Қазақстан Республикасының
Заңы
Ғарыш қызметі туралы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасы
3-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары
4-бап. Ғарыш қызметінің бағыттары
5-бап. Ғарыш инфрақұрылымын құру және пайдалану жөніндегі ғарыш қызметінің түрлері
6-бап. Ғарыш қызметінің материалдық және кадрлық негіздері
7-бап. Ғарыш қызметін қаржыландыру
2-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш қызметі саласындағы құзыреті
9-бап. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптама
11-бап. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
12-бап. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
3-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
13-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
14-бап. Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер
15-бап. Ғарыш жүйелері мен ғарыш зымыран кешендерін құру
16-бап. Ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану
17-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін пайдалану
18-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін пайдалану
19-бап. Ғарыш зымыран кешендерiн пайдалану
3-1-тарау. Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары
19-1-бап. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы
19-2-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы
19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы
4-тарау. ҒАРЫШ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
20-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш инфрақұрылымы объектілері
21-бап. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымы объектілері
22-бап. Ғарыш техникасы өндірісінің құралдары
23-бап. «Байқоңыр» ғарыш айлағы
24-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау
25-бап. Ғарыш объектілерін және техникалық құралдарды кәдеге жарату
26-бап. Ғарыш саласы объектісін жалға беру
5-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
27-бап. Ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
28-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезіндегі аварияларды тексеру
29-бап. Ғарыш қызметінің әсеріне ұшыраған қоршаған ортаны және өңірлердегі халық денсаулығының жай-күйін экологиялық бақылау
30-бап. Ғарыш қызметіндегі тыйым салулар мен шектеулер
6-тарау. ҒАРЫШКЕРЛІККЕ КАНДИДАТТЫҢ, ҒАРЫШКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
31-бап. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесі. Ғарышкерлікке кандидатты, ғарышкерді даярлау
32-бап. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мертіккен, ауырған немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы кепілдіктер
33-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу
34-бап. Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету
35-бап. «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» (Летчик-космонавт Казахстана) құрметті атағына ие болған ғарышкерлерді материалдық қамтамасыз ету
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
36-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
37-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жоба - қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана іске асырылатын, ғарыш қызметі саласындағы жоба;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) ғарыш айлағы - ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылысжайлар мен жер учаскелері кешені;
2) ғарыш аппараты - ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары - ғарыш жүйелерін құруды, пайдалануды және дамытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
4) ғарыш жүйесі - ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) ғарыш жүйесін техникалық пайдалану - конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасына сәйкес ғарыш жүйесінің құрамдас бөліктерін, оларды сақтандыруды қоса алғанда, жұмыс күйінде ұстап тұру мақсатында техникалық операцияларды орындау процесі;
5) ғарыш зымыран кешені - ғарыш аппараты бар тасымалдағыш зымыранды қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін тасымалдағыш зымыран мен техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың жиынтығы;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ғарыш кеңістігі — әуе кеңістігінен тыс жайылған кеңістік;
7) ғарыш қызметi - ғылыми, экономикалық, экологиялық, қорғаныс, ақпараттық және коммерциялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ғарыш кеңістігін зерттеуге және пайдалануға бағытталған қызмет;
8) ғарыш қызметіне қатысушылар - осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ғарыш қызметі саласындағы жоба - ғарыш қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғарыш техникасы мен технологияларын жасау, пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
10) ғарыш қызметі саласындағы қосарлы мақсаттағы жоба - әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін іске асырылатын ғарыш қызметі саласындағы жоба;
11) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган - ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) ғарыш объектісi - ғарыш аппараты және (немесе) оны ғарыш кеңістігіне шығару құралы және олардың құрамдас бөліктері;
13) ғарыш саласының объектілері - ғарыш қызметіне қатысушылардың ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын өндірістік объектілері, ғимараттары, құрылыстары және басқа да жылжымайтын мүлкі;
14) ғарыштық қызметтер - ғарыш техникасы мен технологияларын пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі - жаһандық навигациялық спутниктік жүйе пайдаланушыларын координаттық-уақыттық параметрлерді, оның ішінде географиялық координаттар мен биіктіктерді, қозғалыс жылдамдығы мен бағытын, уақытты айқындау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;
16) жаһандық навигациялық спутниктік жүйе - жерүсті, су және әуе объектілерінің координаттық-уақыттық (географиялық координаттары мен биіктіктерінің, қозғалыс жылдамдығы мен бағытының, уақыттың) параметрлерін айқындауға арналған ғарыш жүйесі;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау - ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін байқау мен өлшеу арқылы Жер беті мен қойнауы туралы ақпарат алу процесі;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректері - Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратынан тікелей алынған бастапқы деректер, сондай-ақ оларды алдын ала өңдеу (радиометриялық және геометриялық түзетулер) нәтижесінде алынған материалдар;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) кеңістіктік деректер - орналасқан жері мен өзіне неғұрлым тән қасиеттерінің сипаттамасын қамтитын объектілер туралы деректер жиынтығы;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды
17-3) кеңістіктік деректер инфрақұрылымы - заңды және жеке тұлғалардың оларға қолжетімдігін қамтамасыз ету негізінде кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, сақтау, тарату және пайдалану үшін қажетті ақпараттық ресурстар мен аппараттық-бағдарламалық құралдар жүйесі;
18) Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат (бұдан әрi - ғарышкерлікке кандидат) - алдын ала iрiктеуден өткен және ғарышкер бiлiктiлiгiн алу үшiн даярлыққа жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
19) Қазақстан Республикасының ғарышкерi (бұдан әрi - ғарышкер) - даярлықтан өткен, ғарышкер (сынаушы ғарышкер, зерттеушi ғарышкер, нұсқаушы ғарышкер) бiлiктiлiгiнің және ғарышкер мәртебесiнің берілгені туралы құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматы;
20) спутниктік навигация - объектiлердiң координаттық-уақыттық параметрлерiн айқындау үшін жаһандық навигациялық спутниктiк жүйенi пайдалана отырып, навигация міндеттерін шешу процесі;
21) спутниктік навигациялық қызметтер - объектілердің координаттық-уақыттық параметрлерін айқындау жөніндегі қосымша (жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер стандартты түрде ұсынатын қызметтерге қатысты) қызметтерге қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
22) тасымалдағыш зымыран - ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
23) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы - ұшу барысында тасымалдағыш зымырандардың істен шыққан және бөлінген элементтері және (немесе) фрагменттері құлайтын (қонатын) жер учаскесі;
24) ғарыш аппараты транспондері - ғарыш аппаратында орнатылған және Жер - ғарыш - Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиохабар тарататын құрылғылар жиынтығы;
25) ұшыру қызметтері - ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығару мақсатында тасымалдағыш зымырандар ұшыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
26) шығару құралы - ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған тасымалдағыш зымыран, екпіндеткіш блок, авиациялық зымыран-ғарыш жүйесі.
