ететін;
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Қазақстан Республикасының заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.
2. Мыналарға:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) өнiмдердiң табиғаты, құрамы, дайындау тәсiлi мен күнi, мақсаты, тұтыну қасиеттерi, пайдалану шарттары, сәйкестiк сертификатының, сертификат белгiлерiнiң және ұлттық стандарттарға сәйкестiк белгiлерiнiң болуы, саны, шығарылған жерi сияқты сипаттамаларына;
2) өнiмнің нарықта болуына, оны белгiлi бiр орында сатып алу мүмкiндiгiне;
3) жарнама тарату және орналастыру кезіндегі өнiмнiң құны (бағасы) мен ақы төлеудiң қосымша шарттарына;
4) өнiмдердi жеткiзуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге;
5) кепiлдiк мiндеттемелерге, қызмет мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне;
6) қолданудың болжамды нәтижелерiне;
7) заңды тұлғаның зияткерлiк қызметiнiң және соған теңестiрiлген даралау құралдарының, өнiмнiң, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiне берiлетiн айрықша құқықтарға;
8) мемлекеттік нышандарды (елтаңба, жалау, гимн), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына;
9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға;
10) өнiмнiң толық топтамасын, егер ол топтаманың бiр бөлiгi болып табылса, сатып алу тәсiлдерi туралы ақпарат ұсынуға;
11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйек-сөздерге;
12) басқа адамдардың өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiнiң, жеке немесе заңды тұлғаның беделiн түсiретiн кәсiпкерлiк қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ұйғарымдарға;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) негiздiлiгi асыра көрсетiлген түрiнде берiлмеуге тиiс статистикалық ақпаратқа;
14) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесiне немесе құзыреттілік деңгейiне қатысты шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар жарнама дәйексiз жарнама болып табылады.
3. Мыналар:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни және саяси нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылдаған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын;
2) ұлттық немесе әлемдiк игiлiк болып табылатын өнер, мәдениет объектiлеріне, тарих ескерткіштерiне нұқсан келтiретiн;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.
4. Жарнама берушiнiң (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегiмен берiлетiн жарнамасы көрiнеу жалған жарнама болып табылады.
5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнiмдерiнде, сондай-ақ өзге де өнiмдерде, соның iшiнде арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен тұтынушының қабылдауына, түйсiгiне аңдаусыз әсер ететiн жарнама жасырын жарнама болып табылады.
6. Жөнсiз жарнамаға тыйым салынады.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Тәулігіне жарнама таратудың жалпы көлемінде жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жиырма пайыздан артық болмауға тиіс.
Теле-, радиоарналардағы қазақ тіліндегі жарнаманың жергілікті уақытпен сағат нөлден бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, теле-, радиоарналардағы қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдердегі жарнаманың көлемі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес орналастырылатын жарнама материалдарының хронометражымен айқындалады.
Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда тәулігіне жарнама таратудың жалпы көлемінің отыз пайызынан артық болмауға тиіс.
Тек қана жарнама сипатындағы хабарларға мамандандырылған теле-, радиоарналардағы телесауда көлемі шектелмейді.
Жарнаманы трансляциялау кезінде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиіс.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығуға тиіс.
Әлеуметтік жарнама Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі таратылады.
2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.
3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады.
4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама
Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнаманы, оның тақырыбын дербес айқындайды.
Жазылу арқылы таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары жазылу шарттарында басылымның тақырыптық бағытын көрсетуге мiндеттi.
Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлікте бекітілген тілде орналастырылады.
10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама
1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.
2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi.
3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама