2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімi бойынша тағайындалады.
Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады.
3. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4. Алынып тасталды
5. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда алушы болып табылатын жағдайда соңғысына осы Кодекстiң 815-бабында көзделген ережелер қолданылады.
6. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады.
Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағында көзделген зардап туындайды.
7. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартында көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы көрсетiлмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлерi пайда алушылар деп танылады.
8. Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемiн төлеу туралы талап қоюға құқылы.
9. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 817-бап өзгерді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 817-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
817-бап. Сақтандыру мүддесі және сақтандыру жағдайы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру шарты сақтандыру мүддесінің болуын көздеуге тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Сақтандыру мүддесі - жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Сақтандыру жағдайы - басталған кезде сақтандыру шартында сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келісімiмен белгiленедi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғада төменде санамаланған белгілердің барлығы (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда) болуға тиіс:
оқиғаның басталу ықтималдығы мен кездейсоқтығы;
оқиғаның басталуының нақты уақытына немесе орнына, сондай-ақ оқиғаның басталу салдарынан болған залалдардың мөлшеріне қатысты болжанбайтындығы;
оқиға шарттың қолданылуы шегінде сөзсіз және объективті түрде болуға тиіс, бұлар жөнінде тараптар немесе ең болмағанда, сақтанушы көрінеу білді немесе алдын ала хабардар болды деген қауіптің болмауы;
оқиғаның басталуында сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) мүліктік мүддесі үшін теріс, экономикалық тұрғыдан тиімсіз салдардың болуы;
оқиғаның басталуы сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) ерік-қалауымен және (немесе) пиғылымен байланысты болмауы және пайда алу және (немесе) ұтыс алу (алыпсатарлық тәуекел) мақсатын көздемеуі.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 818-бап өзгерді
818-бап. Сақтандыру сыйлықақылары
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы.
Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістерді (шеккен залалдарды), сондай-ақ осы Кодекстің 845-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі мен мерзімдері шартта айқындалады. Міндетті сақтандыру кезінде олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалуы мүмкін.
3. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн айқындау кезiнде, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы өлшемiнен өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгiлейтiн сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифiн қолдана алады.
4. Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзiмдiк сақтандыру жарналары түрiнде бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн.
5. Егер сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделген болса, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды қоса алғанда, шартта кезекті сақтандыру жарналарын белгіленген уақытта төлемеудiң зардабы айқындалуы мүмкiн.
6. Егер сақтандыру жағдайы енгізу мерзiмi өтiп кеткен белгiлi бiр сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау кезiнде мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасының сомасын есепке алуға құқылы.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 819-бап өзгерді
819-бап. Сақтандыру сомасы
1. Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру сомаларының мөлшерлері (аннуитеттік сақтандыру шарттары мен сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда) шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру кезінде олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мөлшерлерден кем болмайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегi оның нақты құнынан (сақтандыру құнынан) артық бола алмайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтанушы өзін әдейі жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, тараптар сақтандыру шартында айқындалған мүлiк құнына дауласа алмайды. Егер сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан асып түссе, сақтандыру шартын сақтандыру сомасының шарт жасалған кездегi сақтандыру құнынан асып түскен бөлiгiнде сот жарамсыз деп тануы мүмкін.
5. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 820-бап өзгерді
820-бап. Сақтандыру төлемi
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы.
Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемі біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру төлемінің мөлшерлерін айқындау тәртібі шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерлерін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері шартта айқындалады.
Міндетті сақтандыру бойынша олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалуы мүмкін.
4. Мүлiктi және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) келтiрiлген нақты зиянның мөлшерiнен аспауы керек.
5. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтанушыға (сақтандырылған адамға) әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша, сақтандырудың басқа шарттары бойынша оған тиесілi сомаларға қарамастан және зиянның орнын толтыру тәртібімен жүзеге асырылады.
6. Мүлiктiк сақтандыру шартының талаптарымен сақтандыру өтемiнiң сомасы шегiнде сақтандыру өтемiн зиянның заттай нысандағы өтемiмен ауыстыру көзделуi мүмкiн.
7. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы өзiне сақтанушыдан тиесiлi болатын сақтандыру сыйлықақыларына не сақтандыру жарналарына есеп жүргiзуге құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жауаптылықтың бұдан жоғары мөлшерi көзделмесе, сақтандыру төлемiн уақытында жүзеге асырмағаны үшiн сақтандырушы осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес жауап бередi.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 821-бап өзгерді
821-бап. Қос сақтандыру
1. Қос (көпше) сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру.
2. Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс.
Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемiнде сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты зиянды жаппайтын болса, сақтанушы жетпеген соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.
Келтiрiлген зиянды басқа сақтандырушылар өтегендiктен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақыларының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.
3. Жеке өзiн қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 822-бап өзгерді
822-бап. Топтық сақтандыру
1. Топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шартымен бiр мезгiлде өздерi пайда алушы болып табылатын бiрнеше сақтандырылған адамдар қамтылады.
2. Топтық сақтандыру адамдардың белгiлi бiр санаттарын қамтитын жеке де, мүлiктiк те, дербестендiрiлген де, иесiздендiрiлген де болуы мүмкiн.
Иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның әрбiр сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесілі сақтандыру төлемiнің төлеу мөлшерiн дараландыру үшiн қажеттi шамада нақтылануға тиiс.
3. Жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке сақтандыру түрiнде ғана болуы мүмкiн.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 823-бап өзгерді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 823-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
823-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру
1. Сақтандыру объектісі бірлескен қызмет (ортақ сақтандыру) туралы шарт негізінде жай серіктестік (сақтандыру пулын) құру арқылы бірнеше сақтандырушымен бірлесіп бір ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін.
Қайта сақтандыру объектісі бірлескен қызмет (бірлескен қайта сақтандыру) туралы шарт негізінде жай серіктестік (қайта сақтандыру пулын) құру арқылы бірнеше қайта сақтандырушымен бірлесіп бір бірлескен қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін.
Бұл ретте ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында әрбір сақтандырушының (қайта сақтандырушының) келісілген үлестердегі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын талаптар қамтылуға тиіс.
Егер ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында өзгеше айқындалмаса, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар сақтанушының (пайда алушының) немесе қайта сақтанушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының міндеттемелері бойынша, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін ортақтасып жауап береді.
2. Сақтандырушылар (қайта сақтандырушылар) арасында тиісті келісім болған кезде олардың бірі сақтанушымен (қайта сақтанушымен) өзара қарым-қатынастарда барлық сақтандырушылардың (қайта сақтандырушылардың) атынан өкілдік ете алады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қатысушыларының ортақ істеріне басшылық етуді және оларды жүргізуді сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылармен тиісті келісім болған кезде сақтандыру брокері жүзеге асыруы мүмкін.
ҚР Заңымен 10.07.03 ж. № 483-II 824-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
824-бап. Қайта сақтандыру
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз міндеттемелерінің барлығын немесе бір бөлігін орындау тәуекелін жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру арқылы қамтамасыз етуге құқылы.
Қайта сақтанушының сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ретінде жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделері қайта сақтандыру объектілері болуы мүмкін.
Қайта сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделері қайта сақтандыруға жатпайды.
Қайта сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделері объектісі болатын не қайта сақтандыру объектісі болмайтын қайта сақтандыру шарттары маңызсыз болып табылады.
2. Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында толық көлемде жауапты болып қалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартында айқындалады.
Қайта сақтандыру шарты осы Кодексте сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Исламдық қайта сақтандыру шарты осы Кодексте исламдық сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Бұл ретте, негiзгi сақтандыру шарты (исламдық сақтандыру шарты) бойынша сақтандырушы қайта сақтандыру шартында (исламдық қайта сақтандыру шартында) сақтанушы болып есептеледі.
4. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын біртіндеп жасауға жол берiледi.
