ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 - 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2024 жыл - 2 000 000 000 мың теңге;
2025 жыл - 2 000 000 000 мың теңге;
2026 жыл - 2 000 000 000 мың теңге.
2-бап. Кесімді баға мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2024 - 2026 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
2024 жыл - бір баррель үшін 43,4 АҚШ доллары;
2025 жыл - бір баррель үшін 40,2 АҚШ доллары;
2026 жыл - бір баррель үшін 41,8 АҚШ доллары.
3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 - 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2022 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 5 желтоқсан
№ 42-VIІІ ҚРЗ