1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
1) сертификаттау талаптары мен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстауды;
2) осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын орындауды тексереді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Авиация инспекторлары осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру кезінде:
1) нұсқамалық материалды пайдалана отырып оны жүзеге асыруға;
2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша олардың қызметін қадағалаудың тиісті нәтижелерін беруге;
3) бұрынғы қадағалаудың, оның ішінде жоспардан тыс тексерулердің нәтижелеріне және азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін басқарудың белгіленген жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы басымдықтарға негізделуге;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға осы Заңның 16-3-бабына сәйкес шаралар қабылдау үшін бұзушылықтардың жоқ екені немесе бар екені туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тұрақты қадағалау азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сертификаттар (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер) негізінде Қазақстан Республикасының шегінде немесе шегінен тыс жерде азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және өздерінің қарамағындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпаратқа, құжаттарға, бұйымдарға, бөлшектер мен жабдыққа авиация инспекторларының қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жоспардан тыс тексерулер жүргізу жөнінде шешім қабылдау үшін азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайын бағалауға арналған деректерді қоса алғанда, тұрақты қадағалау функцияларын орындау үшін деректерді жинайды және өңдейді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды
16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, бұл сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының тәуекелдер дәрежесін бағалау, оның ішінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайын бағалау ескеріле отырып әзірленеді және сертификатта (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте) көзделген қызмет түрлерін қамтиды.
Азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға тоқсан сайын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен нысан бойынша қаржы-экономикалық жағдай туралы ақпарат береді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданылу мерзімі ішінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары қызметінің барлық аспектілері ескеріле отырып, тексерулердің мерзімділігін, қадағалау мәселелері бойынша азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасауды және жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алуды қамтиды.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-3-баппен толықтырылды
16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу дәрежесіне қарай, тұрақты қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бірінші және екінші деңгейдегі бұзушылықтар болып бөлінеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.
Бірінші деңгейдегі бұзушылыққа:
1) авиация инспекторын құжаттамаға, пайдаланушының және (немесе) азаматтық авиация ұйымдарының объектілеріне (әуе кемелерін, ғимараттарды, құрылысжайларды, әуежайларды (әуеайлақтарды), аэронавигациялық қызмет көрсету объектілерін, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды, ұшуға жарамдылық ұйымдарын, шеберханаларды, перрондарды, жүктерді өңдеу аймақтарын, авиациялық оқу орталықтарын, ангарларды, отын сақтау қоймаларын, қызметтік үй-жайларды қоса алғанда) жіберуден бас тарту;
2) ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) алуы, сертификаттау талаптарына сәйкестікте ұстап тұруы;
3) пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының заңға қайшы іс-қимылдар жасауы немесе сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) заңсыз пайдалануы;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бекітуіне жататын құжаттамаға осындай ұйымның тиісті бекітуінсіз өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
5) екінші деңгейдегі бұзушылық кезінде пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға оған бағалау жүргізу үшін белгіленген мерзімде ұсынбауы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым келіскен немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамауы;
6) әуе кемесін пайдаланушының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға авиациялық оқиға туралы деректерді белгіленген мерзімде ұсынбауы;
7) осы Заңға сәйкес сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің) қолданылуын тоқтата тұруға не сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) кері қайтарып алуға негіз болған өзге де жағдайлар кіреді.
3. Бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға кірмейтін, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзудың барлығы екінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе авиация инспекторы азаматтық авиация пайдаланушысына немесе ұйымына анықталған бұзушылықты жою үшін түзету іс-қимылдарын қолдану талабымен нұсқама жібереді.
Қажет болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органына хабар береді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Бірінші деңгейдегі бұзушылық болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиацияның пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жойған кезге дейін осы Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіпте, сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) қайтарып алу немесе оны толық немесе ішінара шектеу немесе қолданысын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жол берілген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) кері қайтарып алады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі. Пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және тексеру нәтижелерімен танысқан немесе инспекторлық нұсқама алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұсынады;
2) пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы ұсынған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімдерді өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым оларды ұзартады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу жолымен бақылайды.
Егер пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, екінші деңгейдегі бұзушылық бірінші деңгейдегі бұзушылыққа айналады және осы баптың 5-тармағында көзделген шаралар қабылданады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары тарапынан түзету іс-қимылдарын қоса алғанда, барлық анықталған бұзушылықтарды, оларды жою жөнінде қабылданған шаралар мен келісілген мерзімдерді есепке алуды жүргізеді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-4-баппен толықтырылды; 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 16-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның сертификаттауына жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызметке жатқызылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне бақылауды жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ішінара және жоспардан тыс тексеру, ұшу қауіпсіздігінің талаптарын сақтаудағы олардың қызметін байқау және талдау және авиациялық қауіпсіздік жүйесін сынау арқылы жүзеге асырылады.
