Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республиканың әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетуге және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдалануға байланысты, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің өліміне алып келуі мүмкін организмнің қалыпты жұмыс істеуінен ауытқуға негізделген оқиға медициналық оқыс оқиға болып табылады.
2. Уәкілетті орган медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау нәтижелері бойынша мыналарды:
1) медициналық қызметтер көрсету стандарттары мен клиникалық хаттамаларды жаңартып отыруды;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету кезінде медициналық оқыс оқиға жағдайларын және сақтандыру жағдайларын жою және болғызбау жөнінде шаралар қабылдауды;
3) білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарын жетілдіруді;
4) медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
270-4-бап. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері және сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері
1. Сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларында белгіленеді.
2. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісінің есебінен жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру төлемінің мөлшері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты негізінде айқындалады және мынадай мөлшерден кем болмайды:
1) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, мынадай мүгедектіктің белгіленуіне алып келген зиян үшін:
үшінші топ - бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
екінші топ - алты жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
бірінші топ - сегіз жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
мүгедектігі бар бала - бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, оның өліміне алып келген зиян үшін үш мың еселенген айлық есептік көрсеткіш;
3) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, мүгедектік белгіленбеген зиян үшін ауруға байланысты нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ үш жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
4. Сақтандырылған медицина қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қозғалған жағдайда, ол адвокат қызметіне ақы төлеуге нақты жүзеге асырылған шығыстарды өтету үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына жүгінуге құқылы.
Бір денсаулық сақтау субъектісінің сақтандырылған медицина қызметкерлеріне олардың адвокаттар қызметтеріне ақы төлеуге жұмсаған шығыстарын өтеудің жиынтық сомасы жыл сайын медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша осы денсаулық сақтау субъектісі төлеген сақтандыру сыйлықақысы сомасының бес пайызынан аспауға тиіс.
Медицина қызметкерінің адвокат қызметіне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстары пациентке төленетін сақтандыру төлемінің мөлшеріне әсер етпейді.»;
14) 272-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Уәкілетті орган «Өз кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының әрбір аталымдағы жеңімпаздарына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінде біржолғы төлем береді.
«Өз кәсібінің үздігі» атағын беру қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3-2. Медицина қызметкерінің аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінде біржолғы төлем беріле отырып, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы беріледі.»;
5-тармақтың 15) тармақшасы 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
15) 273-баптың 4-тармағы 9) тармақшасындағы «сұрау салуы бойынша жол беріледі.» деген сөздер «сұрау салуы бойынша;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) сақтандыру жағдайының басталуын анықтау мақсатында тәуелсіз сараптама комиссиясына және бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушыға беруге жол беріледі.».
6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 24-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері;»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына ие болған медицина қызметкерлері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.»;
2) 25-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«- «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» - денсаулық сақтау саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне;».
7-тармақ 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің нысанасы болып табылатын сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша лицензиядан айырылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының міндеттемелерін қайта бөлуді қоса алғанда, қатысушыларды қосу және шығару рәсімдері;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының пулдың қызметі шеңберінде өзі қабылдаған міндеттемелерді орындаудан бас тартуына жол берілмейді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы өз қатысушыларының пул қызметі шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар да басқа қатысушылардың пул қызметі шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді.»;
2) 54-баптың 1-тармағының 2-6) тармақшасындағы «сақтандыру шартын жасасуға байланысты қызметтерді» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоспағанда, сақтандыру шартын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-8) және 14-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-8) ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындайды;
14-9) кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуді қамтамасыз етеді;».
9-тармақ 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды, темекі бұйымдарын имитациялайтын өнімдерді;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарына, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге, электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) және оларға арналған сұйықтықтарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу, соның ішінде жүлделі ұтыс ойындарын, лотереяларды ойнату нысанында;»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Заңның 14-2-бабының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауды қоспағанда, алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді, темекі және темекі бұйымын, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімнің, темекі және темекі бұйымының, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарының, қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) және оларға арналған сұйықтықтардың атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін және (немесе) атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.».
10. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасындағы «медициналық көмек көрсету» деген сөздер «медициналық қызметтер (көмек) көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-баптың 2-тармағының 26-18) тармақшасындағы «әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін» деген сөздер «Қарулы Күштердің әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 24-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «медициналық көмек көрсету» деген сөздер «медициналық қызметтер (көмек) көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтағы «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында» деген сөздер «медициналық қызметтерді (көмекті), оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсету саласында» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 8-1-тармағы «әскери қызметшілердің» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 25-2) тармақшамен толықтырылсын:
«25-2) әскери резидент-дәрігер - медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алып жатқан әскери қызметші;»;
2) 8-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «келтірмейтін» деген сөзден кейін «медициналық,» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 18-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы «әскери интерндерінің» деген сөздерден кейін «, әскери резидент-дәрігерлерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 21-бапта:
4-1-тармақтың екінші бөлігі «докторант» деген сөзден кейін «, әскери резидент-дәрігер» деген сөздермен толықтырылсын;
4-2-тармақтың екінші бөлігіндегі «не докторанты» деген сөздер «докторанты, әскери резидент-дәрігері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 26-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы «әскери интерндерді,» деген сөздерден кейін «әскери резидент-дәрігерлерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 38-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мыналарды:
әйелдерді;
медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар ерлерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруге не әскери кафедрада оқудан немесе әскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.»;
7) 39-баптың 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери-медицина факультетінің курсанттарына «медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін не үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасының бесінші оқу жылын аяқтағаннан кейін беріледі.
Әскери интернатура бағдарламалары бойынша не үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасының алтыншы курсында оқуын жалғастыратын әскери қызметшілер әскери интернінің ауыспалы құрамының әскери лауазымында әскери қызмет өткереді.»;
8) 39-1-бапта:
3-тармақ «сақтала отырып,» деген сөздерден кейін «әскери резидент-дәрігер,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Магистрант» деген сөз «Әскери резидент-дәрігер, магистрант» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 40-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «жылына» деген сөзден кейін «, әскери резидент-дәрігерлер үшін - әскери қызметтің он жылына» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 44-баптың 5-1-тармағының төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық көрсетілімдер болған кезде әскери қызметшіге құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаражаты есебінен санаторийлік-курорттық емдеу ұсынылады.»;
11) 46-баптың 1-тармағында:
төртінші бөлік «әскери интерндерге,» деген сөздерден кейін «әскери резидент-дәрігерлерге,» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік «Әскери интерндердің,» деген сөздерден кейін «әскери резидент-дәрігерлердің,» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Медициналық әскери-есептік мамандыққа сәйкес келетін лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін атқаруға кедергі келтірмейтін ақылы медициналық қызметпен айналысуға құқылы.».
14-тармақ 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 6-тармағындағы «Сақтандыру агенттері» деген сөздер «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру агенттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 41-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 1-тармағының талабы мәліметтері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бөлігінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға және осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) және 46) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.».
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 3-тармағын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 10) және 11) тармақшаларын және 9-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын, 5-тармағы 2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 4), 5) және 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының төртінші абзацын, 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 12) тармақшасының он төртінші абзацын, 13) және 15) тармақшаларын, 7 және 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 19 сәуір
№ 74-VІІІ ҚРЗ