Авиация инспекторлары әуе кемелерінің ұшуын орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысына қызмет көрсету бөлігінде арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, сондай-ақ қаржы-экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері қатарынан тағайындалады.
Авиация инспекторларының санын Қазақстан Республикасында коммерциялық авиация мен жалпы мақсаттағы авиацияның азаматтық әуе кемелері жүзеге асыратын авиациялық қызметтің көлеміне қарай азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым айқындайды.
Авиациялық қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторларын тағайындау ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Авиациялық қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторларына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі бағдарламасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
1-1. 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде авиация инспекторының қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Авиация инспекторларының өз міндеттерін орындау кезінде:
1) қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін ангарларды, отын қоймаларын, пайдаланушылардың қызметтік үй-жайларын және авиациялық оқу орталықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы әуежайларының барлық бақыланатын аймақтарына, әуе кемелеріне және азаматтық авиация ұйымдарының объектілеріне кедергісіз кіруге;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) пайдаланушылардан және азаматтық авиация ұйымдарынан ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, авиация персоналының біліктілігі туралы ақпаратты қоса алғанда, ақпарат, құжаттар сұратуға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшін қажетті түсініктемелер мен материалдарды талап етуге, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ықтимал кемшіліктерді анықтау мақсатында авиация персоналына сауалнама жүргізуге;
3) оларды орындау мерзімдерін белгілей отырып, азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымының лауазымды адамдарына ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша инспекторлық нұсқамалар беруге;
4) әуе кемесінің кабинасында немесе салонында болу құқығымен ұшу кезінде пайдаланушымен келісу бойынша азаматтық әуе кемесінің бортында болуға құқығы бар.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде авиация инспекторлары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес тексерулер жүргізуге;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезеңінде азаматтық авиация ұйымының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзудың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) авиация персоналы куәлігінің, кеме, ұшу құжаттамасының, сертификаттардың, рұқсаттардың және берілуі осы Заңда көзделген құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдік кемелерді қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігін тексеруге міндетті.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы, тексеруге жататын объектілер, құралдар әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аумағында болған кезде, әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы оларға авиация инспекторының авиация инспекторы куәлігін көрсетуі негізінде кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Авиация инспекторлары инспекцияланатын азаматтық авиация ұйымдары персоналының жұмыс жағдайларымен және сыйақысымен салыстырылатын деңгейлерге сәйкес келетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Авиация инспекторлары талап етілетін кәсіптік даярлық деңгейін ұстап тұру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қаражаты есебінен кезең-кезеңмен:
1) кәсіптік деңгейді ұстау жөніндегі курстарда оқытудан өтуге;
2), 3) тармақшалар 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) авиациялық техниканы пайдаланып және (немесе) авиациялық тренажерлерде жаттығудан өтуге;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларында белгіленген көлемде және деңгейде азаматтық авиация және пайдаланушылар ұйымдарында кәсіптік даярлықты (біліктілікті) ұстап тұруға тиіс.
7-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ұшуда авиациялық инспекцияларды жүзеге асыру және авиациялық техниканы пайдалана отырып біліктілікті ұстап тұру кезінде авиация инспекторларының өмірі мен денсаулығын сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Авиация инспекторлары өздерінің қызметтік міндеттерін атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Авиация инспекторларының:
1) өздерінің материалдық мүдделерін, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, жекжаттарының және (немесе) өзге де тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануына;
2) шешімдер дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз артықшылық беруіне;
3) осы Заңға сәйкес жүктелген функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерде пайдалануына;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілуі көзделмеген ақпаратты жеке немесе заңды тұлғалардан талап етуіне тыйым салынады.
Авиация инспекторының осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзуы, егер онда бұл қылмыстық құқық бұзушылық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануға не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға алып келеді.
16-7-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тарау 16-8-баппен толықтырылды
16-8-бап. Белгілі бір функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімдер
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес жасалған келісімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өз құзыреті шегінде мемлекеттің уәкілетті ұйымы ретінде ұшу қағидаларын сақтауды, радиомен хабарлау аппаратураларын пайдалануды және ұшуға жарамдылықты ұстап тұруды, сондай-ақ авиация персоналының талаптар мен нормаларды сақтауын қамтамасыз етуге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар мен міндеттерді осы әуе кемесі экипажсыз пайдаланылатын шет мемлекеттің құзыретті биліктеріне беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы пайдаланушысының оны экипажсыз пайдалануы кезінде әуе кемесін тіркеген мемлекеттің өзіне берген функциялар мен міндеттерді қабылдауға құқылы.
Осы тармақтың күші қолданылатын пайдаланушылар мемлекеттердің құзыретті биліктері арасында жасалған функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімнің расталған толық көшірмесін оның барлық қолданылу мерзімі ішінде әуе кемесінің бортында ұстауға міндетті.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес пайдаланушының мемлекеті берген немесе растаған ұшуға жарамдылық куәліктерін (сертификаттарын), радиоаппаратураны пайдалануға арналған рұқсатты және экипаж мүшелерінің куәліктерін жарамды деп таниды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның шет мемлекеттердің құзыретті биліктерімен жасасқан келісімдері Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-тарау. АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМ
16-9-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның негізгі ережелері
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өз құзыреті шегінде:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруда жәрдем көрсетеді;
2) авиация инспекторларын ақшалай ризықпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуде жәрдем көрсетеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ ұшуға жарамдылығы жөніндегі директивалар мен өзге де директивалар шығарады;
5) әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру кезінде азаматтық-әскери үйлестіру жүйесін орнату және ұстап тұру үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімін жүргізеді;
7) авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламаларын келіседі;
8) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшада көзделген авиация персоналына жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналына жататын адамға оның қажетті білімі мен дағдыларының бар екенін, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сай екенін растайтын, кәсіптік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін береді, куәліктің қолданылу мерзімін ұзартады, мұндай куәлікті кері қайтарып алады, оның қолданылуын тоқтата тұрады, куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын, пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушы сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, тренажердің сәйкестік сертификатын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, тип сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын, авиациялық медициналық орталықтың сертификатын, азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігін беруді жүзеге асырады;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган не уәкілетті ұйым берген қолданыстағы сертификаттарға (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге), елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуды орындауға арналған рұқсаттарға, пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді), елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуды орындауға арналған рұқсаттарды, пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарды беруден бас тартады, иелері белгіленген талаптарды сақтамаған кезде сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді), елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуды орындауға арналған рұқсаттарды, пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарды кері қайтарып алады, олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
11) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруді жүзеге асырады, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ұшуды орындау құқығына арналған куәлігін таниды, өзгертеді, шектейді, қолданылуын тоқтата тұрады немесе кері қайтарып алады;
12) осы Заңда белгіленген жағдайларда әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тартады;
13) әуежайдың, Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады;
14) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асырады, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін тергеп-тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдеседі, оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) әуе кемелерін пайдаланушылардың, әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің, авиациялық оқу орталықтарының, техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың, авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, авиациялық медициналық орталықтардың, авиациялық медициналық сарапшылардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) осы Заңда белгіленген жағдайларда әуе кемесін пайдалануға шектеулер белгілейді (тыйым салуды енгізеді) не әуе кемесін жерде кідіртеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін, аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етілуін, аспаптар арқылы ұшу схемаларының әзірленуін және аэронавигациялық карталардың жасалуын бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қызметті және көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеруді жүзеге асырады;
17) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшуға және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес келуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
18) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
19) авиация персоналына жатқызылатын адамдардың осы Заңға сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
20) авиация персоналының кәсіптік даярлығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды азаматтық авиация ұйымдарының қамтамасыз етуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
21) әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) объектілерінің, қону алаңдарының күтіп-ұсталуын және әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
22) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
23) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшудың іздестіру-құтқарумен және авариялық-құтқарумен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;
24) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес келу мониторингін жүзеге асырады;
25) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасынан орын алған айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге және оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауға жәрдем көрсетеді;
26) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар береді, сондай-ақ осындай ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетігін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін әзірлейді, енгізеді, зерделейді және ұстап-тұрады;
28) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпарат таратуға қатысады;
29) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне байланысты ақпаратты жинауды және талдауды, сондай-ақ осындай ақпаратты жасауды және азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізуді жүзеге асырады. Талдау ақпарат көздерін ашып көрсетуді талап етпейді;
30) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындайды;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5), 30-6) және 30-7) тармақшалармен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
30-1) елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуды орындауға арналған рұқсат береді;
30-2) пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсатты береді;
30-3) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналды жұмысқа жіберуді жүзеге асырады;
30-4) авиация персоналының куәліктерін беруге байланысты даярлау мен бағалаудың құзыреттілік жүйесін іске асыруды жүзеге асырады;
30-5) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша шет мемлекеттердің авиациялық билігімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер жасасу, тәжірибе және ақпарат алмасу, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету арқылы жүзеге асырады;
30-6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасынан орын алған айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) уақтылы хабардар етуді және оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауды қамтамасыз етеді;
30-7) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
16-10-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджеті азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар есебінен қалыптастырылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарына бюджеттің ашықтығын, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында қаржылық есептілікті, сондай-ақ сомасы Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен асып түсетін шығыстардың баптары туралы өзекті және егжей-тегжейлі ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
16-11-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін жүйелі қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды іске асыру мақсатында азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аударады.