Ішінара тексерулерді жүргізу нұсқамалық материалдар пайдаланыла отырып және тексерулер жүргізу графигінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асыру кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жоспардан тыс тексеруге мыналар:
1) тексеру немесе бақылаудың өзге де нысандары нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру туралы не зиян келтіру қаупінің төнуі туралы жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан және жергілікті өкілді органдардан ақпарат алу және өтініштердің түсуі;
3) өзінің қызметіне тексеру жүргізу туралы тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның бастамашылық өтініші;
4) егер оларға қатысты ішінара тексеру белгіленген болса, тексерілетін жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тексерілетін заңды тұлға атауының өзгеруі, сондай-ақ оның қайта ұйымдастырылуы;
5) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның өтініш жасауына байланысты қайта тексеру негіз болып табылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, авиация инспекторлары бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалар береді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-5-баппен толықтырылды
16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перронда тексеруді нұсқамалық материалды пайдалана отырып авиация инспекторлары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұшулар үшін ашық әуежайында қонуды жүзеге асырған әуе кемесі мен экипаж тексеруге жатады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жасалған келісімдер негізінде шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне жүргізілген перрондық тексерулер бойынша ақпарат жинауға және оны шет мемлекеттермен алмасуға атсалысады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тиісті әуеайлақтардағы пайдаланушылар саны, әуе кемелерінің типі және қону саны, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесі ескеріле отырып, есептеу әдісіне негізделген, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перронда тексеру жүргізудің жылдық графигін қабылдайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, егер осындай әуе кемесінің бортында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдалану шектеулері сақталмайды деп есептеуге негіз болса, шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесіне жоспардан тыс перрондық тексерулерді жүзеге асырады.
Мұндай негіздер:
1) алдыңғы тексерулер және бақылаудың өзге де нысандары нәтижесінде бұрын анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
2) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру не зиян келтіру қаупінің төнуі туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат алу және өтініштердің түсуі;
3) өзінің әуе кемесі мен экипажына тексеру жүргізу туралы тексерілетін шетелдік пайдаланушының бастамашылық өтініші;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер тексерілетін шетелдік пайдаланушыға қатысты ішінара тексеру белгіленсе, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;
5) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін шетелдік пайдаланушының өтінішіне байланысты қайта тексеру болып табылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перрондық тексерулерді жүргізу кезінде авиация инспекторлары инспекцияланатын әуе кемелерінің ұшуын негізсіз кідіртуді болғызбау қағидатын басшылыққа алады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне инспекциялауды жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар мынадай түрде сыныпталады:
1) үшінші санаттағы бұзушылық - ұшу қауіпсіздігіне едәуір әсері бар пайдаланушы сертфикатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерін бұзу;
2) екінші санаттағы бұзушылық - ұшу қауіпсіздігіне елеулі әсері бар пайдаланушы сертификатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерін бұзу;
3) бірінші санаттағы бұзушылық - ұшу қауіпсіздігіне болмашы әсері бар пайдаланушы сертификатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерді бұзу.
Бұзушылықтарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген санаттарға жатқызу шарттары нұсқамалық материалда айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Үшінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның:
1) пайдаланушыға анықталған сәйкессіздік туралы жазбаша хабарлауға және түзету іс-қимылдары қабылдануының дәлелдемелерін талап етуге;
2) пайдаланушы мемлекетінің және қажет болған кезде, әуе кемесін тіркеген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекеттің құзыретті биліктеріне хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылданған түзету іс-қимылдарын келісу туралы тиісті құзыретті биліктерден растау сұратуға;
3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қоюды белгілеуге не анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етуге не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не осы баптың 7-тармағының шарттарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртуге құқығы бар.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Егер экипаж Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдаланудағы шектеулердің анықталған бұзушылықтарын жою бойынша тиісті түзету іс-қимылдарын қабылдамастан, тексерілетін әуе кемесінде ұшуды орындау жөнінде іс-қимылдар жасады деп есептеуге негіз болған жағдайда, авиация инспекторы әуе кемесінің командирін және (немесе) пайдаланушысын қосымша нұсқау алғанға дейін әуе кемесінің мұндай ұшуға рұқсатының жоқ екендігі туралы хабардар етеді және әуе кемесін жерде кідіртеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Әуе кемесі жерде кідірген жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, егер тіркеу мемлекеті пайдаланушы мемлекетінен өзгеше болса, әуе кемесін пайдаланушының мемлекеті мен ол тіркелген мемлекеттің құзыретті органдарына дереу хабар береді және осы органдармен бірлесіп әуе кемесі ұшуға рұқсат ала алатын қажетті шарттарды көздейді.
9. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына қатысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттарының (ИКАО) не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдаланудағы шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда, әуе кемесінің ұшуына тыйым салу:
1) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына қатысты бұзушылық жойылғандығын;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) пайдаланушыда осындай әуе кемесінің арнайы ұшуына арналған рұқсаттың немесе әуе кемесі тіркелген мемлекеттің немесе пайдаланушы мемлекеттің құзыретті органы берген осыған ұқсас құжаттың болуын, сондай-ақ қажет болған кезде транзиттік мемлекеттердің олардың әуе кеңістігінен ұшып өтуге арналған рұқсаттың болуын растайтын құжаттаманы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға пайдаланушы ұсынғанға дейін сақталады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым екінші санаттағы бұзушылықты анықтаған кезде:
1) қабылданған түзету іс-қимылдары туралы растайтын құжаттаманы ұсынуды талап ете отырып, пайдаланушыға шешімі туралы жазбаша хабар береді;
2) әуе кемесін пайдаланушының мемлекеті мен ол тіркелген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекеттің құзыретті органдарына хабар береді. Қажет болған жағдайда, пайдаланушы қабылдаған түзету іс-қимылдарымен осындай құзыретті органдардың келісуі туралы растауды сұратады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Бірінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде авиация инспекторы оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін бұл туралы шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің командирін хабардар етеді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-6-баппен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 16-6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-6-бап. Авиация инспекторы
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі авиация инспекторы болып табылады.