ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 - 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
ҚР 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 42-VIII Заңымен 2024 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2023 жыл - 2 200 000 000 мың теңге;
2024 жыл - 2 000 000 000 мың теңге;
2025 жыл - 1 900 000 000 мың теңге.
2-бап. Кесімді баға мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2023 - 2025 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
2023 жыл - бір баррель үшін 48,9 АҚШ доллары;
2024 жыл - бір баррель үшін 42,2 АҚШ доллары;
2025 жыл - бір баррель үшін 40,3 АҚШ доллары.
3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 - 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 24 қараша
№ 159-VII