ҚР 18.12.2000 № 128-II; 01.07.03 ж. № 445-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 825-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 825-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
825-бап. Сақтандыру шартының нысаны
1. Сақтандыру шарты:
1) тараптардың сақтандыру шартын жасауы;
2) сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандырудың үлгілік талаптарына не сақтандырушы біржақты тәртіппен әзірлеген сақтандыру қағидаларына қосылуы (қосылу шарты) және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін ресімдеуі арқылы жазбаша нысанда жасалады.
2. Міндетті сақтандыру бойынша шарттың нысаны - Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде, жүктелген сақтандыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ең төмен талаптар сақтала отырып тараптардың келісімімен белгіленеді, ал ерікті сақтандыру бойынша сақтандырушы белгілейді не тараптардың келісімімен белгіленеді.
Сақтандырушы сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырудың үлгілік талаптарына немесе қағидаларына сәйкес сақтандыру түрлері бойынша әзірленген шарттарды қолдануға құқылы.
3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.
ҚР 18.12.00 ж. № 128-II Заңымен бөлім 825-1-баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.30.12 № 234-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 825-1-бап өзгертілді
825-1-бап. Сақтандыру ережелерi
1. Сақтандырушы сақтандыру ережелерiн сақтандырудың әрбiр түрi бойынша әзiрлейдi және олар осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Сақтандыру ережелерiнде:
1) сақтандыру объектiлерiнiң тiзбесi;
2) сақтандыру сомасын анықтау тәртібі;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;
4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу;
5) сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi мен орны;
6) сақтандыру шартын жасасу тәртібі;
7) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегi iс-әрекетi;
9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерiн растайтын құжаттар тiзбесi;
10) сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабарлау мерзімі;
11) сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту туралы шешiмдi қабылдаудың мерзiмi;
12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) дауларды шешу тәртібі, оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша дауларды реттеу ерекшеліктері;
14) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15) қосымша талаптар болуға тиіс.
3. алынып тасталды
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру қағидаларының негізінде сақтандыру қағидаларының жекелеген ережелерін өзгерту, алып тастау, сондай-ақ сақтандыру шартын жасасу кезінде айқындалатын қосымша талаптар көзделетін сақтандыру шарттары жасалуы мүмкін.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Сақтандыру қағидаларында қамтылатын және сақтандыру шартының мәтініне енгізілмеген талаптар, егер шартта осындай қағидаларды қолдану тікелей көрсетілсе және қағидалар шартта жазылса не оған қоса берілсе, тараптар үшін міндетті. Соңғы жағдайда шарт жасасу кезінде сақтанушыға сақтандыру қағидалары беруді тараптар шартта куәландыруға тиіс.
5. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18.12.2000 № 128-II ҚР Заңымен; 2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 826-бап өзгертiлдi
826-бап. Сақтандыру шартының мазмұны
1. Сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сақтандыру агентінің (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға болып табылса) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе сақтандыру агентінің (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болып табылса) атауы, орналасқан жері, байланыс телефонының нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) сақтандыру объектiсiн көрсету;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру сомасының мөлшерлері (аннуитеттік сақтандыру шарттары мен сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда), сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi;
6-1) сақтандырушының исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы мөлшері, оны төлеу шарттары мен тәртібі (исламдық сақтандыру шарты жасалған кезде);
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының бар немесе жоқ екендігі туралы нұсқау;
7) шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;
9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;
10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) сақтанушының шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайларда өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер мүліктік сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі түрде әсер етуі мүмкін болса, сақтандырушыға дереу хабарлау міндеті (осы Кодекстің 834-бабының 1-тармағы);
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) сатып алу сомасын төлеу талаптары мен мөлшері (сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру үшін);
11-1) сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімдері;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (ол болған кезде), сақтанушының резиденттік белгісін және экономикасының секторын көрсету;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (ол болған кезде), егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шартында көрсетілген жағдайда, оның резиденттік белгісін және экономикасының секторын көрсету;
14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемі мен сақтандыру сыйақысының валюта түрі;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) сақтанушының сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шартында көрсетілген жағдайда, оның сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономикасының секторын көрсету.
2. Тараптардың келісімi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады.
Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс.
Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі.
Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.