2-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары
Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары мыналар болып табылады:
1) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау;
3) ғарыш қызметін экономикалық ынталандыру;
4) ғарыш қызметін жүзеге асыру салдарынан туындаған жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеу;
5) экологиялық талаптарды, техникалық реттеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтау;
6) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық құқық нормаларын сақтау;
7) ғарыш кеңістігін және Қазақстан Республикасының ғарыш инфрақұрылымын тиімді және ұтымды пайдалану;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерi сақталатын жағдайда ғарыш қызметін дамытуға инвестициялар тартуды ынталандыру.
4-бап. Ғарыш қызметінің бағыттары
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметі мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ғарыш саласының объектілерін құру және пайдалану;
2) ғарыш кеңістігін, планеталарды және күн-жер байланыстарын зерттеу;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау;
4) координаттық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету;
5) ғарыштық байланыс жүйелерін құру және пайдалану;
6) ғарыш объектілерін ұшыруды жүзеге асыру;
7) ғарыштық қызметтердің ұлттық нарығын дамыту және әлемдік нарықтағы ғарыштық қызметтерді кеңейту;
8) ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы.
5-бап. Ғарыш инфрақұрылымын құру және пайдалану жөніндегі ғарыш қызметінің түрлері
Қазақстан Республикасында ғарыш инфрақұрылымын құру және пайдалану мақсатында ғарыш қызметiнiң мынадай түрлерi жүзеге асырылады:
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
2) жобалау-конструкторлық және технологиялық әзірлемелер;
3) ғарыш техникасының эксперименттік, тәжірибелік және коммерциялық үлгілерін жасау және сынау;
4) ғарыш техникасын техникалық пайдалану, жөндеу және жаңғырту;
5) ғарыш объектілерін және техникалық құралдарды кәдеге жарату;
6) түпкі тұтынушыларға ғарыштық қызметтер көрсету.
6-бап. Ғарыш қызметінің материалдық және кадрлық негіздері
Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің материалдық және кадрлық негіздері мыналар болып табылады:
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ғылыми, ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік базалар;
2) жобалау-конструкторлық және өндірістік базалар;
3) ғарыш техникасын пайдалану жөніндегі база;
4) түпкі тұтынушыларға ғарыштық қызметтер көрсету жөніндегі база;
5) ғарыш қызметіне қатысушылардың кадрлық құрамы.
7-бап. Ғарыш қызметін қаржыландыру
Ғарыш қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш қызметі саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін үйлестіреді;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін бекітеді;
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар ұшыруды одан тыс жерлерде жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдер қабылдайды;
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) «Байқоңыр» ғарыш айлағын дамыту және экономикалық қолдау жөніндегі іс-шараларды айқындайды;
9) - 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) - 18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган):
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындайды;
2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда, одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлейді;
5) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекітеді;
6) ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды;
7) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады;
8) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
9) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады;
11) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекітеді;
12) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
13) ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізеді;
14) ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекітеді;
15) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекітеді;
16) өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-1) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
16-2) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
17) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді
18) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;
18-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекітеді;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін белгілейді;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін айқындайды;
22) 2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекітеді;
24) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындайды;
25) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді;
26) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысады;
27) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның ғарыш қызметі саласындағы қосарланған және әскери мақсаттағы жобаларды іске асыру жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып іске асырылады.
10-бап. Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптама
1. Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға міндетті салалық сараптама жүргізілуге тиіс.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы уәкілетті орган орындылығын, техникалық мүмкіндігін, экономикалық тиімділігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, ғарыш қызметi саласындағы техникалық регламенттер, халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырады.
3. Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптама уәкілетті органға жоба бойынша материалдар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Бастапқы сараптама жүргізілген кезде уәкілетті органның анықтаған ескертпелері жойылғаннан кейін ғарыш қызметі саласындағы жобаларға қайта жүргізілетін салалық сараптама жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
4. Ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысынсыз ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асыруға тыйым салынады.
11-бап. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
1. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi ғарыш объектілері, сондай-ақ осы ғарыш объектiлерiне құқықтар;
2) ғарыш кеңiстiгiне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесiлi ғарыш объектiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу деп ғарыш объектілерін есепке алу, мемлекеттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тану және растау актісі түсініледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу деп оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеместен, ғарыш объектілері тіркеліміндегі жазба түсініледі.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ғарыш объектілері ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттiк тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.
Мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.